Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы ежеквартальной информации по монопольным видам продукции, об объемах производства и реализации, отпускных ценах и уровне доходности реализуемых монопольных товаров и инструкции по ее заполнению

Бұйрық · № 443-OД · қабылданған 14.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69655/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении формы ежеквартальной информации по монопольным видам продукции, об объемах производства и реализации, отпускных ценах и уровне доходности реализуемых монопольных товаров и инструкции по ее заполнению Күшін жойған Бұйрық ·№ 443-OД ·14.11.2012
24.02.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы ежеквартальной информации по монопольным видам продукции, об объемах производства и реализации, отпускных ценах и уровне доходности реализуемых монопольных товаров и инструкции по ее заполнению

Күшін жойған Бұйрық ·№ 443-OД · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы ежеквартальной информации по монопольным видам продукции, об объемах производства и реализации, отпускных ценах и уровне доходности реализуемых монопольных товаров и инструкции по ее заполнению
Атауы (қаз.)
Өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысанын және оны толтыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
443-OД
Қабылданған күні
14.11.2012
Көрсетілген редакция
24.02.2017 AI69655_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008176
ЭКБ идентификаторы
69655
Редакция идентификаторы
AI69655_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:53

0 Өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысанын және оны толтыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

"Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 48-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысаны;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Отын-энергетикалық кешенін, қаржы нарықтарын және өзге де салаларды талдау департаменті (М.Н. Әбсаттарова) осы бұйрықтың белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысы Н.Ә. Әбдіге жүктелсін.

4 Өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпарат нысаны

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тө­ра­ға
Ғ. Әб­ді­рахы­мов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің төрағасы
________________ Ә.Смайылов
2012 жылғы 19 қараша
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау агент­ті­гі­нің
(Мо­но­по­ли­я­ға қар­сы агент­тік)
2012 жы­л­ғы 14 қа­ра­ша­да­ғы
№ 443-НҚ бұй­ры­ғы­на
1-қо­сым­ша
Нысан
Өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпарат нысаны
Ай­дың ата­уы
Өнім­нің (та­у­ар­лар, жұ­мыстар, көр­се­ті­ле­тін мо­но­по­ли­я­лық қыз­мет­тер) тү­рі­нің ата­уы
Сы­нып­та­уыш, но­мен­кла­ту­ра
Өл­шем бір­лі­гі
Заттай мән­де өнім­нің мо­но­по­ли­я­лық түр­ле­рін (та­у­ар­лар, жұ­мыстар,
қыз­мет­тер) өн­ді­ру және өт­кі­зу кө­лем­де­рі (өл­шем бір­лі­гіне)
ЭҚ­ЖЖ
ӨӨСЖ
СЭҚ ТН
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да
Өңір­лер бө­лі­ні­сін­де
Тұ­ты­ну­шы­лар бө­лі­ні­сін­де
экс­порт­қа
өн­ді­ру
өт­кі­зу
өн­ді­ру
өт­кі­зу
өн­ді­ру
өт­кі­зу
КА­ТО-ға сәй­кес өңір ко­ды
мәні
КА­ТО-ға сәй­кес өңір­дің ко­ды
мәні
Тұ­ты­ну­шы­ның ко­ды
мәні
Тұ­ты­ну­шы­ның ко­ды
мәні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
кестенің жалғасы:
Құн­дық мән­де өнім­нің мо­но­по­ли­я­лық түр­ле­рін (та­у­ар­лар, жұ­мыстар, қыз­мет­тер)
өн­ді­ру және өт­кі­зу кө­лем­де­рі (тең­ге)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да
Өңір­лер бө­лі­ні­сін­де
Тұ­ты­ну­шы­лар бө­лі­ні­сін­де
экс­порт­қа
өн­ді­ру
өт­кі­зу
өн­ді­ру
өт­кі­зу
өн­ді­ру
өт­кі­зу
КА­ТО-ға сәй­кес өңір­дің ко­ды
мәні
КА­ТО-ға сәй­кес өңір­дің ко­ды
мәні
Тұ­ты­ну­шы­ның ко­ды
мәні
Тұ­ты­ну­шы­ның ко­ды
мәні
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
кестенің жалғасы:
Өнім­нің мо­но­по­ли­я­лық
түр­ле­ріне (та­у­ар­лар,
жұ­мыстар, қыз­мет­тер) боса­ты­лу ба­ға­сы
(ҚҚС-сыз) тең­ге­мен
Өнім бір­лі­гі­нің то­лық­тай өзін­дік құ­ны/са­ты­ла­тын ба­ға­сы (ҚҚС-сыз) тең­ге­мен
Өнім­нің мо­но­по­ли­я­лық түр­ле­рін (та­у­ар­лар,
жұ­мыстар, қыз­мет­тер) өт­кі­зу­ден та­быст­ы­лық және шы­ғын­ның дең­гейі
(құн­дық мән­де)
(ҚҚС-сыз) тең­ге­мен
Өңір­лер бө­лі­ні­сін­де
Тұ­ты­ну­шы­лар бө­лі­ні­сін­де
Са­рап­та­ма­лық ба­ға­сы
Өнім­нің мо­но­по­ли­я­лық тү­рін өт­кі­зу­ден және қыз­мет көр­се­ту­ден та­быс
Өнім­нің өн­ді­рі­стік өзін­дік құ­ны (өн­ді­рі­стік шы­ғын­дар)
Ке­зең шы­ғы­ста­ры (өн­ді­рі­стік емес шы­ғы­стар)
Са­лық сал­ған­ға дей­ін та­быс (шы­ғын)
Са­лық сал­ған­нан кей­ін кі­ріс (шы­ғын)
Рен­та­бель­ді­лік дең­гейі %
КА­ТО-ға сәй­кес өңір­дің ко­ды
ба­ға­сы
Тұ­ты­ну­шы­ның ко­ды
ба­ға­сы
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау агент­ті­гі­нің
(Мо­но­по­ли­я­ға қар­сы агент­тік)
2012 жы­л­ғы 14 қа­ра­ша­да­ғы
№ 443-НҚ бұй­ры­ғы­на
2-қо­сым­ша
Нысан
Өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткiзiлетiн монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

1

1. Өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткiзiлетiн монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейi туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық "Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2

2. Өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткiзiлетiн монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейi туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысанын (бұдан әрі - нысан) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізілген субъектілер тоқсан сайын – есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-iне дейiнгi мерзiмде береді.

3 3. Нысан мынадай үлгіде толтырылады:

1-бағанда есепті айдың атауы көрсетіледі;
2-бағанда осы бойынша нарық субъектісі Тізілімге енгізілген өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрінің атауы көрсетіледі
(Тізілімде өнімнің бір монополиялық түрінен көп болған жағдайда, есеп әрбір түрі бойынша жеке толтырылады);
3-бағанда Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ҚР ЭҚЖЖ 03-2007) сәйкес статистикалық коды көрсетіледі.
4-бағанда Өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) статистикалық жіктеуішіне (ӨӨСЖ ВСТ – 07 ред.3) сәйкес статистикалық коды көрсетіледі.
5-бағанда Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасына (СЭҚ ТН КО) сәйкес коды көрсетіледі;
6-бағанда өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
7-бағанда заттай мәнде Қазақстан Республикасындағы өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрін өндірудің жалпы көлемі көрсетіледі.
8-бағанда заттай мәнде Қазақстан Республикасындағы өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрін өткізудің жалпы көлемі көрсетіледі.
9, 11, 20, 22, 29 - бағандарда олардың бөлінісінде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өндіру мен өткізу көлемдері және босатылу бағасы туралы ақпарат берілетін өңірлердің кодтары көрсетіледі, бұл ретте өңірдің коды Әкімшілік - аумақтық объектілердің жіктеуішіне (ҚР ӘАОЖ 11-2009) сәйкес берілуі тиіс;
10-бағанда республика өңірлерінің бөлінісінде заттай мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өндіру көлемі көрсетіледі;
12-бағанда республика өңірлерінің бөлінісінде заттай мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өткізу көлемі көрсетіледі;
13, 15, 24, 26, 31 - бағандарда олардың бөлінісінде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өндіру мен өткізу көлемдері және босатылу бағасы туралы ақпарат берілетін тұтынушылардың кодтары көрсетіледі (тоқсан сайынғы есепте ұсынылатын ақпаратты ыңғайлы қабылдау үшін олар үшін өткізу көлемі өткізудің жалпы көлемінің 20%-ынан асатын ең ірі тұтынушыларға кодтарды еркін беру және тоқсан сайынғы есепке кодталған тұтынушылардың толық жазылуын қоса беру қажет);
14-бағанда тұтынушылар бөлінісінде (олар үшін өткізу көлемі өткізудің жалпы көлемінің 20%-ынан асатын тұтынушылар бөлінісінде) заттай мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өндіру көлемі көрсетіледі;
16-бағанда тұтынушылар бөлінісінде (олар үшін өткізу көлемі өткізудің жалпы көлемінің 20%-ынан асатын тұтынушылар бөлінісінде) заттай мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өткізу көлемі көрсетіледі;
17-бағанда заттай мәнде өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрі экспортының көлемі көрсетіледі;
18-бағанда құндық мәнде Қазақстан Республикасындағы өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрін өндірудің жалпы көлемі көрсетіледі;
19-бағанда құндық мәнде Қазақстан Республикасындағы өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрін өткізудің жалпы көлемі көрсетіледі;
21-бағанда республика өңірлерінің бөлінісінде құндық мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өндіру көлемі көрсетіледі;
23-бағанда республика өңірлерінің бөлінісінде құндық мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өткізу көлемі көрсетіледі;
25-бағанда олар үшін өткізу көлемі өткізудің жалпы көлемінің 20 %-ынан асатын тұтынушылар бөлінісінде құндық мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өндіру көлемі көрсетіледі;
27-бағанда олар үшін өткізу көлемі өткізудің жалпы көлемінің 20 %-ынан асатын тұтынушылар бөлінісінде құндық мәнде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлерін өткізу көлемі көрсетіледі;
28-бағанда құндық мәнде өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрі экспортының көлемі көрсетіледі;
30-бағанда республика өңірлері бөлінісінде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлеріне босатылу бағасы көрсетіледі (ҚҚС-сыз, теңгемен);
32-бағанда олар үшін өткізу көлемі өткізудің жалпы көлемінің 20%-ынан асатын тұтынушылар бөлінісінде өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрлеріне босатылу бағасы көрсетіледі (ҚҚС-сыз, теңгемен);
33-бағанда өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрінің экспорттық бағасы көрсетіледі;
34-бағанда өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрінің біреуінің толық өзіндік құны көрсетіледі, өнімді қайта сатқан жағдайда сатып алу бағасы (ҚҚС-сыз) теңгемен көрсетіледі;
35-бағанда өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрін сатудан алынған табыс көрсетіледі;
36-бағанда өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрінің өндірістік өзіндік құны (өндірістік шығындар) (ҚҚС-сыз) теңгемен көрсетіледі;
37-бағанда есепті кезеңде келтірілген кезеңнің шығыстары (өндірістік емес шығыстар) (ҚҚС-сыз) теңгемен көрсетіледі;
38-бағанда салық салғанға дейінгі монополиялық қызметтен қаржылық нәтижесі (пайда, шығын) (ҚҚС-сыз) теңгемен көрсетіледі;
39-бағанда салық салғаннан кейінгі монополиялық қызметтен қаржылық нәтиже (пайда, шығын) (ҚҚС-сыз) теңгемен көрсетіледі;
40-бағанда өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) монополиялық түрінің рентабельділік дәрежесі көрсетіледі, ол салық салғанға дейінгі пайданың (шығынның) өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) монополиялық түрін өндіру мен өткізу шығындарына қатынасы ретінде есептеледі (%).

4 4. Нарық субъектілері үшін жоғарыда аталған қандай да бір көрсеткішті қолдану тиімсіз болған жағдайда тиісті бағанда сызықша "-" қойылады және нысанға ақпараттың болмауының түсіндірмесі қоса беріледі.

5 5. Нысанға Тізілімде тұратын нарық субъектісінің басшысы қол қояды.

6 6. Монополияға қарсы органға белгiленген мерзiмде ақпарат бермегені не толық емес көлемде бергені, дұрыс емес және (немесе) жалған ақпарат бергені үшін нарық субъектілері қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.

Қолданыстағы