Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация арендованных судов внутреннего водного плавания и судов плавания "река-море" в реестре арендованных иностранных судов"

Бұйрық · № 821 · қабылданған 27.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69592/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация арендованных судов внутреннего водного плавания и судов плавания "река-море" в реестре арендованных иностранных судов" Күшін жойған Бұйрық ·№ 821 ·27.11.2012
05.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация арендованных судов внутреннего водного плавания и судов плавания "река-море" в реестре арендованных иностранных судов"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 821 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация арендованных судов внутреннего водного плавания и судов плавания "река-море" в реестре арендованных иностранных судов"
Атауы (қаз.)
"Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде кемелерді мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
821
Қабылданған күні
27.11.2012
Көрсетілген редакция
05.02.2015 AI69592_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008139
ЭКБ идентификаторы
69592
Редакция идентификаторы
AI69592_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:45

0 "Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде кемелерді мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы
№ 821 бұйрығымен
бекітілген
«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысымен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.

2 2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы – Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлға;

2 2) құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар.

3

3. «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабының;

2 2) Стандарттың;

3 3) Қағиданың негізінде көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттiк қызметті аяқтау нәтижесі шетел кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк (бұдан әрі – куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады.

Ішкі суда жүзетін және «өзен-теңіз» суларында жүзетін жалға алынған кемелерді мемлекеттiк тiркеудің алымы тіркеуді жүзеге асырған орын бойынша жергілікті бюджетке төленеді, ставка алымы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы он бес еселік айлық есептік көрсеткішті құрайды.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8 8. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі күннен бастап сенбі күнін қоса алғанда, күн сайын белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпаратты, сондай-ақ олардың толтыру үлгілері:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtс.gov.kz интернет-ресурсында («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжай бойынша;
ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
1414 call-орталығында орналастырылған.

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.

13 13. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда куәлікті беруден бас тартылады.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсетудің кезеңдері:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы ХҚКО өтініш береді;

2 2) ХҚКО қызметкері өтінішті тіркеуді жүргізеді, ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері құжаттарды уәкілетті органға береді.

Құжаттарды ХҚКО уәкілетті органға жөнелту фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін Сканер штрихкодтың көмегімен тіркеледі;

3 3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және басшыға не оның орынбасарына қарауға береді;

4 4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары қарағаннан кейін, құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде су көлігінде бақылау бөлімінің бастығына тапсырады;

5 5) су көлігінде бақылау бөлімінің бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішті ұсынылатын талаптар сәйкестігіне қарайды және су көлігінде бақылау бөлімінің маманына тапсырады;

6 6) су көлігінде бақылау бөлімінің маманы бес жұмыс күні ішінде ХҚКО ұсынылған өтінішті қарауды жүзеге асырады және куәлікті ресімдеуге немесе дәлелді түрде бас тартуға дайындайды, содан кейін уәкілетті орган басшысына қол қоюға жібереді;

7 7) уәкілетті органның басшысы бір жұмыс күні ішінде куәлікке немесе дәлелді түрде бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;

8 8) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері қызмет көрсету нәтижесін ХҚКО-ға жібереді.

Уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін алған кезде ХҚКО түскен құжаттарды Сканер штрихкодтың көмегімен тіркейді;

9 9) ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін - куәлікті не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет алушыға ұсынады.

15 15. ХҚКО мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны бір адамды құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара қарым қатынас) тәртібі

16 16. ХҚКО қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетілген құжаттарды қабылдау ХҚКО операциялық залында «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.

ХҚКО құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет алушыға мыналар көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді:
сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті алған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты;
мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты және әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты және әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай ҚФБ іске қосылған:

1 1) ХҚКО қызметкері;

2 2) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері;

3 3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері;

4 4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары;

5 5) су көлігінде бақылау басқармасының бастығы;

6 6) су көлігінде бақылау басқармасының маманы;

7 7) курьер.

18 18. Әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) реттілігі мен өзара іс-қимылының әрбір әкімшілік іс-қимылдың (рәсімді) орындалу мерзімі көрсетілген мәтіндік кесте түріндегі сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

19 19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық ретімен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

1 1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы

«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді
және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді
жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде
кемелерді мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің іс-әре­ке­ті
Іс-әре­кет №
1
2
3
4
5
6
ҚФБ-ң ата­уы
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ХҚКО жи­нақ­та­у­шы бө­лі­мі­нің қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы не оның орын­ба­са­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
Іс-әре­кет­тің ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш­ті қа­был­дау және тір­кеу
Құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­ру
Алын­ған құ­жат­тар­ды тір­ке­уді жүр­гі­зе­ді
Ке­ме­ні мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін та­лап­тар сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін та­лап­тар сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау.
Ку­ә­лік­ті ре­сім­деу
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Бұ­ры­шта­ма­сы бар құ­жат­тар­да орын­дау мер­зі­мі мен жа­у­ап­ты орын­да­у­шы көр­се­ті­ле­ді
Бұ­ры­шта­ма­сы бар құ­жат­тар­да орын­дау мер­зі­мі мен жа­у­ап­ты орын­да­у­шы көр­се­ті­ле­ді
Ре­сім­дел­ген ку­ә­лік
Орын­дау мер­зім­де­рі
1 күн
1 күн
1 күн
5 күн
Іс-әре­кет №
7
8
9
ҚФБ-ң ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы не оның орын­ба­са­ры
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
ХҚКО жи­нақ­та­у­шы бө­лі­мі­нің қыз­мет­ке­рі
Іс-әре­кет­тің ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Ку­ә­лік­ке қол қою
Ку­ә­лік­ті ХҚКО жі­бе­ру
Өті­ніш бе­ру­ші­ге ку­ә­лік бе­ру
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Қол қой­ы­л­ған ку­ә­лік
Ку­ә­лік
Орын­дау мер­зім­де­рі
1 күн
1 күн
2-кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі үдерісі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің негіз­гі үде­рі­сі
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ХҚКО жи­нақ­та­у­шы бө­лі­мі­нің қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы не оның орын­ба­са­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
1. Өті­ніш­ті қа­был­дау және тір­кеу
2. Құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­ру
3. Алын­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу
4. Ке­ме­ні мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау
5. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін та­лап­тар сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау
6. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін та­лап­тар сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау және ку­ә­лік­ті ре­сім­деу
9. Өті­ніш бе­ру­ші­ге ку­ә­лік бе­ру
8. Ку­ә­лік­ті ХҚКО жі­бе­ру
7. Ку­ә­лік­ке қол қою
3-кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетудің балама үдерісі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ба­ла­ма үде­рі­сі
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ХҚКО жи­нақ­та­у­шы бө­лі­мі­нің қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы не оның орын­ба­са­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
1. Өті­ніш­тің тір­ке­лу­ін жүр­гі­зе­ді
2. Құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­ру
3. Алын­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу
4. Ке­ме­ні мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау
5. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін та­лап­тар сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау
6. Ұсы­ны­л­ған та­лап­тар­ға құ­жат­тар сәй­кес кел­ме­се неме­се же­тіс­пе­ген жағ­дай­да өті­ніш бе­ру­ші­ге құ­жат­тар­ды қа­был­да­у­ға бас тар­ты­ла­ды.
Өті­ніш бе­ру­ші­нің та­ла­бы бой­ын­ша оған құ­жат­тар­ды қа­был­да­удан бас тар­ту­ды дәлел­ді түр­де жа­з­ба­ша рас­тау қа­ға­зын бе­ре­ді.
9. Ку­ә­лік бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша ше­ші­мін өті­ніш бе­ру­ші­ге бе­ру
8. Ку­ә­лік бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша ше­ші­мін Ор­та­лық­қа жі­бе­ру
7. Құ­жат­тар­ды қа­был­да­удан бас тар­ту­ды дәлел­ді түр­де жа­з­ба­ша рас­тау қа­ға­зы­на қол қою

2 Функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы

«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді
және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді
жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде
кемелерді мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
2-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы

Қолданыстағы