Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача справки по определению адреса объектов Недвижимости на территории Республики Казахстан"

Қаулы · № 553/4 · қабылданған 19.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69533/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача справки по определению адреса объектов Недвижимости на территории Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 553/4 ·19.11.2012
19.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача справки по определению адреса объектов Недвижимости на территории Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 553/4 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача справки по определению адреса объектов Недвижимости на территории Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
553/4
Қабылданған күні
19.11.2012
Көрсетілген редакция
19.06.2013 69533_190854.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PG003300
ЭКБ идентификаторы
69533
Редакция идентификаторы
69533_190854
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:51

0 "Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік процедуралар туралы" Заңның 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында 2012 жылғы 31 тамыз "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының бекіту туралы" № 1128 Қаулысына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Ертіс ауданының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.С.Қозыбаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 "Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік қызметінің РЕГЛАМЕНТІ

Павлодар облысы
Ертіс ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 19 қарашадағы
№ 553/4 қаулысымен
бекітілген
"Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру"
мемлекеттік қызметінің РЕГЛАМЕНТІ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Бұл регламент "Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік қызметінің (одан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсетілу тәртібін анықтайды.

2 2. Мемлекеттік қызметтің тәртібі: автоматтандырылмаған.

3 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 31 тамыздағы № 1128 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру" стандарты (одан әрі – стандарт) негізінде жүзеге асырылады.

4

4. Мемлекеттік қызмет "Ертіс ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесімен Республикалық мемлекеттік мекеме "Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" Ертіс ауданы бойынша бөлімшесі (одан әрі – Орталық) арқылы аптасына алты рет, демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, сағат 9.00ден бастап 20.00 ге дейін, түскі асқа үзіліссіз, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы И. Байзақов көшесі 14 үй мекенжайы бойынша беріледі. Телефондары 8(71832)22912, электронды поштаның мекенжайы www.enbek.gov.kz.

5 5. Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште мекенжайдың тіркеу коды көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы анықтама беру не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекет қызметті алушы).

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға өтініш берген кезде:

1 1) стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау кезінде;

2

2) 7 (жеті) жұмыс күн ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне бару және мекенжайдың тіркеу кодын көрсетіп, оны "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне нөмір беру, оны өзгерту немесе жою кезінде жүргізіледі.
Құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.

8 8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін тосу және керек құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (тосу залы, қажет құжаттардың тізімі жазылған стендпен жабдықталған құжаттарды толтыру орындары).

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі іс-әрекет (әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы

10 10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттік қызметті алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

11 11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тікелей өзі баруы арқылы беріледі.

12 12. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті өтініш еркін нысанда толтырылады.

13 13. Стандарттың 16 тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде тұтынушының өзі уәкілетті органға жолыққан кезде келесі құрылымдық-функционалды бірлік (бұдан әрі – бірліктер) жұмыс жасайды:

1 1) бөлімнің маманы;

2 2) бөлімнің бастығы.

15 15. Әрбір бірлік дәйектілігі және әкімшілік өзара әрекеттесуінің, әрбір әкімшілік өзара әрекеттесуінің уақыты жазбаша кестелік түрде бұл регламентке 1-қосымшада берілген.

16 16. Бірліктер мен әкімшілік өзара әрекеттесуінің логикалық дәйектілігінің сызбасы бұл регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсететін қызметтік тұлғалардың жауапкершілігі

17 17. Мемлекеттік қызметтің көрсету тәртібін бұзған қызметтік тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

29 Құрылымдық-функционалды бірліктердің әрекетінің сипаттамасы

"Қазақстан Республикасы аумағында
жылжымайтын мүлік объектілерінің
мекенжайын анықтау жөнінде
анықтама беру" мемлекеттік
қызметінің регламентіне
1-қосымша
Құрылымдық-функционалды бірліктердің әрекетінің сипаттамасы
Үрдіс іс-әрекеті (жүруі, жұмыс легі)
1.
Іс-әрекет (жүруі, жұ мыс легі)
1
2
3
4
2.
ҚФБ атауы
1 тобы Орталықтың маманы
2 то­бы уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
3 то­бы уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
4 то­бы ор­ган­ның ма­ма­ны
5 то­бы Ор­та­лық­тың ма­ма­ны
3.
Іс-әре­кет ата­уы (іс-әре­кет рә­сі­мі) және олар­дың си­патта­ма­сы
Аза­мат­тар­дың өті­ніш­те­рін тір­кеу, тұ­ты­ну­шы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды тек­се­ру, құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ман­да­ры­на бе­ру
Аза­мат­тар­дың өті­ніш­те­рін тір­кеу, Ор­та­лық­тың ма­ма­ны­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды тек­се­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рі­нің ме­кен­жай­ын анық­тау жө­нін­де анық­та­ма неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­қа қол қою
Шы­ғыс жур­на­лын­да тір­кеу рә­сі­мі
Шы­ғыс жур­на­лын­да тір­кеу рә­сі­мі
4.
Аяқ­тау фор­ма­сы (мә­лі­мет­тер,құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­ші­лік ше­ші­мі)
Өкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ман­да­ры­на құ­жат­тар­ды ұсы­ну
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рі­нің ме­кен­жай­ын анық­тау жө­нін­де анық­та­ма неме­се тұ­ты­ну­шы­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап дай­ын­дау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рі­нің ме­кен­жай­ын анық­тау жө­нін­де анық­та­ма  неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
Ор­та­лық ма­ман­да­ры­на Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рі­нің ме­кен­жай­ын анық­тау жө­нін­де анық­та­ма неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ру
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті тұ­ты­ну­шы­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рі­нің ме­кен­жай­ын анық­тау жө­нін­де анық­та­ма неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ру
5.
Орындау мерзімі
20 минуттан аспайды
Көрсетілетін қызметке байланысты 1 (бір) немесе 5 (бес) жұмыс күнінен көп емес
20 минуттан көп емес
20 минуттан көп емес
20 минуттан көп емес
1 (бір) жұмыс күні

30 Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру процессінің СЫЗБАСЫ

"Қазақстан Республикасы аумағында
жылжымайтын мүлік объектілерінің
мекенжайын анықтау жөнінде
анықтама беру" мемлекеттік
қызметінің регламентіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын
мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде
анықтама беру процессінің СЫЗБАСЫ

Қолданыстағы