Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы проверочного листа и критериев оценки степени рисков деятельности государственных органов по соблюдению законодательства о государственной службе и антикоррупционного законодательства

Бұйрық · № 02-01-02/167 · қабылданған 04.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69756/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении формы проверочного листа и критериев оценки степени рисков деятельности государственных органов по соблюдению законодательства о государственной службе и антикоррупционного законодательства Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-01-02/167 ·04.12.2012
31.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы проверочного листа и критериев оценки степени рисков деятельности государственных органов по соблюдению законодательства о государственной службе и антикоррупционного законодательства

Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-01-02/167 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы проверочного листа и критериев оценки степени рисков деятельности государственных органов по соблюдению законодательства о государственной службе и антикоррупционного законодательства
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
02-01-02/167
Қабылданған күні
04.12.2012
Көрсетілген редакция
31.12.2014 AI69756_4.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008187
ЭКБ идентификаторы
69756
Редакция идентификаторы
AI69756_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:41

0 Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 15-баптарына, «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағы 9) және 9-1) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 15), 19) және 20) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген:

1 1) Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тексеру парағының нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2 2) Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (А.Ш. Хайдаров):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Инспекция және бақылау бөлімінің меңгерушісі (Ғ.Ә. Әди) осы бұйрықтың талаптарын орындауды ұйымдастырсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

11 Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақталуы бойынша мемлекеттік органның қызметін тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызмет істері
Агенттігі төрағасының
2012 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 02-01-02/167 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақталуы бойынша мемлекеттік органның қызметін тексеру парағы
Тексеру тағайындаған мемлекеттік қызмет істері жөніндегі құзіретті орган
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акт _______________________________________
                                           (№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан мекен-жайы (тексерілетін субъектінің заңды мекен-жайы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеру мерзімі: «___» ______ 20___ ж. «___» _______ 20___ ж. аралығы

Та­лап ті­зі­мі
иә
жоқ
1
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­да са­я­си пар­тия ұй­ым­да­рын құ­ру бой­ын­ша шек­те­улер­ді қам­та­ма­сыз ету
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рі­мен мем­ле­кет­тік және ең­бек тәр­ті­бін сақ­та­уын қам­та­ма­сыз ету
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рі­мен мем­ле­кет­тік қыз­мет­те бо­луы­на бай­ла­ны­сты шек­теу та­лап­та­ры­ның сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке кір­ген тұ­лға­лар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы «Мем­ле­кет­тік қыз­мет ту­ра­лы» 1999 жы­л­ғы 23 шіл­де­де­гі Заң­да (бұ­дан әрі - Заң) көр­се­ті­л­ген та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі
5
Кадр­лық қыз­ме­ті­мен Заң­ның 6–ба­бын­да көр­се­ті­л­ген та­лап­та­рын сақ­та­луы
6
Мем­ле­кет­тiк әкiм­ші­лік ла­у­а­зым­ға кі­ру ке­зін­де сы­нақ бө­лі­гін­де та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
7
Мем­ле­кет­тiк әкiм­шiлiк қыз­мет­шiлер­дiң жұ­мыс уа­қы­ты­ның ұз­ақ­тығы та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
8
Iс­са­пар­лар кезiн­де­гi ке­пiл­дiк­тер мен өте­ма­қы­лар та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
9
Мүд­де­лер қақ­тығ­ы­сын­да та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
10
Та­бысы мен мүл­кі ту­ра­лы мәлi­ме­ті тап­сы­ры­л­ған де­кла­ра­ция анық­та­ма­сы­ның бар бо­луы.
11
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­дің сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы заң­на­ма­лар­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік функ­ци­я­лар­ды орын­да­у­мен сый­ы­спай­тын бас­қа да қыз­мет­пен ай­на­лы­су бой­ын­ша шек­те­улер­дің сақ­та­уы
12
Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ке кі­ру, мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­нің бас­қа ла­у­а­зым­ға ауы­су және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті тоқ­та­ту бой­ын­ша та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
13
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ге ең­бек де­ма­лы­сын бе­ру ке­зін­де­гі та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
14
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­шiлер­дi әле­умет­тiк қор­ғау ша­ра­ла­ры та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
15
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рі­мен мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті тоқ­та­ту та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
16
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­нің ар­найы тек­се­рі­стен өту қо­ры­тындысы ту­ра­лы ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­ның оң ше­ші­мі ха­ты­мен дәлел­ден­ген кадр­лық-есеп­тік тір­кеу құ­жа­ты­ның бо­луын­да сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы заң­на­ма­ның та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
17
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 1999 жы­л­ғы 29 жел­тоқ­сан­да­ғы № 319 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­сі­нің Ан­тын қа­был­дау (ант­тың ти­іс­ті мәті­ні­нің бо­луы) тәр­ті­бі­нің та­лап­та­рын сақ­та­луы
18
Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­ге тәр­тіп­тік жа­за қол­да­ну­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 1999 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 321 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­ле­рі­нен тәр­тіп­тік жа­за қол­да­ну ту­ра­лы ере­же­сін­де көз­дел­ген та­лап­тар­дың сақ­та­луы
19
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2000 жы­л­ғы 21 қаң­тар­да­ғы № 327 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­лер­дің қыз­ме­тіне жыл сай­ын­ғы ба­ға­лау жүр­гі­зу және олар­ды ат­те­стат­та­удан өт­кі­зу қа­ғи­да­ла­ры­мен қа­рас­ты­ры­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­ле­рі­нің қыз­ме­тіне жыл сай­ын­ғы ба­ға­лау жүр­гі­зу және олар­ды ат­те­стат­та­удан өт­кі­зу тәр­ті­бі­нің сақ­та­луы
20
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­нің ла­у­а­зым­дық жа­ла­қы алу­ға құқық бе­ре­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­нің ста­жын есеп­те­удің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2000 жы­л­ғы 10 на­уры­зда­ғы № 357 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Мем­ле­кет­тік қыз­мет өт­ке­ру тәр­ті­бі ту­ра­лы ере­же­сі­нің та­ла­бы­на сәй­кест­і­гі
21
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның кон­кур­стық ко­мис­си­я­сы­ның мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­тің кадр ре­зер­віне алу ту­ра­лы ұсы­ны­мы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2003 жы­л­ғы 4 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1243 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің кадр ре­зер­ві ту­ра­лы ере­же­сін­де көр­се­ті­л­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
22
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2004 жы­л­ғы 11 қа­зан­да­ғы № 1457 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рін қай­та да­яр­лау және олар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ере­же­сі­мен қа­рас­ты­ры­л­ған мер­зім­ді­лік та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
23
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рі­мен Заң­ның 20-1 ба­бы­ның және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2005 жы­л­ғы 5 ма­мыр­да­ғы № 1567 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рі­нің Ар-На­мыс Ко­дек­сі­нің (мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­дің қыз­мет эти­ка­сы Ере­же­ле­рі) та­лап­та­рын сақ­та­уы
24
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі агент­ті­гі Тө­ра­ға­сы­ның 2013 жы­л­ғы 19 на­уры­зда­ғы № 06-7/32 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 8380 са­ны­мен тір­кел­ген) бос әкім­ші­лік мем­ле­кет­тік ла­у­а­зым­ға ор­на­ла­су­ға кон­курс өт­кі­зу және кон­курс ко­мис­си­я­сын қа­лып­та­сты­ру қа­ғи­да­ла­ры­мен қа­рас­ты­ры­л­ған мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­да бай­қау ко­мис­си­я­ның қа­лып­та­сты­ру­дың және «Б» кор­пу­сы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­да­ры­на ор­на­ла­су­ға кон­курс өт­кі­зу тәр­ті­бі және шар­ттар­дың сақ­та­луы
25
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі Агент­ті­гі тө­ра­ға­сы­ның 2003 жы­л­ғы 29 сәу­ір­де № 02-01-02/59 Бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­нің қыз­мет­тік ті­зі­мін тол­ты­ру бой­ын­ша ұсы­ны­ста­ры­ның сақ­та­луы (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 2290 са­ны­мен тір­кел­ген)
26
Ат­те­ста­ци­ядан өт­кен мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­дің ат­те­ста­ци­я­лық па­рақ­та­ры­ның, сон­дай-ақ қыз­мет­тік мі­нез­де­ме­ле­рі­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі Агент­ті­гі тө­ра­ға­сы­ның 2005 жы­л­ғы 22 мау­сым­да­ғы № 02-01-02/81 Бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген ны­са­ны­на сәй­кест­і­гі (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 3695 са­ны­мен тір­кел­ген)
27
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі жө­нін­де­гі агент­ті­гі Тө­ра­ға­сы бі­рін­ші орын­ба­са­ры­ның 2008 жы­л­ғы 9 қаң­тар­да­ғы № 02-01-02/5 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 5084 са­ны­мен тір­кел­ген) «Б» кор­пу­сы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­да­ры­ның са­нат­та­ры­на үл­гі­лік бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­мен қа­рас­ты­ры­л­ған «Б» кор­пу­сы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­да­ры са­нат­та­ры­ның А, В, С, Б, Е са­нат­та­ры топ­та­ры­ның бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на, «Б» кор­пу­сы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­да­ры­на та­ғай­ын­дал­ған адам­дар­дың сәй­кест­і­гі
28
Мем­ле­кет­тік ор­ган қыз­мет­кер­ле­рі­нің ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улы­ғы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі Агент­ті­гі тө­ра­ға­сы­ның 2011 жы­л­ғы 12 та­мы­зда­ғы № 02-01-02/164 Бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­нің ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улы­ғын әзір­леу мен бе­кі­ту жө­нін­де­гі ере­же­сі­мен қа­рас­ты­ры­л­ған та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 7157 са­ны­мен тір­кел­ген)
Тексерістің аяқталу күні ______________________________________
      Тексерісті жүргізген лауазымды тұлғалар:
      _______________________________ _______________________________
            (лауазымы) (қолы)                   (Т.А.Ә.)
      _______________________________ _______________________________
            (лауазымы) (қолы)                   (Т.А.Ә.)
      Тексерілетін субъектінің басшысы
      таныстым:
      _______________________________ _______________________________
             (Т.А.Ә., лауазымы)                     (қолы)

12 Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызмет істері
Агенттігі төрағасының
2012 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 02-01-02/167 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1 1. Жалпы ережесі

1

1. Осы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ережесіне сәйкес әзірленген.

2 2. Бұл критерийлер мемлекеттік қызмет саласы бойынша тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығын анықтайды.

3 3. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бақылау субъектілері – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, мемлекеттік қызметшілер және өзге Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген тұлғалар және өзге де соларға теңестiрiлген тұлғалар;

2 2) тәуекел дәрежесін бағалау жүйесі - мемлекеттік қызмет саласы бойынша бақылау субъектілерін әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

3 3) тәуекел – меритократиялық, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік принциптеріне негізделген кәсіптік мемлекеттік қызмет жүйесінің төмендеуіне, мемлекеттік қызметшілердің, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы.

2 2. Объективті критерийлерді ескере отырып субъектілерді жоғары, орташа не шамалы тәуекел топтарына таратып бөлу

4

4. Тәуекелді бағалау бақылау субъектілерінің қызметі барысында келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың негізді деп табылған шағымдарын, «қызметкерлерді басқару» бағыты бойынша қызметінің тиімділігін, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулермен анықталған бұзушылықтарды, мемлекеттік органдардың тексеру қорытындыларын және жүргізген мониторингі мен есептік көрсеткіштерінің нәтижелерін ескеру арқылы жүргізіледі.

5 5. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесі оның, мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын сапалық көрсеткіштеріне сақталу нәтижесіне қарай қайта бөлініп отырады.

1 1) болмашы тәуекел дәрежесі субъектілеріне – мониторинг және есептік көрсеткіштеріне талдау жүргізу нәтижесінде Критерийдің 7-тармағына сәйкес айыпты балдар алғандар.

2

2) жоғары тәуекел дәрежесі субъектілеріне – жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің санына қарай және онда көрсетілген бұзушылықтардың дәлелденуі салдарынан, сонымен бірге жыл сайынғы «қызметкерлерді басқару» бағыты бойынша қызметінің тиімділігін бағалау барысында Критерийдің 7-тармағына сәйкес айыпты балдар алған мемлекеттік органдар.

3 3) орташа тәуекел дәрежесі субъектілеріне - жоспарлы және жоспардан тыс тексерулермен анықталған бұзушылықтар және басқа мемлекеттік органдардың тексеру қорытындылары нәтижесінде айыпты Критерийдің 7-тармағына сәйкес балдар алғандар.

6 6. Алғашқыда барлық бақылау субъектілері төменгі тәуекел дәрежесіне жатқызылады.

7 7. Әр тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері келесі тәртіпте тағайындалады:

1 1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде бұзушылықтар анықталған өтініштер саны:

1 ден 3 дейінгі өтініштер – 4 балл;
4 тен 7 дейінгі өтініштер – 7 балл;
7 ден жоғары өтініштер – 10 балл.

2 2) мемлекеттік органдардың жыл сайынғы «қызметкерлерді басқару» бағыты бойынша қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысы:

Мемлекеттік органның бағалау қорытындысы бойынша «тиімді» түрдегі көрсеткіші – 4 балл;
Мемлекеттік органның бағалау қорытындысы бойынша «тиімділігі төмен» түрдегі көрсеткіші – 7 балл;
Мемлекеттік органның бағалау қорытындысы бойынша «тиімсіз» түрдегі көрсеткіші – 10 балл;

3 3) жоспарлы, жоспардан тыс тексерулермен және мемлекеттік органдардың тексеру қорытындысымен анықталған бұзушылықтар саны:

1 ден 5 дейінгі бұзушылық – 3 балл;
5 тен 10 дейінгі бұзушылық – 6 балл;
10 жоғары заңбұзушылық – 8 балл.

4 4) мониторинг және есептік көрсеткіштерге талдау жүргізу нәтижесінде мемлекеттік органдарда анықталған бұзушылықтар саны:

1 ден 6 дейін – 2 балл;
7 ден 12 дейін – 5 балл;
12 ден жоғары – 7 балл.
Мемлекеттік қызмет заңнамаларының талаптарын сақтамау деректері бойынша дер кезінде шара қабылдамауы (анықталған бұзушылықтар санына қарамастан) – 10 балл.

8 8. Барлық критерийлер бойынша жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшін тәуекел критерийлері бойынша балдар қосылады.

9 9. Барлық критерийлер бойынша жиынтық қорытындының нәтижелері бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесінің топтары бойынша қайта бөлу үшін қолданылады.

10 10. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесінің топтары бойынша қайта бөлу мынадай түрде жүргізіледі:

1 1) бес жылда 1 рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің төменгі тобына 0-ден 20 дейін бал жинаған бақылау субъектілері жатады;

2 2) үш жылда 1 рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің орташа тобына 21-ден 40-қа дейін бал жинаған бақылау субъектілері жатады;

3 3) бір жылда 1 рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің жоғары тобына 40-тан жоғары бал жинаған бақылау субъектілері жатады.

Факторлар салалас болуына байланысты балдарды санау үшін ашық 10 балдық шкала қолданылады.

3 3. Қорытынды ережелер

11 11. Арнайы критерийлер топтары бойынша тексерулерді айқындау принциптері:

1 1) тәуекелдің бір тобы бойынша ғана балл жинаған кезде тақырыптық, яғни осы тәуекел тобына қатысты мәселелер бойынша тексерулер жүргізіледі;

2 2) екі және одан көп топтар бойынша балл жинаған кезде бақылаудың барлық мәселелері бойынша тексерулер кешенді жүргізіледі.

12 12. Тәуекел дәрежесінің бір деңгейі шеңберінде тексерулер жүргізу үшін субъектілерді іріктеу принцптері:

1 1) берілген (алған) баллдардың едәуір сомасы бойынша;

2 2) берілген баллдар тең болған жағдайда едәуір тексерілмеген кезеңі бар субъектілер тексеру жоспарына енгізілді.

Қолданыстағы