О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1567
- Қабылданған күні
- 07.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 05.12.2017 69576_261440.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001567
- ЭКБ идентификаторы
- 69576
- Редакция идентификаторы
- 69576_261440
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:34
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 862 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3 3. «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 1-2, 6-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:
45 45-тармақ алынып тасталсын.
4 4. «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 3-4, 8-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
14 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
14 «14. Өрт машиналары өрт депосы ғимаратында орналастырылуы тиіс.
Қалалар мен елді мекендерді, шаруашылық жүргізу объектілерін қорғауға арналған өрт сөндіру депосының түрі, автомобильдер саны, үй-жайлар құрамы мен олардың алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында қолдану үшін рұқсат етілген құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес анықталады.»;