Об утверждении Инструкции по разработке и утверждению положения о государственном органе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции по разработке и утверждению положения о государственном органе
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1672
- Қабылданған күні
- 25.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2021 69647_538402.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001672
- ЭКБ идентификаторы
- 69647
- Редакция идентификаторы
- 69647_538402
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:12
0 Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
3 Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1672 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық
1
1. Мемлекеттік орган туралы ережені (бұдан әрі – ереже) мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мемлекеттік орган туралы үлгілік ереженің талаптарына және осы Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – нұсқаулық) сәйкес дербес әзірлейді.
2
2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның, орталық атқарушы органның, мәслихат аппаратының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне басшылық ететін мемлекеттік органның, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттар қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-консультативтік және басқа да қосалқы жұмысын атқаратын мемлекеттік органның, атқарушы мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруді жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органның ережесін әзірлеу кезінде қолданылады.