О проведении натурной персонификации условных земельных долей и завершении оформления правоустанавливающих документов на землю
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении натурной персонификации условных земельных долей и завершении оформления правоустанавливающих документов на землю
- Атауы (қаз.)
- Шартты жер үлесін иеленушілерге жер төлемдерін тұрақты бөлу (белгілеу) және жерге құқықты белгілейтін құжаттарды ресімдеуді аяқтау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 12.03.1999
- Көрсетілген редакция
- 12.03.1999 6970_257844.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98D000156_
- ЭКБ идентификаторы
- 6970
- Редакция идентификаторы
- 6970_257844
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:18
0 Шартты жер үлесін иеленушілерге жер
төлемдерін тұрақты бөлу (белгілеу) және жерге құқықты белгілейтін құжаттарды
ресімдеуді аяқтау туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 15.12.2000 № 219 шешімімен.
Жер қатынастарын реформалауды одан әрi тереңдету және жер рыногының базасын кеңейту мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Жер туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2717 Жарлығының 12-бабының 8-тармағына және 111-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы N 2578-ХІІ Заңының 42-бабына сәйкес ШЕШIМ ЕТЕМIН:
1. Аудандардың, Орал қаласының, ауылдық /селолық/ округтердiң әкiмдерi, облыстық жер ресурстары жөнiндегi комитет және оның жергiлiктi жерлердегi органдары заңмен белгiленген өкiлеттiктерiне сәйкес:
- 2001 жылға дейiн шартты жер үлесiн иеленушiлерге жер төлемдерiн тұрақты бөлудi /белгiленудi/ аяқтау және азаматтар мен заңды тұлғаларға өтiнiштер бойынша және меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар есебiнен жерге құқық белгiлеушi құжаттарды рәсiмдеу жөнiндегi шаралар өткiзудi қамтамасыз етсiн;
- 1999 жылғы 1 шiлдеге дейiн жерге құқығы бар заңды және дербес тұлғалардың /пәтер меншiк иелерiнiң кооперативтерiн қоса/ тiзiмдерiн анықтасын, бөлуге жататын алаңды, жер үлестерiн жер иеленушiлерге тұрақты белгiлеудiң тәртiбi мен кестесiн белгiлесiн.
Құжаттарды рәсiмдеу жұмыстарын одан әрi жүргiзу үшiн жиналыстарда жер үлестерiн иеленушiлер мен пәтер меншiк иелерi кооперативтерiнен өкiлеттi өкiлдер /кондоминиум қатысушыларын/ сайласын;
- шетел азаматтарына және заңды тұлғаларға жер беру тәртiбiнiң сақталуына ерекше көңiл бөлсiн;
- заңда белгiленген тәртiпте бұдан әрi қарай бөлу үшiн бұрынғы колхоздар мен совхоздардың пайдаланылмаған жерлерiн және қажет болмаған жер үлестерiн арнаулы жер қорына енгiзсiн.
2. Мемлекеттiк жер ресурстары ғылыми-өндiрiстiк еншiлес кәсiпорны кестеде белгiленген мерзiмде жердi бөлу жобаларын әзiрлеудi жүзеге асырсын, оларды ауылдық /селолық/ округтердiң жер үлестерiн иеленушiлерiнiң жалпы жиналыстарында қарап, аудандар әкімдерінің бекiтуiне беретiн болсын.
3. Аудандардың, Орал қаласының, ауылдық /селолық/ округтердiң әкiмдерi Мемлекеттiк жер ресурстары ғылыми-өндiрiстiк еншiлес кәсiпорнына дербес заңды тұлғалармен және өкiлеттi өкiлдермен жердi бөлу және оған құқық белгілейтін құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын орындау және төлеу жөнiнде келiсiмдер жасауды ұйымдастыруда қолдау көрсетсiн.