Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил обеспечения продовольствием отдельных категорий сотрудников специальных государственных органов Республики Казахстан

Қаулы · № 1564 · қабылданған 07.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 07.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69575/on/2026-09-07/
Басып шығарылды 2026-09-07 · adilet.kz
Об утверждении Правил обеспечения продовольствием отдельных категорий сотрудников специальных государственных органов Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1564 ·07.12.2012
18.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
07.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил обеспечения продовольствием отдельных категорий сотрудников специальных государственных органов Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1564 · 07.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил обеспечения продовольствием отдельных категорий сотрудников специальных государственных органов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1564
Қабылданған күні
07.12.2012
Көрсетілген редакция
18.03.2024 69575_691563.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001564
ЭКБ идентификаторы
69575
Редакция идентификаторы
69575_691563
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:35

0 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

2 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2012 жы­л­ғы 7 жел­тоқ­сан­да­ғы
№ 1564 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының

жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен бейбіт уақытта қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

2 2. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының мынадай санаттағы қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) мемлекет есебінен азық-түлікпен қамтамасыз етіледі:

1 1) тәуліктік наряд құрамына кіретін, жауынгерлік кезекшілік атқарушы қызметкерлер;

2 2) арнаулы (әскери) оқу мекемелерінің казармалық жағдайдағы курсанттары, тыңдаушылары;

3 3) оқу жаттығуларына қатысушы, сондай-ақ арнаулы жиындарды өткеруші (далалық жағдайда) қызметкерлер, егер бұл іс-шаралар бір күннен артық өтсе;

4 4) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының әскери-медициналық бөлімшелерінде емделуші немесе тексеруден өтуші қызметкерлер;

5 5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардабын жоюға қатысушы қызметкерлер.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының арнаулы (әскери) оқу орнына түсуге жіберілген және казармалық жағдайда тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары келген күнінен бастап қабылданған немесе іріктеу кезінде қабылдаудан бас тартылған күнге дейін мемлекет есебінен азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.

3 3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген қызметкерлер, олардың тәуліктік іссапарлық шығыстары белгіленген тәртіппен өтелген жағдайда, азық-түлікпен қамтамасыз етілмейді.

4

4. Қызметкерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардан тиісті қызметтерді, тауарлар мен жұмыстарды сатып алу арқылы жүзеге асырылады және/немесе Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының мемлекеттік мекемелері заңнамаға сәйкес дербес жүзеге асырады.

2 2. Қызметкерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібі

5

5. Қызметкерлер азық-түлікпен белгіленген заттай нормалар бойынша пайдалануға дайын тағам және сусындар (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосымша тамақ) түрінде Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының тиісті тамақтану пункттері (асханалар, тамақтану орындары ) арқылы қамтамасыз етіледі.
Азық-түлік үлесін беру кезінде азық-түлік өнімдерін басқа өнімдерге алмастырудың заттай нормаларында белгіленген өнімдердің өзара алмасу нормалары шегінде рұқсат беріледі.

6 6. Қызметкерлерді пайдалануға дайын тағаммен және сусындармен уақтылы қамтамасыз ету, сондай-ақ пайдалануға дайын тағамның және сусындардың сәйкестігін бақылау тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.

Жекелеген жағдайларда азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларында көзделген құрғақ азық үлесін беруге рұқсат етіледі.

7

7. Тамақ қатаң түрде бекітілген мәзір бойынша, азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларының өнімдерін тарата отырып (тарату мәзірі) дайындалады. Үш мезгіл тамақтану кезінде жабдықтау нормалары энергетикалық құндылығы (құнарлылығы) бойынша санитарлық нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкес бөлінеді.

8

8. Апталық азық-түлікті тарату мәзірін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының мүдделі бөлімшелерімен келісім бойынша тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін басқа ұйымның уәкілетті өкілі дайындайды. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының мемлекеттік мекемелері азық-түлікпен қамтамасыз етуді дербес ұйымдастырған жағдайда, онда азық-түлікті тарату мәзірін азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жауапты қызметкер дайындайды.
Азық-түлікті тарату мәзірі қамтамасыз етудің әр заттай нормасы бойынша тамақтандырылатын адам санына қарамастан жасалады және оны шаруашылық бөлімшесінің бастығы үш данада бекітеді. Бір данасы арнаулы мемлекеттік органның бухгалтериясында, екінші мен үшінші даналары тамақтану және пісіру залдарына орналастырылады.

9 9. Тамақ дайындау процесін және пайдалануға дайын тағам мен сусындардың сапасын бақылау үшін жауапты лауазымды тұлғалар, соның ішінде Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының медициналық бөлімшесінін қызметкері тағайындалады.

Әр тамақ қабылдау алдында бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар азық-түлікті тарату мәзіріне сәйкес азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормасының толық жеткізілуін, сондай-ақ пайдалануға дайын тағам мен сусындардың сапасын тексереді.
Медициналық бөлімшенің қызметкері пайдалануға дайын тағам мен сусындардың сапасын тікелей ыстық ас цехында татып көру арқылы, ас дайындау және тамақ қабылдау пунктері үй-жайларының санитарлық жағдайын тексереді.
Бақылау қорытындысы азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларына толық жеткізілуін бақылауды есепке алу кітабына жазылады. Осы кітапта медициналық бөлімшенің жауапты қызметкері дайын тағам мен сусындардың сапасы туралы, өзі тексерген үй-жайлардың санитарлық жағдайы туралы жазады, сондай-ақ оны пайдалануға рұқсат береді. Осыдан кейін қызметкерлерге тамақ беруге рұқсат етіледі.
Тамақтандыруды ұйымдастыруды тексеретін тұлғалар цехтарға және басқа да тамақтану орындарының үй-жайларына барған кезде санитарлық нормалар мен қағидаларды сақтайды.

10 10. Қызметкерлердің тамақтануды бастауы алдында дайындалған астың температурасы санитарлық нормалар мен қағидалардың талаптарына сай болуы тиіс.

11 11. Қажет болған жағдайда дайын тамақ ас қабылдау орындарына дейін санитарлық нормалар мен қағидаларды сақтай отырып жеткізілуі тиіс.

12 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормалары

12. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі лауазымды тұлғаларының міндеттері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының бірінші басшысының актісімен айқындалады.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2012 жы­л­ғы 7 жел­тоқ­сан­да­ғы
№ 1564 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Қолданыстағы