Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача специального разрешения на проезд тяжеловесных и крупногабаритных транспортных средств (включая иностранные) по территории Республики Казахстан"

Бұйрық · № 819 · қабылданған 26.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69596/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача специального разрешения на проезд тяжеловесных и крупногабаритных транспортных средств (включая иностранные) по территории Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 819 ·26.11.2012
25.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача специального разрешения на проезд тяжеловесных и крупногабаритных транспортных средств (включая иностранные) по территории Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 819 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача специального разрешения на проезд тяжеловесных и крупногабаритных транспортных средств (включая иностранные) по территории Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
819
Қабылданған күні
26.11.2012
Көрсетілген редакция
25.04.2014 AI69596_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008144
ЭКБ идентификаторы
69596
Редакция идентификаторы
AI69596_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:47

0 "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 819 бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-7-бабының 16) тармақшасына, «Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысына (бұдан әрі – Қағида), «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.

2 2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы (бұдан әрі – алушы) – жеке және заңды тұлға;

2 2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органдардағы жауапты тұлғалар, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер;

3

3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) – Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарымен ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді автокөлiк құралдарының белгіленген тасымалды жүзеге асыру маршрутына және мерзіміне сәйкес жүріп өту құқығын беретін рұқсат құжаты;

4 4) Арнайы рұқсатқа бақылау талоны (бұдан әрі – талон) – Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемді автокөлiк құралдарының жүріп өтуіне төленген алым сомасын растайтын құжат.

3

3. «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi габаритті көлiк құралдарының (шетелдіктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган (оның филиалы)) стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-7-бабының 16) тармақшасы;

2 2) Стандарт;

3 3) Қағида негізінде көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Кодексімен (Салық кодексі) белгіленген алым ставкалары бойынша республикалық бюджетке төленеді.

7 7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі арнайы рұқсат және бақылау талонын беру қағаз тасығышта немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

8 8. Мемлекеттік қызмет алушының жүгіну жері бойынша уәкілетті органның (оның филиалының) және ХҚКО ғимараттарында көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызмет:

1 1) уәкілетті органға (оның филиалына) жүгінгенде:

белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес үзiлiссiз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін күнделікті ұсынылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен уәкілетті органның (оның филиалының) кеңсесінде жүзеге асырылады;

2 2) ХҚКО жүгінгенде:

белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанға дейін күнделікті ұсынылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз «электрондық» кезек тәртiбiмен «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы операциялық залында жүзеге асырылады.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
ХҚКО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
1414 call-орталығында орналастырылған.

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар ұсынады.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.

13 13. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда арнайы рұқсат беруден бас тартылады.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 1) уәкілетті органға (оның филиалына) жүгінгенде:

алушы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш береді;
уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері өтініш түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде тіркеу жүргізеді, алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхатты ұсынады (бұдан әрі – қолхат) және уәкілетті орган (оның филиалы) басшысына немесе оның орынбасарына өтінішті қарауға береді, бұл ретте өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілде тіркеу мөртаңбасы қойылады;
уәкілетті орган (оның филиалы) басшысы немесе оның орынбасары өтінішті тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішті қарап, уәкілетті органның (оның филиалының) бөлім бастығына жібереді, бұл ретте өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілде тіркеу мөртаңбасы қойылады;
уәкілетті органның (оның филиалының) бөлім бастығы өтінішті тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішке қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін қарап, уәкілетті органның (оның филиалының) маманына орындауына береді;
уәкілетті органның (оның филиалының) маманы өтінішті тіркеген күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде түскен өтініштің орындалуын жүзеге асырады және уәкілетті орган (оның филиалы) басшысы немесе оның орынбасарына хабарламаны не жазбаша түрде дәлелді арнайы рұқсатты беруден бас тартуды қол қоюға жолдайды;
уәкілетті орган (оның филиалы) басшысы немесе оның орынбасары хабарламаға не жазбаша түрде дәлелді арнайы рұқсатты беруден бас тартуға уәкілетті органның (оның филиалының) маманы жолдағаннан кейін сол бір жұмыс күні ішінде қол қойып, уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесіне жолдайды;
уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері алушыға қолхатта көрсетілген мерзімінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді;
алушы хабарламаны алған кезде, алым сомасын төлеген сәттен бастап уәкілетті орган (оның филиалы) басшысы не оның орынбасары немесе уәкілетті тұлға қолы қойылған арнайы рұқсат беріледі;

2 2) ХҚКО-ға жүгінгенде:

алушы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш береді;
ХҚКО қызметкері қоса берілген құжаттардың толықтығын тексере отырып өтінішті тіркейді, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхатты ұсынады;
ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері өтінішті курьер арқылы уәкілетті органға (оның филиалына) жібереді.
Құжаттар пакетінің ХҚКО-нан уәкілетті органға (оның филиалына) жөнелту дәлелі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін шрихкод Сканерінің көмегімен тіркеледі;
уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері өтініш уәкілетті органға (оның филиалына) түскен күні тіркеу жүргізеді және уәкілетті орган (оның филиалы) басшысына немесе оның орынбасарына өтінішті қарауға береді, бұл ретте өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілде тіркеу мөртаңбасы қойылады;
уәкілетті орган (оның филиалы) басшысы немесе оның орынбасары өтінішті тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішті қарап, уәкілетті органның (оның филиалының) бөлім бастығы жібереді;
уәкілетті органның (оның филиалының) бөлім бастығына өтінішті тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішке қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін қарап, уәкілетті органның (оның филиалының) маманына орындауына береді;
уәкілетті органның (оның филиалының) маманы өтінішті тіркеген күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде түскен өтініштің орындалуын жүзеге асырады және уәкілетті орган (оның филиалы) басшысы немесе оның орынбасарына хабарламаны не жазбаша түрде дәлелді арнайы рұқсатты беруден бас тартуды қол қоюға жолдайды;
уәкілетті орган (оның филиалы) басшысы немесе оның орынбасары хабарламаға не жазбаша түрде дәлелді арнайы рұқсатты беруден бас тартуға уәкілетті органның (оның филиалының) маманы жолдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қол қойып, уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесіне жолдайды;
уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметтің нәтижесін курьер арқылы ХҚКО-ға жолдайды;
уәкілетті органнан (оның филиалынан) қабылдаған кезде ХҚКО келіп түскен құжаттарды штрихкод Сканерінің көмегімен тіркейді;
ХҚКО қызметкері алушыға қолхатта көрсетілген мерзімінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді;
алушы хабарламаны алған кезде алым сомасын төлеп, ХҚКО-на төлем туралы түбіртекті (бұдан әрі – төлем құжаты) ұсынады;
ХҚКО қызметкері алушы төлем құжаты түскен күні оны тіркейді;
ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері төлем құжатын уәкілетті органға (оның филиалына) курьер арқылы жібереді;
уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері төлем құжаты уәкілетті органға (оның филиалына) түскен күннен бастап оны тіркейді және уәкілетті органның (оның филиалының) маманына береді;
уәкілетті органның (оның филиалының) маманы төлем құжаты тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде арнайы рұқсатты толтырып, уәкілетті орган (оның филиалы) басшысы не оның орынбасары немесе уәкілетті тұлғаға қол қою үшін жолдайды;
уәкілетті орган (оның филиалы) басшысы не оның орынбасары немесе уәкілетті тұлға төлем құжаты тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы рұқсатқа қол қояды және уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесіне жолдайды;
уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметтің нәтижесін курьер арқылы ХҚКО-ға жолдайды;
ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызметтің нәтижесін алушыға береді.

15 15. ХҚКО-да мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асырушы тұлғалардың ең төмен саны бір адамды құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында әрекеттер (өзара әрекеттер) сипаты

16 16. ХҚКО құжаттарды қабылдау «кедергісіз қызмет көрсету» тәртібімен ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген операциялық залда жүзеге асырылады.

ХҚКО мемлекеттік қызметті алуға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:
сұрау салуды қабылдау нөмірі және күні;
сұратылатын мемлекеттiк қызметтiң түрi;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күні (уақыт) мен орны;
мемлекеттік қызметті алушының немесе уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті орган (оның филиалы) немесе ХҚКО лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай ҚФБ іске қосылған:

1 1) уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері;

2 2) уәкілетті орган (оның филиалы) басшысы не оның орынбасары;

3 3) уәкілетті тұлға;

4 4) уәкілетті органның (оның филиалының) бөлім бастығы;

5 5) уәкілетті органның (оның филиалының) маманы;

6 6) ХҚКО қызметкері;

7 7) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері;

8 8) курьер.

18 18. Әрбір ҚФБ әкімшілік әрекетінің (рәсімінің) өзара байланысы мен реттілігінің мәтінді кестелі сипаттамасы әрбір әкімшілік әрекетінің (рәсімінің) орындау мерзімінің көрсетілуімен осы Регламентке 1-қосымшада берілген.

19 19. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысының және ҚФБ сызбасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

1 «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша

1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаты
Негіз­гі үр­ді­стің әре­ке­ті
1
Әре­кет №
1
2
3
4
2
ҚФБ ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы) кең­се­сі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы) бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры (уәкі­лет­ті тұл­ға)
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы) бө­лім ба­стығы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы) ма­ма­ны
3
Іс-әре­кет­тер­дің ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы бой­ын­ша ауыр сал­мақ­ты және iрi кө­лем­ді көлiк құ­рал­да­ры­ның (ше­тел­дiк­тер­дi қо­са ал­ған­да) жүрiп өту­іне ар­найы рұқ­сат (бұ­дан әрі – ар­найы рұқ­сат) алу­ға өті­ніш­ті қа­был­дау, өті­ніш­ті тір­кеу, алушы­ға ти­іс­ті құ­жат­тар­ды қа­был­да­ға­ны ту­ра­лы қол­хат­ты ұсы­ну (бұ­дан әрі – қол­хат) және уәкі­лет­ті ор­ган (оның фи­ли­а­лы) бас­шы­сы­на неме­се оның орын­ба­са­ры­на өті­ніш­ті қа­ра­у­ға бе­ру
Ар­найы рұқ­сат алу­ға өті­ніш­ті қа­рас­ты­ру, уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы­ның) бө­лім ба­стығ­ы­на жі­бе­ру
өті­ніш­ке қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар­дың бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рау, уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы­ның) ма­ма­ны­на орын­да­уы­на бе­ру.
өті­ніш­тің орын­да­луын жү­зе­ге асы­ру, уәкі­лет­ті ор­ган (оның фи­ли­а­лы) бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры­на Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғы бой­ын­ша ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жү­ріп өтуі үшін алым со­ма­сы көр­се­ті­л­ген ар­найы рұқ­сат­ты бе­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны (бұ­дан әрі – ха­бар­ла­ма) не жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді ар­найы рұқ­сат­ты бе­ру­ден бас тар­ту­ды қол қо­ю­ға жол­дай­ды.
5
Орын­дау мер­зі­мі
өті­ніш түс­кен сәт­тен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де
өті­ніш­ті тір­ке­ген күн­нен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де
өті­ніш­ті тір­ке­ген күн­нен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де
өті­ніш­ті тір­ке­ген күн­нен ба­стап 4 (төрт) жұ­мыс кү­ні ішін­де
6
ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
6
5


7
Іс-әре­кет­тер­дің ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­сін (ха­бар­ла­ма не жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді ар­найы рұқ­сат­ты бе­ру­ден бас тар­ту) бе­ру
ха­бар­ла­ма­ға не жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді ар­найы рұқ­сат­ты бе­ру­ден бас тар­ту­ға қол қою, уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы) кең­се­сіне жол­дау.
8
Орын­дау мер­зі­мі
өті­ніш түс­кен күн­нен ба­стап 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де
қол қо­ю­ға жол­да­ған­нан кей­ін бір жұ­мыс кү­ні ішін­де
ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
7



11
Аяқ­та­лу ны­са­ны
алушы ха­бар­ла­ма­ны алып және алым со­ма­сын тө­ле­ген кез­де, ар­найы рұқ­сат бе­ру
12
Орын­дау мер­зі­мі
алым со­ма­сын тө­ле­ген сәт­тен ба­стап 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де
2-Кесте. Пайдалану нұсқалары. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаты
Негіз­гі үр­ді­стің әре­ке­ті
1
№ әре­кет
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы) кең­се­сі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы) бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры, (уәкі­лет­ті тұл­ға)
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы) бө­лім ба­стығы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы) ма­ма­ны
3
Іс-әре­кет­тер­дің ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы бой­ын­ша ауыр сал­мақ­ты және iрi кө­лем­ді көлiк құ­рал­да­ры­ның (ше­тел­дiк­тер­дi қо­са ал­ған­да) жүрiп өту­іне ар­найы рұқ­сат (бұ­дан әрі – ар­найы рұқ­сат) алу­ға өті­ніш­ті және қа­жет­ті құ­жат­тар­дың ті­зі­мін қа­был­дау, өті­ніш­ті тір­кеу, алушы­ға ти­іс­ті құ­жат­тар­ды қа­был­да­ға­ны ту­ра­лы қол­хат­ты ұсы­ну (бұ­дан әрі – қол­хат) және өті­ніш­ті және құ­жат­тар­дың то­лық ті­зі­мін уәкі­лет­ті ор­ган­ға (оның фи­ли­а­лы­на) жі­бе­ру.
Ар­найы рұқ­сат алу­ға өті­ніш­ті қа­был­дау, өті­ніш­ті тір­кеу, уәкі­лет­ті ор­ган (оның фи­ли­а­лы) бас­шы­сы­на неме­се оның орын­ба­са­ры­на өті­ніш­ті қа­ра­у­ға бе­ру.
Ар­найы рұқ­сат алу­ға өті­ніш­ті қа­рас­ты­ру, уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы­ның) бө­лім ба­стығ­ы­на жі­бе­ру
өті­ніш­ке қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар­дың бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рау, уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы­ның) ма­ма­ны­на орын­да­уы­на бе­ру.
өті­ніш­тің орын­да­луын жү­зе­ге асы­ру, уәкі­лет­ті ор­ган (оның фи­ли­а­лы) бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры­на Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғы бой­ын­ша ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жү­ріп өтуі үшін алым со­ма­сы көр­се­ті­л­ген ар­найы рұқ­сат­ты бе­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны (бұ­дан әрі – ха­бар­ла­ма) не жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді ар­найы рұқ­сат­ты бе­ру­ден бас тар­ту­ды қол қо­ю­ға жол­дай­ды.
4
Орын­дау мер­зі­мі
құ­жат­тар­ды қа­был­дау кү­ні
өті­ніш түс­кен күн­нен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс ішін­де
өті­ніш­ті тір­ке­ген күн­нен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де
өті­ніш­ті тір­ке­ген күн­нен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де
өті­ніш­ті тір­ке­ген күн­нен ба­стап 4 (төрт) жұ­мыс кү­ні ішін­де
5
ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
8
7
6
6
Іс-әре­кет­тер­дің ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­сін (ха­бар­ла­ма не жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді ар­найы рұқ­сат­ты бе­ру­ден бас тар­ту) қа­был­дау және тір­кеу, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру.
мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­сін (ха­бар­ла­ма не жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді ар­найы рұқ­сат­ты бе­ру­ден бас тар­ту) ку­рьер ар­қы­лы ХҚКО-на жол­дау.
ха­бар­ла­ма­ға не жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді ар­найы рұқ­сат­ты бе­ру­ден бас тар­ту­ға қол қою, уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы) кең­се­сіне жол­дау.
7
Орын­дау мер­зі­мі
орын­дал­ған құ­жат­тар­ды қа­был­дау кү­ні
қол қой­ған­нан кей­ін сол бір жұ­мыс кү­ні ішін­де
қол қо­ю­ға жол­да­ған­нан кей­ін бір жұ­мыс кү­ні ішін­де
8
ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
9
10
12

11
9
Іс-әре­кет­тер­дің ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғы бой­ын­ша ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жү­ріп өтуі үшін алым со­ма­сын тө­ле­ген­ді­гі ту­ра­лы тү­бір­тек­ті (бұ­дан әрі – тө­лем құ­жа­ты) тір­кеу, тө­лем құ­жа­тын уәкі­лет­ті ор­ган­ға (оның фи­ли­а­лы­на) жі­бе­ру.
тө­лем құ­жа­тын қа­был­дау және тір­кеу, уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы) ма­ма­ны­на тө­лем құ­жа­тын бе­ру.
ар­найы рұқ­сат­қа қол қою, уәкі­лет­ті ор­ган (оның фи­ли­а­лы) кең­се­сіне жол­дау.
ар­найы рұқ­сат­ты тол­ты­ру және уәкі­лет­ті ор­ган (оның фи­ли­а­лы) бас­шы­сы не оның орын­ба­са­ры­на неме­се уәкі­лет­ті тұл­ға­ға қол қо­ю­ға бе­ру.
10
Орын­дау мер­зі­мі
тө­лем құ­жа­тын қа­был­дау кү­ні
тө­лем құ­жа­ты түс­кен күн­нен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де
тө­лем құ­жа­ты тір­кел­ген күн­нен ба­стап екі жұ­мыс кү­ні ішін­де
тө­лем құ­жа­ты тір­кел­ген күн­нен ба­стап бір жұ­мыс кү­ні ішін­де
11
ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
14
13
12
Аяқ­та­лу ны­са­ны
мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­сін (ар­найы рұқ­сат­ты) алушы­ға бе­ру.
мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­сін (ар­найы рұқ­сат­ты) ку­рьер ар­қы­лы ХҚКО-на жол­дау.
13
Орын­дау мер­зі­мі
уәкі­лет­ті ор­ган­ға (оның фи­ли­а­лы­на) тө­лем құ­жа­ты түс­кен күн­нен ба­стап екі (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де
қол қой­ы­л­ған күн­нен ба­стап, сол бір жұ­мыс кү­ні ішін­де

2 «Қазақстан Республикасының аумағы

бойынша ауыр салмақты және iрi көлемді
көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса
алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Функционалдық өзара әрекеттестік диаграммасы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үр­ді­сі
ХҚКО қыз­мет­ке­рі О-1
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы) кең­се­сі О-2
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы) бас­шы­сы, неме­се оның орын­ба­са­ры (уәкі­лет­ті тұл­ға) О-3
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы) бө­лі­мі­нің ба­стығы О-4
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның (оның фи­ли­а­лы) ма­ма­ны О-5

Қолданыстағы