Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы,и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Илийском районе

Қаулы · № 11-1219 · қабылданған 07.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69609/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы,и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Илийском районе Күшін жойған Қаулы ·№ 11-1219 ·07.12.2012
21.07.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы,и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Илийском районе

Күшін жойған Қаулы ·№ 11-1219 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы,и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Илийском районе
Атауы (қаз.)
Іле ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-1219
Қабылданған күні
07.12.2012
Көрсетілген редакция
21.07.2016 69609_276498.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12DJ002254
ЭКБ идентификаторы
69609
Редакция идентификаторы
69609_276498
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:34

0 Іле ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Іле ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2

2. "Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы) және "Іле аудандық жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі (Жакашев Еркін Абылханұлы) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдамамен қамтамасыз ету.

3

3. Іле ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы "Іле ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 5-553 қаулының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 27 маусымдағы N 2-10-164 нөмірімен енгізілген, 2012 жылғы 13 шілдеде N 28 "Іле таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Іле аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
07 желтоқсан 2012 жыл
Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы
"Іле аудандық жұмыспен
қамту орталығы" мемлекеттік
мекемесінің директоры
Джакашев Еркін Абылханұлы

Қолданыстағы