Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области оборота ядов, вооружения, военной техники и отдельных видов оружия, взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением

Бұйрық · № 429 · қабылданған 28.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69519/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области оборота ядов, вооружения, военной техники и отдельных видов оружия, взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением Күшін жойған Бұйрық ·№ 429 ·28.11.2012
29.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области оборота ядов, вооружения, военной техники и отдельных видов оружия, взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением

Күшін жойған Бұйрық ·№ 429 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области оборота ядов, вооружения, военной техники и отдельных видов оружия, взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением
Атауы (қаз.)
Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айнылымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
429
Қабылданған күні
28.11.2012
Көрсетілген редакция
29.04.2014 AI69519_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008205
ЭКБ идентификаторы
69519
Редакция идентификаторы
AI69519_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:44

0 Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айнылымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Е.Ғ. Кәрібаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3

3. «Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 тамыздағы № 242 және Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 171 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (2011 жылғы 22 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған № 449-450 (26843) нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2010 жылғы 8 қазанда № 6528 тіркелген).

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

5 Улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің               Экономикалық даму және
орынбасары – Қазақстан            сауда министрі
Республикасы Индустрия            ______________ Е. Досаев
және жаңа технологиялар
министрі
______________ Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрінің
2012 жылғы 28 қарашадағы № 429
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда министрінің
2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 328
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

1 1. Осы улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген.

2 2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) тәуекел - зардаптардың ауырлық дәрежесін ескере отырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдылығы;

2 2) бақылау субъектілері - уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою қызмет түрлерін атқаруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар.

3 3. Улар айналымы саласындағы Өлшемдер мыналарға бөлінеді:

1 1) объективтік, бақылау субъектілерінің жүзеге асыратын қызмет түрлеріне байланысты тәуекелдердің маңыздылығына негізделген;

2 2) субъективтік, тексерулер нәтижелері бойынша анықталған бақылау субъектілерінің лицензиялау саласындағы заңнаманы бұзушылыққа жол беруіне байланысты анықталады.

4 4. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарына бастапқы жатқызу объективтік өлшемдер есебімен жүзеге асырылады.

5 5. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарына одан кейінгі жатқызу субъективтік өлшемдер есебімен жүзеге асырылады.

6 6. Улар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемдерін есепке ала отырып, тексерілетін субъектілер:

1 1) тәуекелдің жоғарғы тобына:

уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жоюды;
уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады;

2 2) тәуекелдің орташа тобына уларды сатып алу, сақтау, өткізуді жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады;

3 3) объективтік өлшемдер бойынша тәуекелдің төменгі тобына бақылау субъектілері жатқызылмайды.

7 7. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына кейіннен бөлу улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

8 8. Тәуекел өлшемдері бойынша балдар жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшін жинақталады.

9 9. Жиынтық қорытынды нәтижелері тәуекелдің тиісті дәрежелері бойынша тексерілетін субъектілерді мынадай тәртіпте бөлу үшін пайдаланылады:

1 1) жоғары тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 7 және одан асатын бал жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;

2 2) орташа тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 3-тен 6 балға дейін жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;

3 3) елеусіз тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 0-ден 2 балға дейін жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;

4 4) тәуекелдің жоғары дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің орташа және төменгі дәрежелеріне ауыстырылуы мүмкін;

5 5) тәуекелдің орташа дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің төменгі дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін;

6 6) тәуекелдің орташа және елеусіз дәрежесіндегі бақылау субъектілері анағұрлым жоғары және анағұрлым төменгі дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін;

7 7) тәуекелдің елеусіз дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің орташа дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін.

10 10. Тәуекелдің бір тобы ішінде жоспарлы тексеру өткізуге тексерілетін субъектілерді іріктеу мынадай қағидат бойынша жүзеге асырылады:

1 1) анағұрлым үлкен тексерілмеген кезең;

2 Улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

2) жинаған балдарының анағұрлым үлкен саны.
Улар айналымы саласындағы
жеке кәсіпкерлік аясында
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемдеріне
қосымша
Улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Өл­шем­дер
Бал­дар
1
2
3
Улар­ды өн­ді­ру, өң­деу, сақ­тау, өт­кі­зу, жою
1.
Же­ке мен­шік құқы­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за мен мы­на­лар­дың бол­мауы:
тех­но­ло­ги­я­лық же­лі
5
сы­нақ зерт­ха­на­сы
5
ма­ман­дан­ды­ры­л­ған өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат
7
ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма
7
жұ­мыс іс­тей­тін пер­со­нал­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған қыз­мет­тік үй-жай.
2
2.
Улар­ды дай­ын­да­у­ға және өң­де­у­ге ар­нал­ған тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­тің бол­мауы;
7
3.
Мы­на­лар­ды:
жаб­дық­тар­ды, ме­ха­низмдер­ді, тех­но­ло­ги­я­лық же­лі­лер­ді пай­да­ла­ну мен тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді
3
ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гін ба­қы­лау мен қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғауды
3
ме­ди­ци­на­лық ба­қы­ла­уды
3
мет­ро­ло­ги­я­лық ба­қы­ла­уды
3
улар­дың есеп­ке алы­нуын қам­та­ма­сыз ете­тін қыз­мет­тер­дің бол­мауы.
3
4.
Ти­іс­ті ар­найы бі­лі­мі, ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де бір жыл прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі бар, өнер­к­ә­сіп қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ат­те­стат­та­ған оқу ұй­ы­мын­да өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік ере­же­сін оқу­дан және бі­лі­мін тек­се­ру­ден өт­кен ма­ман­дар­дың, ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық қыз­мет­кер­лер­дің және улар­мен жұ­мыс іс­тей­тін жұ­мыс­шы пер­со­нал­дың бі­лік­ті құ­ра­мы­ның бол­мауы;
7
5.
Кү­зет қыз­ме­тіне ар­нал­ған ли­цен­зия неме­се өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­ны кү­зе­ту­ге кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен шар­ттың бол­мауы;
7
6.
Ар­найы қор­ға­ныш ки­і­мі, же­ке қор­ға­ныш құ­рал­да­ры­ның бол­мауы;
7
7.
Ұй­ым­ның бас­шы­сы бе­кіт­кен улар­ды өн­ді­ру, өң­деу, сақ­тау, өт­кі­зу, жою жұ­мыста­рын жүр­гі­зу ке­зін­де ық­ти­мал ава­ри­я­лар­ды жою жос­па­ры­ның бол­мауы;
5
8.
Ұй­ым­ның бас­шы­сы бе­кіт­кен улар­ды өн­ді­ру, өң­деу, сақ­тау, өт­кі­зу, жою жұ­мыста­рын қа­уіп­сіз жүр­гі­зу бой­ын­ша нұс­қа­улық­тың бол­мауы.
5
Улар­ды са­тып алу, сақ­тау, өт­кі­зу, пай­да­ла­ну
1.
Же­ке мен­шік құқы­ғын­да­ғы неме­се өзге де заң­ды негіз­де­гі өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за мен мы­на­лар­дың бол­мауы:
сы­нақ зерт­ха­на­сы
5
ар­найы өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат
7
өн­ді­рі­стің тех­ни­ка­лық жо­ба­сы­на сәй­кес улар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма (үй-жай) неме­се ма­ман­дан­ды­ры­л­ған сый­ым­ды­лық­тың бол­мауы
7
жұ­мыс­шы пер­со­нал­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған қыз­мет­тік үй-жай­ы­ның бол­мауы.
2
2.
Мы­на­лар­ды:
жаб­дық­тар­ды, ме­ха­низмдер­ді, тех­но­ло­ги­я­лық же­лі­лер­ді пай­да­ла­ну мен тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді
3
ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гін ба­қы­лау мен қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғауды
3
ме­ди­ци­на­лық ба­қы­ла­удың бол­мауы
3
мет­ро­ло­ги­я­лық ба­қы­ла­удың бол­мау
3
улар­дың есеп­ке алы­нуын қам­та­ма­сыз ете­тін қыз­мет­тер­дің бол­мауы.
3
3.
Ти­іс­ті ар­найы бі­лі­мі ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де бір жыл прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі бар, өнер­к­ә­сіп қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ат­те­стат­та­ған оқу ұй­ы­мын­да өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік ере­же­сін оқу­дан және бі­лі­мін тек­се­ру­ден өт­кен ма­ман­дар­дың, ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық қыз­мет­кер­лер­дің және улар­мен жұ­мыс іс­тей­тін жұ­мыс­шы пер­со­нал­дың бі­лік­ті құ­ра­мы­ның бол­мауы
3
4.
Кү­зет қыз­ме­тіне ар­нал­ған ли­цен­зия неме­се кү­зе­ту­ге өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­ның ие­сі мен кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­ның ара­сын­да­ғы шар­ттың кө­шір­ме­сі­нің бол­мауы
7
5.
Ар­найы қор­ға­ныш ки­і­мі, же­ке қор­ға­ныш құ­рал­да­ры­ның бол­мауы
7
6.
Ұй­ым­ның бас­шы­сы бе­кіт­кен улар­ды са­тып алу, сақ­тау, өт­кі­зу, пай­да­ла­ну жұ­мыста­рын жүр­гі­зу ке­зін­де ық­ти­мал ава­ри­я­лар­ды жою жос­па­ры­ның бол­мауы
5
7.
Ұй­ым­ның бас­шы­сы бе­кіт­кен улар­ды са­тып алу, сақ­тау, өт­кі­зу, пай­да­ла­ну жұ­мыста­рын қа­уіп­сіз жүр­гі­зу бой­ын­ша нұс­қа­улық­тың бол­мауы.
5
Улар­ды са­тып алу, сақ­тау, өт­кі­зу
1.
Же­ке мен­шік құқы­ғын­да улар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма­ның бол­мауы
7
2.
Мы­на­лар­ды:
ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гін ба­қы­лау мен қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғаудың
3
ме­ди­ци­на­лық ба­қы­ла­уды
3
улар­дың есеп­ке алы­нуын қам­та­ма­сыз ете­тін қыз­мет­тер­дің бол­мауы.
3
3.
Ти­іс­ті ар­найы бі­лі­мі, ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де бір жыл прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі бар, өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­да ат­те­стат­та­ған оқу ұй­ы­мын­да өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік ере­же­сін оқу­дан және бі­лі­мін тек­се­ру­ден өт­кен ма­ман­дар­дың, ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық қыз­мет­кер­лер­дің және улар­мен жұ­мыс іс­тей­тін жұ­мыс­шы пер­со­нал­дың бі­лік­ті құ­ра­мы­ның бол­мауы
7
4.
Кү­зет қыз­ме­тіне ар­нал­ған ли­цен­зия неме­се ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма­ны кү­зе­ту­ге кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен шар­ттың бол­мау
7
5.
Ар­найы қор­ға­ныш ки­і­мі­нің, же­ке қор­ға­ныш құ­рал­да­ры­ның бол­мауы
7
6.
ұй­ым­ның бас­шы­сы бе­кіт­кен улар­ды са­тып алу, сақ­тау, өт­кі­зу жұ­мыста­рын қа­уіп­сіз жүр­гі­зу бой­ын­ша нұс­қа­улық­тың бол­мауы.
5
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрінің
2012 жылғы 28 қарашадағы № 429
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда министрінің
2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 328
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

1

1. Осы қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген.

2 2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) тәуекел – оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

2 2) бақылау субъектілері - мынадай қызмет түрлеріне лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар:

босатылған оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу.

3 3. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы Өлшемдер мыналарға бөлінеді:

1 1) объективтік, бақылау субъектілерінің жүзеге асыратын қызмет түрлеріне байланысты тәуекелдердің маңыздылығына негізделген;

2 2) субъективтік, тексерулер нәтижелері бойынша анықталған бақылау субъектілерінің лицензиялау саласында заңнаманы бұзушылыққа жол беруіне байланысты айқындалған.

4 4. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарға бастапқы жатқызу объективтік өлшемдер есебімен, жүзеге асырылады.

5 5. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарға одан кейінгі жатқызу субъективтік өлшемдер есебімен, жүзеге асырылады.

6 6. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерінің объективті есебімен, тексерілетін субъектілер:

1 1) тәуекелдің жоғары тобына мыналарды жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады:

босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу;
монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру;
монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды жөндеу;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алу;

2 2) тәуекелдің орташа тобына мыналарды жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады:

монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткiзу;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу;

3 3) Бақылау субъектілері объективтік өлшемдер бойынша тәуекелдің төменгі тобына жатқызылмайды.

7 7. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына кейінгі бөлу Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

8 8. Тәуекел өлшемдерінің балдары жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшін жинақталады.

9 9. Жиынтық қорытынды нәтижелері тиісті тәуекел дәрежелері не тексерілетін субъектілерді бөлу үшін мынадай тәртіпте пайдаланылады:

1 1) жоғары тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 7 және одан асатын бал жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;

2 2) орташа тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 3-тен 6 балды қоса алғанда жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;

3 3) елеусіз тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 0-ден 2 балды қоса алғанда жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;

4 4) тәуекелдің жоғары дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің орташа және төменгі дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін;

5 5) тәуекелдің орташа дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің төменгі дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін;

6 6) тәуекелдің орташа және елеусіз дәрежесіндегі бақылау субъектілері анағұрлым жоғары және анағұрлым төменгі дәрежеге ауыстырылуы мүмкін;

7 7) тәуекелдің елеусіз дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің орташа дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін.

10 10. Бір тәуекел тобы ішінде жоспарлы тексеру өткізуге тексерілетін субъектілерді іріктеу мынадай қағидат бойынша жүзеге асырылады:

1 1) анағұрлым үлкен тексерілмеген кезең;

2 Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

2) жинаған балдарының анағұрлым үлкен саны.
Қару-жарақ, әскери техника мен
жекелеген қару түрлері,
жарылғыш және пиротехникалық
заттар мен олар қолдана отырып
жасалған бұйымдар айналымы
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемдеріне
қосымша
Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Өл­шем­дер
Бал­дар
1
2
3
Мон­таж­да­уды, рет­те­удi, жа­ңар­ту­ды, ор­на­ту­ды, пай­да­ла­ну­ды, сақ­та­уды, жөн­де­удi және сер­ви­стiк қыз­мет көр­се­тудi қо­са ал­ған­да, оқ-дәрiлер­дi, қа­ру-жа­рақ пен әс­ке­ри тех­ни­ка­ны, олар­дың қо­сал­қы бөл­шек­терiн, жиын­тық­та­у­шы бұй­ым­да­ры мен ас­пап­та­рын, ар­найы ма­те­ри­ал­дар­ды, олар­ды өн­дiру­ге ар­нал­ған жаб­дық­тар­ды әзiр­леу, өн­дi­ру
1.
Заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры, оның фи­ли­а­лы­ның бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры, сон­дай-ақ ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­са­тын же­ке тұл­ға үшін жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім­нің бол­мауы;
2
2.
Ти­іс­ті тех­ни­ка­лық бі­лі­мі, ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де бір жыл жұ­мыс өті­лі бар бі­лік­ті ма­ман­дар­дың бол­мауы;
7
3.
Қыз­мет­тің көр­се­ті­л­ген кі­ші тү­ріне қа­ты­сты әзір­леу және өн­ді­ру мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­тар жиын­тығы тү­рін­де­гі ғы­лы­ми ба­за­ның бол­мауы;
5
4.
Мы­на­лар­ды:
ар­найы өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тың бол­мауы
7
жаб­дық­тар­ды, стен­ді­ні, кө­тер­гіш ме­ха­низ­мнің бол­мауы
7
әзір­лен­ген және өн­ді­рі­ле­тін өнім­ді сақ­тау және олар­ға ба­қы­лау сы­нақ­та­рын жүр­гізу­ге ар­нал­ған ар­найы жаб­дық­тал­ған аумақ­тар мен үй-жай­лар­дың бол­мауы
7
жұ­мыс­шы пер­со­нал­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған қыз­мет­тік үй-жай­лар­ды қам­ти­тын же­ке мен­шік құқы­ғын­да­ғы неме­се өзге де заң­ды негіз­де­гі қор­шал­ған, оқ­ша­у­лан­ған өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­сы­ның бол­мауы.
2
5.
Қыз­мет­тің мә­лім­дел­ген тү­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды құ­рай­тын мә­лі­мет­тер пай­да­ла­ны­ла­тын жұ­мысқа Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің неме­се оның аумақ­тық ор­ган­да­ры­ның рұқ­са­ты­ның бол­мауы
2
6.
Пай­да­ла­ну шар­тта­ры­на және олар үшін бел­гі­лен­ген өл­шем құ­рал­да­рын қам­та­ма­сыз ету ту­ра­лы заң­на­ма­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін өл­шем құ­рал­да­ры, оның ішін­де ра­ди­а­ци­я­ны өл­шеу құ­рал­да­ры­ның бол­мауы
5
7.
Қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зия неме­се қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен ке­лі­сім­нің бол­мауы
3
8.
Ұй­ым­ның бас­шы­сы бе­кіт­кен әзір­леу, өн­ді­ру жұ­мыста­рын қа­уіп­сіз жүр­гі­зу жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тың бол­мауы
5
9.
Ма­те­ри­ал­дар­ды, жар­ты­лай фаб­ри­кат­тар­ды (әзір­ле­ме­лер­ді), жи­нақ­та­у­шы бөл­шек­тер­ді, дай­ын және жа­рам­сыз бұй­ым­дар­ды есеп­ке алу және сақ­тау жө­нін­де­гі жур­нал­дың бол­мауы
2
10.
Кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зия не оқ-дә­рі­мен аты­ла­тын қа­ру­ды пай­да­ла­на оты­рып кү­зе­ту­ге ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма­ны ие­ле­ну­ші мен кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­ның ара­сын­да­ғы ке­лі­сім­нің кө­шір­ме­сі­нің бол­мауы.
3
Мон­таж­да­уды, рет­те­удi, жа­ңар­ту­ды, ор­на­ту­ды, пай­да­ла­ну­ды, сақ­та­уды, жөн­де­удi және сер­ви­стiк қыз­мет көр­се­тудi қо­са ал­ған­да, оқ-дәрiлер­дi, қа­ру-жа­рақ пен әс­ке­ри тех­ни­ка­ны, олар­дың қо­сал­қы бөл­шек­терiн, жиын­тық­та­у­шы бұй­ым­да­ры мен ас­пап­та­рын, ар­найы ма­те­ри­ал­дар­ды, олар­ды өн­дiру­ге ар­нал­ған жаб­дық­тар­ды жөн­деу
1.
Заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры, оның фи­ли­а­лы­ның бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры, сон­дай-ақ ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­са­тын же­ке тұл­ға үшін жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім­нің бол­мауы
2
2.
Ти­іс­ті тех­ни­ка­лық бі­лі­мі, ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де бір жыл жұ­мыс өті­лі бар бі­лік­ті ма­ман­дар­дың бол­мауы
7
3.
Қыз­мет­тің көр­се­ті­л­ген кі­ші тү­ріне қа­ты­сты әзір­леу және өн­ді­ру мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­тар жиын­тығы тү­рін­де­гі ғы­лы­ми ба­за
5
4.
Мы­на­лар­ды:
ар­найы өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тың бол­мауы
7
жаб­дық­тар­ды, стен­ді­ні, кө­тер­гіш ме­ха­низ­мнің бол­мауы
7
жөн­деу жүр­гі­зі­л­ген­нен кей­ін өнім­ді сақ­тау және олар­ға ба­қы­лау сы­нақ­та­рын жүр­гізу­ге ар­нал­ған ар­найы жаб­дық­тал­ған аумақ­тар мен үй-жай­лар­дың бол­мауы
7
жұ­мыс­шы пер­со­нал­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған қыз­мет­тік үй-жай­лар­ды қам­ти­тын же­ке мен­шік құқы­ғын­да­ғы қор­шал­ған, оқ­ша­у­лан­ған өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­сы­ның бол­мауы.
2
5.
Қыз­мет­тің мә­лім­дел­ген тү­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды құ­рай­тын мә­лі­мет­тер пай­да­ла­ны­ла­тын жұ­мысқа Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің неме­се оның аумақ­тық ор­ган­да­ры­ның рұқ­са­ты­ның бол­мауы
2
6.
Пай­да­ла­ну шар­тта­ры­на және олар үшін бел­гі­лен­ген өл­шем құ­рал­да­рын қам­та­ма­сыз ету ту­ра­лы заң­на­ма­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін өл­шем құ­рал­да­ры, оның ішін­де ра­ди­а­ци­я­ны өл­шеу құ­рал­да­ры­ның бол­мауы
5
7.
Қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зия неме­се қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен ке­лі­сім­нің бол­мауы
3
8.
Ұй­ым­ның бас­шы­сы бе­кіт­кен әзір­леу, өн­ді­ру жұ­мыста­рын қа­уіп­сіз жүр­гі­зу жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тың бол­мауы
2
9.
Ма­те­ри­ал­дар­ды, жар­ты­лай фаб­ри­кат­тар­ды (әзір­ле­ме­лер­ді), жи­нақ­та­у­шы бөл­шек­тер­ді, дай­ын және жа­рам­сыз бұй­ым­дар­ды есеп­ке алу және сақ­тау жө­нін­де­гі жур­нал­дың бол­мауы
5
10.
Кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зия не оқ-дә­рі­мен аты­ла­тын қа­ру­ды пай­да­ла­на оты­рып кү­зе­ту­ге ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма­ны ие­ле­ну­ші мен кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­ның ара­сын­да­ғы ке­лі­сім­нің бол­мауы.
7
Мон­таж­да­уды, рет­те­удi, жа­ңар­ту­ды, ор­на­ту­ды, пай­да­ла­ну­ды, сақ­та­уды, жөн­де­удi және сер­ви­стiк қыз­мет көр­се­тудi қо­са ал­ған­да, оқ-дәрiлер­дi, қа­ру-жа­рақ пен әс­ке­ри тех­ни­ка­ны, олар­дың қо­сал­қы бөл­шек­терiн, жиын­тық­та­у­шы бұй­ым­да­ры мен ас­пап­та­рын, ар­найы ма­те­ри­ал­дар­ды, олар­ды өн­дiру­ге ар­нал­ған жаб­дық­тар­ды са­тып алу және өт­кi­зу
1.
Заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры, оның фи­ли­а­лы­ның бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры, сон­дай-ақ ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­са­тын же­ке тұл­ға үшін жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім­нің бол­мауы
2
2.
Ти­іс­ті тех­ни­ка­лық бі­лі­мі, ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де бір жыл жұ­мыс өті­лі бар бі­лік­ті ма­ман­дар­дың бол­мауы
7
3.
Же­ке мен­шік құқы­ғын­да­ғы оқ-дә­рі­лер­ді, қа­ру-жа­рақ пен әс­ке­ри тех­ни­ка­ны, олар­дың қо­сал­қы бөл­шек­те­рін, жи­нақ­та­у­шы бұй­ым­да­ры мен ас­пап­та­рын сақ­та­у­ға ар­нал­ған, қор­шал­ған, оқ­ша­у­лан­ған, ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма­ның бол­мауы
7
4.
Қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зия неме­се қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен ке­лі­сім­нің бол­мауы
3
5.
Қыз­мет­тің мә­лім­дел­ген тү­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­на оты­рып, жұ­мыс жүр­гізу­ге Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің неме­се оның аумақ­тық ор­ган­да­ры­ның рұқ­са­ты­ның бол­мауы
2
6.
Оқ-дә­рі­лер­ді, қа­ру-жа­рақ пен әс­ке­ри тех­ни­ка­ны, олар­дың қо­сал­қы бөл­шек­те­рін, жи­нақ­та­у­шы бұй­ым­да­ры мен ас­пап­та­рын, сон­дай-ақ мон­таж­да­уды, рет­те­уді, мо­дер­ни­за­ци­я­ла­уды, ор­на­ту­ды, пай­да­ла­ну­ды, сақ­та­уды, жөн­де­уді және сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ді қо­са ал­ған­да, олар­ды өн­ді­ру­ге ар­нал­ған ар­найы ма­те­ри­ал­дар­ды, жаб­дық­тар­ды есеп­ке алу және сақ­тау жө­нін­де­гі жур­нал­дың бол­мауы
2
7.
Кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зия не оқ-дә­рі­мен аты­ла­тын қа­ру­ды пай­да­ла­на оты­рып кү­зе­ту­ге ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма­ны ие­ле­ну­ші мен кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­ның ара­сын­да­ғы ке­лі­сім­нің бол­мауы.
7
Жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар мен олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды әзір­леу
1.
Заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры, оның ішін­де оның фи­ли­а­лы­ның бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры, сон­дай-ақ ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­са­тын же­ке тұл­ға үшін жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім, жа­ру­шы­ның бі­рың­ғай кі­тап­ша­сы­ның бол­мауы
2
2.
Тех­ни­ка­лық бі­лі­мі, жа­ру­шы­ның бі­рың­ғай кі­тап­ша­сы, ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де бір жыл жұ­мыс өті­лі бар, өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ат­те­стат­та­ған оқу ұй­ы­мын­да өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік қа­ғи­да­ла­рын оқу­дан және бі­лі­мін тек­се­ру­ден өт­кен бі­лік­ті ма­ман­дар­дың бол­мауы
7
3.
Же­ке мен­шік құқы­ғын­да қор­шал­ған, оқ­ша­у­лан­ған өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­ның және мы­на­лар­дың:
сы­нақ зерт­ха­на­сы­ның бол­мауы
5
ар­найы өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тың бол­мауы
7
ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма­ның бол­мауы
7
жұ­мыс­шы пер­со­нал­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған қыз­мет­тік үй-жай­ды қам­ти­тын өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­сы­ның бол­мауы.
2
4.
Қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зия не қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен шар­ттың бол­мауы
3
5.
Ұй­ым­ның бас­шы­сы бе­кіт­кен жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар мен олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­дың тә­жі­ри­бе­лік үл­гі­сін әзір­леу жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды қа­уіп­сіз жүр­гі­зу жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тың бол­мауы
5
6.
Ма­те­ри­ал­дар­ды, жар­ты­лай фаб­ри­кат­тар­ды (әзір­ле­ме­лер­ді), жи­нақ­та­у­шы бөл­шек­тер­ді, бұй­ым­дар­ды есеп­ке алу және сақ­тау бой­ын­ша жур­нал­дың бол­мауы
2
7.
Аумақ­тық іш­кі іс­тер ор­га­ны бер­ген жа­ры­л­ғыш заттар­ды сақ­та­у­ға рұқ­сат­тың бол­мауы
2
8.
Кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зия не кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­ны оқ-дә­рі­мен аты­ла­тын қа­ру­ды пай­да­ла­на оты­рып кү­зе­ту­ге ар­нал­ған шар­ттың бол­мауы.
7
Жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар мен олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды өн­ді­ру
1.
Заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сын­да неме­се оның орын­ба­са­ры, оның ішін­де оның фи­ли­а­лы­ның бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры, сон­дай-ақ ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­са­тын же­ке тұл­ға үшін жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім, жа­ру­шы­ның бі­рың­ғай кі­тап­ша­сы­ның бол­мауы
2
2
Ти­іс­ті тех­ни­ка­лық бі­лі­мі, жа­ру­шы­ның бі­рың­ғай кі­тап­ша­сы, ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де бір жыл жұ­мыс өті­лі бар, өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ат­те­стат­та­ған оқу ұй­ы­мын­да өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік қа­ғи­да­ла­рын оқу­дан және бі­лі­мін тек­се­ру­ден өт­кен:
7
жаб­дық­тар­ды, ме­ха­низмдер­ді, құ­ры­л­ғы­лар­ды, жа­рақ­тар­ды, кө­лік­ті, ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры мен ав­то­ма­ти­ка­ны пай­да­ла­ну­ды және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді
3
ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гін, тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­тің орын­да­луын, пе­ри­метр мен қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғауды ба­қы­ла­уды
3
мет­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету­ді, кі­ру ба­қы­ла­уы мен дай­ын өнім са­па­сын қам­та­ма­сыз ете­тін бі­лік­ті ма­ман­дар­дың бол­мауы
3
3.
Ұй­ым­ның бас­шы­сы бе­кіт­кен жа­ры­л­ғыш заттар­ды дай­ын­да­у­ға ар­нал­ған тех­но­ло­ги­я­лық про­це­стің ре­гла­мен­ті мен жұ­мыстар­ды қа­уіп­сіз жүр­гі­зу жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тың бол­мауы
5
4.
Же­ке мен­шік құқы­ғын­да өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­ның неме­се өзге заң­ды негіз­де қор­шал­ған, оқ­ша­у­лан­ған және мы­на­лар­дың:
сы­нақ зерт­ха­на­сы­ның бол­мауы
5
ар­найы өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тың бол­мауы
7
ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма­ның бол­мауы
7
жұ­мыс­шы пер­со­нал­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған қыз­мет­тік үй-жай­дың бол­мауы.
2
5.
Қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зия не қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен шар­ттың бол­мауы.
3
6
Ма­те­ри­ал­дар­ды, жар­ты­лай фаб­ри­кат­тар­ды (әзір­ле­ме­лер­ді), жи­нақ­та­у­шы бөл­шек­тер­ді, дай­ын және жа­рам­сыз бұй­ым­дар­ды есеп­ке алу және сақ­тау бой­ын­ша жур­нал­дың бол­мауы
2
7.
Аумақ­тық іш­кі іс­тер ор­га­ны бер­ген жа­ры­л­ғыш заттар­ды сақ­та­у­ға рұқ­сат­тың бол­мауы;
2
8.
Кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зия не өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­ның ие­сі мен кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым ара­сын­да оқ-дә­рі­мен аты­ла­тын қа­ру­ды пай­да­ла­на оты­рып кү­зе­ту­ге ар­нал­ған шарт кө­шір­ме­сі­нің бол­мауы.
7
Жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар мен олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды са­тып алу және өт­кі­зу
1.
Заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры, оның ішін­де оның фи­ли­а­лы­ның бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры, сон­дай-ақ ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­са­тын же­ке тұл­ға үшін жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім, жа­ру­шы­ның бі­рың­ғай кі­тап­ша­сы­ның бол­мауы
2
2.
Ти­іс­ті тех­ни­ка­лық бі­лі­мі, жа­ру­шы­ның бі­рың­ғай кі­тап­ша­сы, ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де бір жыл жұ­мыс өті­лі бар, өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ат­те­стат­та­ған оқу ұй­ы­мын­да өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік қа­ғи­да­ла­рын оқу­дан және бі­лі­мін тек­се­ру­ден өт­кен бі­лік­ті ма­ман­дар­дың бол­мауы
7
3.
Же­ке мен­шік құқы­ғын­да қор­шал­ған, оқ­ша­у­лан­ған, жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар­ды және олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма­ның бол­мауы
7
4.
Қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зия не қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен шар­ттың бол­мауы
3
5.
Жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар­ды және олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды есеп­ке алу және сақ­тау бой­ын­ша жур­нал­дың бол­мауы
2
6.
Аумақ­тық іш­кі іс­тер ор­га­ны бер­ген жа­ры­л­ғыш заттар­ды сақ­та­у­ға рұқ­сат
2
7.
Кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зия не кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма­ны оқ-дә­рі­мен аты­ла­тын қа­ру­ды пай­да­ла­на оты­рып кү­зе­ту­ге ар­нал­ған кү­зет қыз­ме­тіне шарт.
7
Жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар мен олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды өзі­нің өн­ді­рі­стік мұқ­та­жы үшін са­тып алу
1.
Заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры, оның ішін­де оның фи­ли­а­лы­ның бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры, сон­дай-ақ ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­са­тын же­ке тұл­ға үшін жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім, жа­ру­шы­ның бі­рың­ғай кі­тап­ша­сы
2
(Пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар­ды және олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды өзі­нің өн­ді­рі­стік мұқ­та­жы үшін са­тып ала­тын ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу­ші субъ­ек­ті­лер үшін осы тар­мақ­ша­сы бой­ын­ша мә­лі­мет­тер­ді ұсы­ну та­лап етіл­мей­ді)
2.
Ти­іс­ті тех­ни­ка­лық бі­лі­мі, жа­ру­шы­ның бі­рың­ғай кі­тап­ша­сы, ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де бір жыл жұ­мыс өті­лі бар, өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ат­те­стат­та­ған оқу ұй­ы­мын­да өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік қа­ғи­да­ла­рын оқу­дан және бі­лі­мін тек­се­ру­ден өт­кен бі­лік­ті ма­ман­дар (Пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар­ды және олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды өзі­нің өн­ді­рі­стік мұқ­та­жы үшін са­тып ала­тын ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу­ші субъ­ек­ті­лер үшін осы тар­мақ­ша­сы бой­ын­ша жа­ру­шы­ның бі­рың­ғай кі­тап­ша­сы­ның бі­лік­ті ма­ман­дар бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ұсы­ну та­лап етіл­мей­ді)
7
3.
Же­ке мен­шік құқы­ғын­да неме­се өзге заң­ды негіз­де қор­шал­ған, оқ­ша­у­лан­ған, жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар­ды және олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма
7
4.
Қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зия не қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен шарт
3
5.
Жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар­ды және олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды есеп­ке алу және сақ­тау бой­ын­ша жур­нал
2
6.
Аумақ­тық іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның жа­ры­л­ғыш заттар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған рұқ­сат
2
7.
Кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зия не ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма­ның ие­сі мен ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым ара­сын­да оқ-дә­рі­мен аты­ла­тын қа­ру­ды пай­да­ла­на оты­рып кү­зе­ту­ге ар­нал­ған шарт кө­шір­ме­сі.
7
Боса­ты­ла­тын оқ-дә­рі­лер­ді жою (құр­ту, кә­де­ге жа­ра­ту, кө­му) және қай­та өң­деу
1.
Заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сын­да неме­се оның орын­ба­са­рын­да, оның ішін­де оның фи­ли­а­лы­ның бас­шы­сын­да неме­се оның орын­ба­са­рын­да, сон­дай-ақ ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рін жү­зе­ге асы­ра­тын же­ке тұл­ға­да жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лі­мі;
2
2.
Ти­іс­ті тех­ни­ка­лық бі­лі­мі, ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де бір жыл жұ­мыс өті­лі бар бі­лік­ті ма­ман­дар;
7
3.
Же­ке мен­шік (ста­ци­о­нар­лық және (неме­се) ұт­қыр) неме­се жал­ға бе­ру құқы­ғын­да­ғы қор­шал­ған, оқ­ша­у­лан­ған және мы­на­лар­ды қам­ти­тын өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­сы:
ар­найы өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат, құ­ры­лыс және (неме­се) кон­тей­нер­лік тип­те­гі ұт­қыр мо­дуль, кө­тер­гіш ме­ха­низм, жаб­дық­тар
3
боса­ты­ла­тын оқ-дә­рі­лер мен олар­дың құ­ра­уы­шта­рын сақ­та­у­ға
2
ар­нал­ған най­за­ғай бұр­ғы­шы бар кон­тур­лы най­за­ғай­дан қор­ғау жүй­е­сі­мен жаб­дық­тал­ған ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма
боса­ты­ла­тын оқ-дә­рі­лер­дің қал­дық­та­рын және қай­та өң­дел­ген ма­те­ри­ал­да­рын сұ­рып­та­у­ға, ке­су­ге, па­кет­тер­ге са­лу­ға ар­нал­ған жаб­дық­тар мен құ­рал-сай­ман­да­ры бар үй-жай неме­се ар­найы алаң
3
жұ­мыс іс­тей­тін пер­со­нал­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған қыз­мет­тік үй-жай
3
4.
Қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ның не қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен шарт
3
5.
Қыз­мет­тің мә­лім­дел­ген тү­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­на оты­рып, жұ­мыс жүр­гізу­ге Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің неме­се оның аумақ­тық ор­ган­да­ры­ның рұқ­са­ты
2
6.
Пай­да­ла­ну шар­тта­ры­на және олар үшін бел­гі­лен­ген өл­шем бір­лі­гін қам­та­ма­сыз ету ту­ра­лы заң­на­ма­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін өл­шеу құ­рал­да­ры, оның ішін­де ра­ди­а­ци­я­ны өл­шеу құ­рал­да­ры
5
7.
Ұй­ым­ның бас­шы­сы бе­кіт­кен пер­со­нал­ды қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы­на оқы­ту жө­нін­де­гі және боса­ты­ла­тын оқ-дә­рі­лер­ді жою (құр­ту, кә­де­ге жа­ра­ту, кө­му) және қай­та өң­деу жө­нін­де­гі жұ­мысты ұй­ым­да­сты­ру тәр­ті­бі ту­ра­лы нұс­қа­улық­тар
5
8.
Кә­де­ге жа­ра­ты­л­ған боса­ты­ла­тын оқ-дә­рі­лер­дің ма­те­ри­ал­да­рын, жи­нақ­та­у­шы бөл­шек­те­рін, бұй­ым­да­рын есеп­ке алу және сақ­тау бой­ын­ша жур­нал
2
9.
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі және кү­зет ша­ра­ла­рын ұй­ым­да­сты­ру­ға жа­у­ап бе­ре­тін ла­у­а­зым­дық тұл­ға
3
10.
Кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зия неме­се өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­ны оқ-дә­рі­мен аты­ла­тын қа­ру­ды пай­да­ла­на оты­рып кү­зе­ту­ге кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен шарт.
7
Боса­ты­ла­тын қа­ру-жа­рақ­ты, әс­ке­ри тех­ни­ка­ны, ар­найы құ­рал­дар­ды жою (құр­ту, кә­де­ге жа­ра­ту, кө­му) және қай­та өң­деу
1.
Заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сын­да неме­се оның орын­ба­са­рын­да, оның ішін­де оның фи­ли­а­лы­ның бас­шы­сын­да неме­се оның орын­ба­са­рын­да, сон­дай-ақ ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рін жү­зе­ге асы­ра­тын же­ке тұл­ға­да жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лі­мі;
2
2.
Ти­іс­ті тех­ни­ка­лық бі­лі­мі, ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де бір жыл жұ­мыс өті­лі бар бі­лік­ті ма­ман­дар;
2
3.
Же­ке мен­шік құқы­ғын­да, қор­шал­ған, оқ­ша­у­лан­ған және мы­на­лар­ды қам­ти­тын өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­сы:
ар­найы өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат, құ­ры­лыс, кө­тер­гіш ме­ха­низм, жаб­дық­тар
5
боса­ты­ла­тын қа­ру-жа­рақ­ты, әс­ке­ри тех­ни­ка­ны, ар­найы құ­рал­дар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ар­найы жаб­дық­тал­ған қой­ма
7
боса­ты­ла­тын қа­ру-жа­рақ­тар­дың, әс­ке­ри тех­ни­ка­ның, ар­найы құ­рал­дар­дың қал­дық­та­рын және қай­та өң­дел­ген ма­те­ри­ал­да­рын сұ­рып­та­у­ға, ке­су­ге, па­кет­тер­ге са­лу­ға ар­нал­ған жаб­дық­тар мен құ­рал-сай­ман­дар бар үй-жай неме­се ар­найы алаң
5
жұ­мыс іс­тей­тін пер­со­нал­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған қыз­мет­тік үй-жай.
2
4.
Қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зи­я­ның неме­се қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен шарт
3
5.
Қыз­мет­тің мә­лім­дел­ген тү­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­на оты­рып, жұ­мыс жүр­гізу­ге Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің неме­се оның аумақ­тық ор­ган­да­ры­ның рұқ­са­ты
2
6.
Пай­да­ла­ну шар­тта­ры­на және олар үшін бел­гі­лен­ген өл­шем бір­лі­гін қам­та­ма­сыз ету ту­ра­лы заң­на­ма­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін өл­шеу құ­рал­да­ры
5
7.
Ұй­ым­ның бас­шы­сы бе­кіт­кен пер­со­нал­ды қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы­на оқы­ту жө­нін­де­гі және боса­ты­ла­тын қа­ру-жа­рақ­тар­ды, әс­ке­ри тех­ни­ка­ны, ар­найы құ­рал­дар­ды жою жө­нін­де­гі жұ­мысты ұй­ым­да­сты­ру тәр­ті­бі ту­ра­лы нұс­қа­улық­тар
7
8.
Боса­ты­ла­тын қа­ру-жа­рақ­тың, әс­ке­ри тех­ни­ка­ның, ар­найы құ­рал­дар­дың ма­те­ри­ал­да­рын, жи­нақ­та­у­шы бөл­шек­те­рін, бұй­ым­да­рын есеп­ке алу және сақ­тау бой­ын­ша жур­нал
2
9.
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі және кү­зет ша­ра­ла­рын ұй­ым­да­сты­ру­ға жа­у­ап бе­ре­тін ла­у­а­зым­дық тұл­ға
3
10.
Кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зия неме­се өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­ны оқ-дә­рі­мен аты­ла­тын қа­ру­ды пай­да­ла­на оты­рып кү­зе­ту­ге кү­зет қыз­ме­тіне ли­цен­зи­я­сы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен шарт.
7

Қолданыстағы