Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация ипотеки судна"

Бұйрық · № 820 · қабылданған 27.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69593/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация ипотеки судна" Күшін жойған Бұйрық ·№ 820 ·27.11.2012
05.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация ипотеки судна"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 820 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация ипотеки судна"
Атауы (қаз.)
"Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
820
Қабылданған күні
27.11.2012
Көрсетілген редакция
05.02.2015 AI69593_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008140
ЭКБ идентификаторы
69593
Редакция идентификаторы
AI69593_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:45

0 "Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы
№ 820 бұйрығымен
бекітілген
«Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 32-2-бабына, «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына (бұдан әрі - Қағида), «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.

2 2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы – заңды және жеке тұлғалар;

2 2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдар.

3

3. «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 32-2-бабы;

2 2) Стандарттың;

3 3) Қағиданың негізінде көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттік қызметті аяқтаудың нәтижесі кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, куәліктердің телнұсқасын, куәлікке қосымша парақта немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады.

Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеуге алым жеке тұлғалардан - бір айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды, заңды тұлғалардан – 5 (бес) АЕК) тіркеу жүзеге асырылған орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым ставкасын «Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде (Салық кодексі) (кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты алу үшін) белгіленген.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

8 8. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызмет ХҚКО орталығы арқылы күн сайын сенбіні қоса алғанда дүйсенбіден бастап демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағ. 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажет құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжайы бойынша;
ХҚКО ғимараттарында орналасқан стенділерде;
1414 call-орталығында орналастырылған.

11 11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

12 12. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.

13 13. Куәлікті, куәліктің телнұсқасын, куәлікке қосымша парақты беру Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда бас тартылады.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы ХҚКО өтініш береді;

2 2) ХҚКО қызметкері өтінішті тіркеуді жүргізеді, ХҚКО жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды курьер арқылы уәкілетті органға тапсырады.

ХҚКО құжаттар пакетін жөнелту фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін Штрихкод сканерінің көмегімен белгіленеді;

3

3) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді, және басшыға немесе оның орынбасарына қарауға береді, бұл ретте оң жақ төменгі бұрышына келіп түскен күнімен кіріс нөмірін көрсетумен мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабаны қойылады;

4

4) уәкілетті органның (оның филиалының) басшысы не оның орынбасарлары құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішін қарайды және су көлігіндегі бақылау бөлімінің (су көлігіндегі бақылау бөлімі болмаған кезде көлік-коммуникациялық кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығы көлік-коммуникациялық кешеніндегі бақылау бөлімінің маманына жұмыс үшін жібереді) бастығына жұмыс үшін жібереді;

5

5) Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштерді қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды, тіркеуді келіседі және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына (су көлігіндегі бақылау бөлімі болмаған кезде көлік-коммуникациялық кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығы көлік-коммуникациялық кешеніндегі бақылау бөлімінің маманына жұмыс үшін жібереді) жұмыс үшін жібереді;

6

6) Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы (су көлігіндегі бақылау бөлімдері болмаған кезде көлік-коммуникациялық кешеніндегі бақылау бөлімінің маманы) бес жұмыс күн ішінде Орталықтан келген өтінішті қарауды жүзеге асырады және куәлікке қосымша парақты, куәліктің түпнұсқасын немесе дәлелденген бас тартуды дайындайды, содан кейін уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;

7 7) уәкілетті органның (оның филиалының) басшысы не оның орынбасарлары бір жұмыс күні ішінде куәлікке, куәлікке қосымша параққа, куәліктің түпнұсқасына немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;

8 8) уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін курьер арқылы ХҚКО-ға жібереді.

Уәкілетті органнан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдаған кезде ХҚКО Штрихкод сканерінің көмегімен келіп түскен құжаттарды белгілейді;

9 9) ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін береді.

15 15. ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны 1 адамды құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимылдар) сипаттамасы

16 16. ХҚКО құжаттарды қабылдау ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген операциялық залда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға ХҚКО құжаттарды қабылдау кезінде мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі:
сұрау салуды қабылдау нөмірі және күні;
сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
құжаттардың берілген күні (уақыты) және орындары;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
мемлекеттік қызметті алушының, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

17 17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ іске қосылған:

1 1) ХҚКО қызметкері;

2 2) ХҚКО жинақтау бөлімінің қызметкері;

3 3) уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері;

4 4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасарлары;

5 5) су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы/ көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығы;

6 6) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы/ көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің маманы;

7 7) курьер.

18 18. Әрбір ҚФБ бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы және әрбір әкімшілік іс-қимылын орындау мерзімін көрсетумен әкімшілік іс-қимылдардың өзара іс-қимылдары (рәсімдері) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

19 19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың логикалық біркелкілігі арасындағы схема және ҚФБ осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

20 20. Мемлекеттік қызмет алуының арызы осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

1 «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаты.
Негіз­гі үде­рі­стің іс-әре­ке­ті
1
№ іс-әре­ке­ті
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ӨК­БИ Кең­се­сі
(ӨК­БИ фи­ли­а­лы)
ӨК­БИ Ба­стығы, неме­се оның орын­ба­сар­ла­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
3
Іс-әре­кет­тің ата­уы және оның си­па­ты
Ку­ә­лік бе­ру­ге қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау; өті­ніш­ті қа­рау; тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу; уәкі­лет­ті ор­ган­ға құ­жат­тар­дың то­лық тіз­бе­сін және өті­ні­шін жі­бе­ру.
Ку­ә­лік бе­ру­ге қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау, тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу, со­ны­мен қа­тар өті­ніш­тің тө­мен­гі оң бұ­ры­шы­на кі­ріс нө­мі­рі және түс­кен мер­зі­мі көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік тіл­де­гі тір­кеу мөр­та­ба­ны қой­ы­ла­ды
Ку­ә­лік бе­ру ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға ку­ә­лік­ті бе­ру­ге ке­лі­сім сәй­кест­і­гін қа­рау
МКР ти­іс­ті жа­з­ба­ны ен­гі­зіп тір­кеу, ку­ә­лік­ті рә­сім­деу
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу, құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­дар­ға жі­бе­ру
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ның және орын­дау мер­зі­мі қам­ты­л­ған қа­ра­ры бар құ­жат­тар
Тір­кеу кі­та­бы­на жа­зу, ку­ә­лік­ті рә­сім­деу
5
Орын­дау мер­зі­мі
20 ми­нут
1 күн
1 күн
1 күн
5 күн
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
1
2
3
4
5
7
Іс-әре­кет­тің ата­уы және оның си­па­ты
Ку­ә­лік­ті бе­ру
Ку­рьер ар­қы­лы ХҚКО ку­ә­лік тап­сы­ру
Ку­ә­лік­ке қол қою
8
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Ке­ме ипо­те­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі
Ку­ә­лік­ке қол қою
9
Орын­дау мер­зі­мі
20 ми­нут
1 күн
1 күн
2-кесте. Қолдану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
Негіз­гі үде­ріс
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ӨК­БИ Кең­се­сі
(ӨК­БИ фи­ли­а­лы)
ӨК­БИ Ба­стығы, неме­се оның орын­ба­са­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
Ку­ә­лік бе­ру­ге қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау; өті­ніш­ті қа­рау; тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу; уәкі­лет­ті ор­ган­ға құ­жат­тар­дың то­лық тіз­бе­сін және өті­ні­шін жі­бе­ру.
Ку­ә­лік бе­ру­ге қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау, тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу, со­ны­мен қа­тар өті­ніш­тің тө­мен­гі оң бұ­ры­шы­на кі­ріс нө­мі­рі және түс­кен мер­зі­мі көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік тіл­де­гі тір­кеу мөр­та­ба­ны қой­ы­ла­ды
Ку­ә­лік бе­ру ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға ку­ә­лік­ті бе­ру­ге ке­лі­сім сәй­кест­і­гін қа­рау
МКР ти­іс­ті жа­з­ба­ны ен­гі­зіп тір­кеу, ку­ә­лік­ті рә­сім­деу
Ку­ә­лік бе­ру
Ку­рьер ар­қы­лы ХҚКО ку­ә­лік бе­ру
Ку­ә­лік­ке қол қою
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
Ба­ла­ма­лы үде­ріс неме­се ке­ңей­ту
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ӨК­БИ Кең­се­сі
(ӨК­БИ фи­ли­а­лы)
ӨК­БИ Ба­стығы, неме­се оның орын­ба­са­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
1. Ку­ә­лік бе­ру­ге қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау; өті­ніш­ті қа­рау; тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу; уәкі­лет­ті ор­ган­ға құ­жат­тар­дың то­лық тіз­бе­сін және өті­ні­шін жө­нел­ту;
2. Ку­ә­лік бе­ру­ге қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау, тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу, со­ны­мен қа­тар өті­ніш­тің тө­мен­гі оң бұ­ры­шы­на кі­ріс нө­мі­рі және түс­кен мер­зі­мі көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік тіл­де­гі тір­кеу мөр­та­ба­ны қой­ы­ла­ды
3. Ку­ә­лік бе­ру ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау
4. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға ку­ә­лік­ті бе­ру­ге ке­лі­сім сәй­кест­і­гін қа­рау
5. Ку­ә­лік бе­ру­ден бас тар­ту­дың жа­з­ба­ша қо­ры­тындыс­ын рә­сім­деу
1-1. Егер құ­жат­тар тіз­бе­сін то­лық­сыз ұсын­ған­да тір­кеу жур­на­лы­на ти­іс­ті жа­з­ба ен­гі­зіп және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­пен құ­жат­та­рын қай­та­ру.
7-1. Ку­ә­лік бе­ру­ден бас тар­ту­дың жа­з­ба­ша қо­ры­тындыс­ын өті­ніш бе­ру­ші­ге жі­бе­ру
7. Ку­ә­лік бе­ру­ден бас тар­ту­дың жа­з­ба­ша қо­ры­тындыс­ын ХҚКО жі­бе­ру
6. Ку­ә­лік бе­ру­ден бас тар­ту­дың жа­з­ба­ша қо­ры­тындыс­ы­на қол қою

2 «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Функционалдық әрекеттесудің диаграммасы

3 Өтініш

«Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
_____________________________________ бастығына
(Комитеттің аумақтық органының атауы)
_____________________________________
(Т.А.Ә.)
_____________________________________,
(Т.А.Ә.)
тұратын мекен-жайы:
Өтініш
Сізден кеме ипотекасын тіркеу туралы мемлекеттік қызмет
көрсетуіңізді сұраймын
_____________________________________________________________________
(деректер, сәйкестендірілген кеме (кеме атауы, тіркелген нөмірі,
тіркелген орны, тіркелінген нөмірі, класы және түрі, кеме тоннажы)
немесе салынып жатқан кеме(орны, сондай-ақ кеме құрылысын жүзеге
асыру, салынған нөмірі, кеме түрі, кильдің ұзындығы және басқа да
негізгі өлшемдері, тіркелінген нөмірі)
_____________________________________________________________________
(ипотекалық кепіл берушінің мекенжайы және аты)
_____________________________________________________________________
(өтініш берушіге белгіленгені туралы деректер немесе ипотекалық кепіл
берушінің мекенжайы және аты)
_____________________________________________________________________
(міндеттердің ең көп мөлшері, ипотекамен қамтамасыз етілген, екі
немесе одан көп шағын өлшемді кемелерге ипотеканы орнату кезінде;
мөлшері, сондай-ақ жеке тараптар келісімінің болған жағдайда әрбір
шағын өлшемді кемеге міндетті қамтамасыз ету мөлшері)
_____________________________________________________________________
(салынып жатқан кеме немесе кеме ипотекасының мерзімінің аяқталуы)
_____________________________________________________________________
«___» __________ 20__ ж ____________________
(қолы)

Қолданыстағы