Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверения допуска к осуществлению международных автомобильных перевозок и карточки допуска"

Бұйрық · № 815 · қабылданған 26.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69597/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверения допуска к осуществлению международных автомобильных перевозок и карточки допуска" Күшін жойған Бұйрық ·№ 815 ·26.11.2012
10.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверения допуска к осуществлению международных автомобильных перевозок и карточки допуска"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 815 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверения допуска к осуществлению международных автомобильных перевозок и карточки допуска"
Атауы (қаз.)
"Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
815
Қабылданған күні
26.11.2012
Көрсетілген редакция
10.04.2014 AI69597_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008145
ЭКБ идентификаторы
69597
Редакция идентификаторы
AI69597_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:46

0 "Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 815 бұйрығымен
бекітілген
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» осы мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 45-бабына, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау жүйесіндегі мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйегіндегі № 1153 қаулысына (бұдан әрі - Стандарт) және «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес әзірленген.

2 2. Осы Регламентте мынадай түсініктер пайдаланылады:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы – жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

2 2) ҚАБ – құрылымдық-функционалдық бірлігі (бұдан әрі - ҚФБ) – уәкілетті органның жауапты тұлғасы, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйе немесе кіші жүйе.

3

3. «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (бұдан әрі – ХҚКО) Стандартқа 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 45-бабына;

2 2) Қағиданың;

3 3) Стандарттың негізінде көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттік қызмет ақысыз болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет басқа мемлекеттік органдардың және өзге субъектілердің қатысуынсыз көрсетіледі.

8

8. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін (бұдан әрі – рұқсат беру куәлігі) және рұқсат карточкасын беру немесе (бұдан әрі - рұқсат карточкасын беру), жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын қағаз тасығышта беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелденген жауапты беру болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

9 9. Мемлекеттік қызмет:

1 1) егер өтініш беруші жеке кәсіпкер болған жағдайда, салық төлемшісі ретінде тіркелген орны бойынша;

2 2) егер өтініш беруші заңды тұлға болған жағдайда, заңды тұлға ретінде тіркелген орны бойынша көрсетіледі.

10 10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын, үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн ұсынылады.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы және қажетті құжаттар, сондай-ақ олардың толтырылу үлгілері туралы толық ақпарат:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
ХҚКО интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша: www.con.gov.kz;
ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
1414 call-орталығында орналастырылады.

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.

14 14. Қағидалардың 9-тармағында, Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда рұқсат беру куәлігі және (немесе) рұқсат карточкасын беруден бас тартылады.

15 15. Тұтынушының өтініш берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін ұсынғанға дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету сатылары:

1 1) Осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес қажетті құжаттармен тұтынушы ХҚКО-на өтініш береді;

2 2) ХҚКО инспекторы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп өтінішті тіркеуді жүргізеді;

3 3) ХҚКО-ның жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жібереді.

ХҚО-нан құжаттар пакетінің уәкілетті органға жіберілгендігі туралы фактіні штриХҚКОдты сканер көмегімен тіркеу арқылы, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құжаттар қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін пайдаланылады;

4

4) уәкілетті органның (оның филиалы) кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және басшыға немесе оның орынбасарына қарауға береді, сонымен өтініштің оң төменгі бұрышына кіріс нөмірі мен датасы көрсетілген мемлекеттік тілде тіркеу мөртабанын қояды;

5 5) қаралған соң уәкілетті орган басшысы немесе оның орынбасары құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі бастығына жібереді;

6 6) көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды және көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі маманына жолдайды;

7

7) көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі маманы үш жұмыс күні ішінде ұсынылған өтініш және оған қоса берілген құжаттарды қарайды және рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын рәсімдеуді немесе дәлелденген бас тартуды дайындайды, содан кейін уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;

8 8) уәкілетті органның (оның филиалы) басшысы бір жұмыс күні ішінде рұқсат беру куәлігіне және (немесе) рұқсат карточкасына, жаңа рұқсат беру куәлігіне және (немесе) рұқсат карточкасына немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды және уәкілетті орган кеңсесіне жібереді;

9 9) уәкілетті органның (оның филиалы) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға курьер арқылы жібереді.

Уәкілетті органнан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдауда ХҚКО түскен құжаттарды штриХҚКОд сканері көмегімен тіркейді;

10 10) ХҚКО инспекторы мемлекеттік қызмет алушыға нәтижесін береді.

16 16. ХҚКО-да мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғаның ең аз саны 1 адамнан тұрады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі қызметтер (өзара әрекет етулер) сипаттамасы

17 17. ХҚКО-да құжаттар қабылдауды «кедергісіз қызмет көрсету» операциялық залда жүзеге асырылады, ХҚКО қызметкерінің лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

ХҚКО-да құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:
сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атауы;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО-ның қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты;
мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

18 18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесідей ҚАБ(ҚҚБ) қатыстырылған:

1 1) ХҚКО инспекторы;

2 2) ХҚКО жинақтаушы бөлімі инспекторы;

3 3) уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесі қызметкері;

4 4) уәкілетті орган бастығы немесе оның орынбасарлары;

5 5) көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі бастығы;

6 6) көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі маманы;

7 7) курьер.

19 19. Әрбір ҚФБ бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы және әрбір әкімшілік іс-қимылын орындау мерзімін көрсетумен әкімшілік іс-қимылдарының өзара іс-қимылдары (рәсімдері) осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

20 20. мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде әкімшілік іс-қимылдардың логикалық біркелкілігі арасында схема және ҚФБ осы Регламентке 3-қосымшада келтірілген.

21 21. Мемлекеттік қызмет алуға өтініштің нысаны Стандартқа 3-қосымшада белгіленген.

1 ӨТІНІШ

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын
жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін
және рұқсат карточкасын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Рұқсат беру туралы куәлiгiн және рұқсат беру карточкасын алуға
ӨТІНІШ
Халықаралық жүк тасымалын автомобильмен жүзеге асыруға рұқсат беру куәлiгiн және (немесе) рұқсат беру карточкасын мынадай (келесідей) автокөлiк құралдарына берудi өтiнемiн:
р/с №
Ав­то­көлiк құ­ра­лы­ның мар­ка­сы
Мем­ле­кет­тiк нө­мiрi
Мемлекеттiк тiркелу туралы куәлiк _______________________________
_________________________________________________________________
(№ және қашан берiлген)
Мекенжайы _______________________________________________________
(индексi, қаласы, ауданы, облысы, көшесi, үй №, телефон, факс)
Қоса берілетін құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
______________ _______________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
Мөрдiң орны:
20 ___ жылғы «____» __________
Өтiнiш 20 ___ жылғы «____» __________ қарауға қабылданды
_________________________________________________________________
(Мемлекеттiк органның жауапты тұлғасының Т.А.Ә., қолы)

2 «Халықаралық автомобиль тасымалдарын

жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін
және рұқсат карточкасын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Кесте 1. ҚАБ – құрылымдық-функционалдық бірлігі (іс-қимылын сипаттау)
Негіз­гі үде­ріс қыз­ме­ті
1
Қыз­мет №
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы, не оның орын­ба­сар­ла­ры
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бө­лім ба­стығы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бө­лім ма­ма­ны
3
Іс-қи­мыл­дар­дың (қыз­мет­тер) ата­уы және олар­дың си­па­ты (си­патта­ма­ла­ры)
Өті­ніш­ті және ха­лы­қа­ра­лық та­сы­мал­дар­ды жү­зе­ге асы­ру­ға рұқ­сат бе­ру ку­ә­лі­гін және рұқ­сат кар­точ­ка­сын алу­ға қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сін қа­был­дау, өті­ніш­ті қа­рау, уәкі­лет­ті ор­ган­ға (ме­ке­ме­ге, ұй­ым­ға) өті­ніш­ті және то­лық құ­жат­тар тіз­бе­сін жі­бе­ру.
Өті­ніш­ті және ха­лы­қа­ра­лық та­сы­мал­дар­ды жү­зе­ге асы­ру­ға рұқ­сат бе­ру ку­ә­лі­гін және рұқ­сат кар­точ­ка­сын алу­ға қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сін қа­был­дау.
Ха­лы­қа­ра­лық та­сы­мал­дар­ды жү­зе­ге асы­ру­ға рұқ­сат бе­ру ку­ә­лі­гін және рұқ­сат кар­точ­ка­сын алу өті­ні­шін қа­рау.
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рау.
Ма­ман өті­ніш­ті қа­рау ке­зін­де рұқ­сат және (неме­се) рұқ­сат кар­точ­ка­сын алу үшін өті­ніш түс­кен күн­нен ба­стап екі жұ­мыс күн ішін­де бас­қа аумақ­тық ор­ган­дар­ға өті­ніш­те көр­се­ті­л­ген (бе­рі­л­ген) ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын­да бас­қа рұқ­сат кар­точ­ка­ла­ры­ның бо­луы­на сұ­ра­ту жі­бе­ре­ді.
Ма­ман сұ­ра­ту­ды ал­ған күн­нен ба­стап бір жұ­мыс күн ішін­де сұ­ра­ту­да көр­се­ті­л­ген ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын­да рұқ­сат кар­точ­ка­ла­ры­ның бо­луы­на ту­ра­лы ақ­па­рат­ты жол­дай­ды, және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ХҚКО-на жол­дай­ды.
4
Аяқ­тау ны­са­ны
Бе­ру
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы және орын­да­лу мер­зі­мі көр­се­ті­л­ген бұ­ры­шта­ма қой­ы­л­ған (қа­рар шы­ға­ры­л­ған) құ­жат­тар.
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
20 ми­нут
1 күн
1 күн
1 күн
2 күн
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дар (қыз­мет­тер) нө­мір­ле­рі
1
2
3
4
5
7
Іс-қи­мыл­дың ата­уы және олар­дың си­па­ты (си­патта­ма­ла­ры)
Ха­лы­қа­ра­лық ав­то­мо­биль та­сы­мал­да­рын жү­зе­ге асы­ру­ға рұқ­сат бе­ру ку­ә­лі­гін және рұқ­сат кар­точ­ка­сын бе­ру
Ха­лы­қа­ра­лық ав­то­мо­биль та­сы­мал­да­рын жү­зе­ге асы­ру­ға рұқ­сат бе­ру ку­ә­лі­гін және рұқ­сат кар­точ­ка­сын ХҚКО-на қа­ғаз та­су­шы­дан (ку­рьер­ден) бе­ріп жі­бе­ру.
Ха­лы­қа­ра­лық ав­то­мо­биль та­сы­мал­да­рын жү­зе­ге асы­ру­ға рұқ­сат бе­ру ку­ә­лі­гін және рұқ­сат кар­точ­ка­сы­на қол қою.
8
Аяқ­тау ны­са­ны
Ха­лы­қа­ра­лық ав­то­мо­биль та­сы­мал­да­рын жү­зе­ге асы­ру­ға рұқ­сат бе­ру ку­ә­лі­гі және рұқ­сат кар­точ­ка­сы
Қол қой­ы­л­ған ха­лы­қа­ра­лық ав­то­мо­биль та­сы­мал­да­рын жү­зе­ге асы­ру­ға рұқ­сат бе­ру ку­ә­лі­гі және рұқ­сат кар­точ­ка­сы
9
Орын­да­лу мер­зі­мі
10 ми­нут
1 күн
1 күн
Кесте 2. Іске асыру түрі (нұсқасы). Негізгі үдеріс.
Негіз­гі үде­ріс
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы, оның орын­ба­сар­ла­ры
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бө­лім ба­стығы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бө­лім ма­ма­ны
Өті­ніш­ті және рұқ­сат бе­ру ку­ә­лі­гін және рұқ­сат кар­точ­ка­сын алу­ға қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сін қа­был­дау, тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу, со­ны­мен өті­ніш­тің оң тө­мен­гі бұ­ры­шы­на кі­ріс нө­мі­рі мен да­та­сы көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік тіл­де тір­кеу мөр­та­ба­ны қой­ы­ла­ды (со­ғы­ла­ды).
Рұқ­сат бе­ру ку­ә­лі­гін және рұқ­сат кар­точ­ка­сын алу ту­ра­лы өті­ні­шін қа­рау.
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рау.
Ма­ман өті­ніш­ті қа­ра­уда Рұқ­сат және рұқ­сат кар­точ­ка­сын алу үшін өті­ніш түс­кен күн­нен ба­стап екі жұ­мыс күн ішін­де бас­қа аумақ­тық ор­ган­дар­ға өті­ніш­те көр­се­ті­л­ген  ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын­да бас­қа рұқ­сат кар­точ­ка­ла­ры­ның бар-жо­ғы­на сұ­ра­ту жі­бе­ре­ді.
Ма­ман сұ­ра­ту­ды ал­ған күн­нен ба­стап бір жұ­мыс күн ішін­де сұ­ра­ны­ста көр­се­ті­л­ген ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын­да рұқ­сат кар­точ­ка­ла­ры­ның бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты жол­дай­ды, және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы­ға рұқ­сат ку­ә­лі­гі және рұқ­сат кар­точ­ка­сы бе­рі­ле­ді.
Рұқ­сат ку­ә­лі­гін және рұқ­сат кар­точ­ка­сын бе­ру.
Рұқ­сат ку­ә­лі­гі және рұқ­сат кар­точ­ка­сы­на қол қою.
Кесте 3. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
Ба­ла­ма­лы үде­ріс неме­се ке­ңей­ту
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы, не оның орын­ба­сар­ла­ры
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бө­лім ба­стығы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бө­лім ма­ма­ны
1. Өті­ніш және рұқ­сат бе­ру ку­ә­лі­гін және рұқ­сат кар­точ­ка­сын алу­ға қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сін қа­был­дау; өті­ніш­ті қа­рау, тір­кеу жур­на­лын­да өті­ніш­ті тір­кеу; уәкі­лет­ті ор­ган­ға (ме­ке­ме­ге, ұй­ым­ға) өті­ніш­ті және то­лық құ­жат­тар тіз­бе­сін жі­бе­ру.
2. Өті­ніш­ті және рұқ­сат бе­ру ку­ә­лі­гін және рұқ­сат кар­точ­ка­сын алу­ға қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сін қа­был­дау, тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу, со­ны­мен өті­ніш­тің оң тө­мен­гі бұ­ры­шы­на кі­ріс нө­мі­рі мен да­та­сы көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік тіл­де тір­кеу мөр­та­ба­ны қой­ы­ла­ды (со­ғы­ла­ды).
3. Рұқ­сат бе­ру ку­ә­лі­гін және рұқ­сат кар­точ­ка­сын алу ту­ра­лы өті­ні­шін қа­рау.
4. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рау.
5. Ма­ман өті­ніш­ті қа­ра­уда Рұқ­сат және (неме­се) рұқ­сат кар­точ­ка­сын алу үшін өті­ніш түс­кен күн­нен ба­стап екі жұ­мыс күн ішін­де бас­қа аумақ­тық ор­ган­дар­ға өті­ніш­те көр­се­ті­л­ген ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын­да бас­қа рұқ­сат кар­точ­ка­ла­ры­ның бар-жо­ғы­на сұ­ра­ныс жі­бе­ре­ді.
Ма­ман сұ­ра­ны­сты ал­ған күн­нен ба­стап бір жұ­мыс күн ішін­де сұ­ра­ны­ста көр­се­ті­л­ген ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын­да рұқ­сат кар­точ­ка­ла­ры­ның бар неме­се жоқ­тығы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты жол­дай­ды, және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы­ға рұқ­сат ку­ә­лі­гі және рұқ­сат кар­точ­ка­сы бе­рі­ле­ді.
1-1. Құ­жат­тар тіз­бе­сін то­лық емес ұсын­ған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту­дың дәлел­ді жа­у­а­бы­мен құ­жат­тар қай­та­ры­ла­ды.
7-1. Өті­ніш бе­ру­ші­ге рұқ­сат және рұқ­сат кар­точ­ка­сын бе­ру­ден бас тар­ты­л­ғанды­ғы жө­нін­де­гі жа­з­ба­ша қо­ры­тын­ды бе­рі­ле­ді  (жі­бе­рі­ле­ді).
7. Рұқ­сат және рұқ­сат кар­точ­ка­сын бе­ру­ден бас тар­ты­л­ғанды­ғы жө­нін­де­гі жа­з­ба­ша қо­ры­тын­ды­ны ХҚКО-на жі­бе­рі­ле­ді.
6. Рұқ­сат және рұқ­сат кар­точ­ка­сын бе­ру­ден бас тар­ты­л­ғанды­ғы жө­нін­де­гі жа­з­ба­ша қо­ры­тынды­ға қол қою.

3 «Халықаралық автомобиль тасымалдарын

жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін
және рұқсат карточкасын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
Өзара әрекет етудің функционалдық диаграммасы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үде­рі­сі
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның оның орын­ба­сар­ла­ры
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бө­лім ба­стығы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бө­лім ма­ма­ны

Қолданыстағы