О создании республиканского государственного учреждения "Национальный антидопинговый центр "Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании республиканского государственного учреждения "Национальный антидопинговый центр "Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1718
- Қабылданған күні
- 28.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2014 AI69718_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001718
- ЭКБ идентификаторы
- 69718
- Редакция идентификаторы
- AI69718_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:06
0 "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Допингке қарсы ұлттық орталық» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.
2 2. Мекемеге қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) айқындалсын.
3 3. Агенттік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) мекеменің жарғысын бекітуді және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
17-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
17.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
931
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
832
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі
184
Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі
247
Риддер қаласындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі
112
Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі
270
Допингке қарсы ұлттық орталық
19
»;