Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на медицинскую деятельность"

Қаулы · № 380 · қабылданған 19.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69794/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на медицинскую деятельность" Күшін жойған Қаулы ·№ 380 ·19.12.2012
27.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на медицинскую деятельность"

Күшін жойған Қаулы ·№ 380 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на медицинскую деятельность"
Атауы (қаз.)
"Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" электрондық мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
380
Қабылданған күні
19.12.2012
Көрсетілген редакция
27.06.2013 69794_190104.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12U0002186
ЭКБ идентификаторы
69794
Редакция идентификаторы
69794_190104
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:24

0 "Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" электрондық мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы

Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Нажметдинұлына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2012 жылғы «19» желтоқсандағы
№ 380 қаулысымен бекітілген
«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электронды мемлекеттік қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электронды мемлекеттік қызметі «Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-қызмет беруші), «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы және «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталында, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы ұсынылады.

2

2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысымен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (бұдан әрі-электрондық мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі-Стандарт) негізінде көрсетіледі.

3 3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандырылу деңгейі: ішінара автоматтандырылған.

4 4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету түрі: транзакциялық.

5 5. Осы электрондық мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі-Регламент) пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:

1 1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдану арқылы ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, беру мен ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі-АЖ);

2 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – барлық жинақталған үкіметтік ақпаратқа, соның ішінде нормативтік-құқықтық базаға және электронды мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірыңғай терезе түріндегі ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮП);

3

3) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрғызылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтері бар, ол лицензиар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ);

4 4) «электрондық үкіметтің» шлюзі -электронды қызметтерді жүзеге асыру шеңберінде «электронды үкіметтің» ақпараттық жүйелерінің кіруі үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ);

5

5) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерді жүзеге асырған кезде екінші деңгейдегі банктердің, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮТШ);

6

6) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы – Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық бизнес сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған автоматтандырылған жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);

7

7) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы – ақпаратты автоматтандырылған түрде жинауға, сақтау мен өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және мемлекеттік басқару органдары мен басқа да субъектілерге, олардың өкілеттіктері шегінде және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар туралы өзекті әрі шынайы мәлімет ұсыну мақсатында Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құру үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДҚ);

8

8) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ, тиісті министрліктер мен ведомстволармен халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету үдерісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (одан әрі – ХҚКО АЖ);

9 9) алушы- электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлға;

10 10) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлға, соның ішінде дербес кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын әмбебап нөмір (бұдан әрі - ЖСН);

11 11) бизнес сәйкестендіру нөмірі – бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН);

12 12) пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;

13 13) транзакциялық қызмет – пайдаланушыларға электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды қажет ететін электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну қызметі;

14 14) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, тиістілігі мен мазмұнының өзгеріссіздігін растайтын электронды цифрлық белгілер жиынтығы (бұдан әрі-ЭЦҚ);

15 15) электрондық құжат – ақпарат электронды цифрлық нысанда ұсынылған және ЭЦҚ арқылы куәландырылған құжат;

16 16) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

17 17) электрондық лицензия – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензияға мәні тең электрондық құжат түріндегі лицензия;

18 18) бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе - нотариалдық қызметтің автоматтандырылуы және әділет органдары мен нотариалдық палаталардың өзара әрекеттесуі үшін арналған ақпаратты-бағдарламалық кешен (бұдан әрі-БНАЖ);

19 19) құрылымдық – функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ ) – бұл қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе өзге ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің және ақпараттық жүйелердің тізбесі;

20 20) АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны;

21 21) «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі – электрондық қызметті жүзеге асыру шеңберінде «электрондық әкімдіктің» ақпараттық жүйелерінің кіруі үшін арналған «электрондық үкімет» шлюзінің жүйесі (бұдан әрі - ЭҮӨШ).

2 2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет беруші әрекетінің тәртібі

6 6. ЭҮП арқылы қадамдық іс-қимыл және шешімдер осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы):

1 1) алушы өзінің ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-та тіркеуді жүзеге асырады, ол алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП-та тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

2 2) 1-үдеріс - алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-қа алушының пароль енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);

3 3) 1-шарт – ЭҮП-да тіркелген алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тексеру;

4 4) 2-үдеріс – алушы деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты ЭҮП-мен авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5 5) 3-үдеріс – алушы осы Регламентте көрсетілген қызметті «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-де таңдайды, қызмет көрсету және нысанның құрылымы мен форматтық талаптарының есебімен, сұрау нысанына электронды түрде қажетті құжаттарды бекіте отырып, оны алушының толтыруы үшін экранға сұрау нысанын шығару;

6 6) 4-үдеріс – қызметтерді ЭҮТШ-та төлеу, одан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға түседі;

7 7) 2-шарт - қызмет көрсеткені үшін төлем фактісін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тексеру;

8 8) 5-үдеріс – қызметтерді «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсеткені үшін төлемдердің болмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9 9) 6-үдеріс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

10 10) 3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің (жойылған) жоқ болуын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН арасында және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП-да тексеру;

11 11) 7-үдеріс – алушының ЭЦҚ-ның нақтылығын растамаумен байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12 12) 8-үдеріс – алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгізілген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);

13 13) 9-үдеріс - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да электронды құжатты (алушының сұрауын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрауды өңдеу;

14 14) 4-шарт – лицензия беру үшін алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін қызмет берушінің тексеруі;

15 15) 10-үдеріс – алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ғы деректерінде бұзушылықтарының бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;

16 16) 11-үдеріс – алушының ЭҮП құрған қызмет (электрондық лицензия) нәтижелерін алуы. Электронды құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен құрылады.

7 7. Қызмет беруші арқылы қадамдық іс-қимылы және шешімі осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы):

1 1) 1-үдеріс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызмет беруші қызметкерінің логин мен парольді «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға енгізуі;

2 2) 1-шарт – қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің нақтылығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин және пароль арқылы тексеру;

3 3) 2-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастыру;

4

4) 3-үдеріс – осы Регламентте көрсетілген қызметтерді қызмет беруші қызметкерінің таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және қызмет көрсету қызметкерінің алушы деректерін енгізуі, сондай-ақ алушы өкілінің сенімхаты негізінде (нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда, өзгедей сенімхат куәландырылған жағдайда сенімхат деректері енгізілмейді);

5 5) 4-үдеріс – ЭҮШ арқылы алушы деректері туралы ЗТ МДҚ-ға, сондай ақ алушы өкілінің деректері туралы БНАЖ-ға сұраныс жіберу;

6 6) 2-шарт – алушы деректерінің ЗТ МДҚ-да, БНАЖ-да бар болуын тексеру;

7 7) 5-үдеріс - алушы деректерінің ЗТ МДҚ-да, сенімхат деректерінің БНАЖ-да жоқ болуына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;

8 8) 6-үдеріс – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгісі бөлігінде сұрау нысанын толтыру және алушы ұсынған қажетті құжаттарды қызмет беруші қызметкерінің сканерлеуі және оларды сұраныс нысанына тіркеу;

9 9) 7-үдеріс – сұрауды «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметтерді өңдеу;

10 10) 3-шарт – қызмет берушінің лицензия беру үшін алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеруі;

11 11) 8-үдеріс - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да алушы деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12 12) 9-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да құрылған қызмет нәтижелерін алушының алуы. Электронды құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен қалыптастырылады.

8 8. Орталық операторының Орталық арқылы қадамдық іс-қимылы және шешімдері осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 3 диаграммасы):

1 1) 1-үдеріс- электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін Орталық операторының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин мен парольді енгізуі (авторлау үдерісі);

2 2) 2-үдеріс – Орталық операторының, осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, электронды мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару мен Орталық операторының алушының деректерін енгізуі;

3 3) 3-үдеріс - ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ- на алушының деректері туралы сұраныс жіберу;

4 4) 1-шарт -ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да алушы туралы деректердің болуын тексеру;

5 5) 4-үдеріс - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да алушы туралы деректердің болмауына байланысты мәліметтерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;

6 6) 5-үдеріс - Орталық операторының сұраныс нысанын, құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгіге қатысты бөлігінде толтыру және алушы ұсынған құжаттарды сканерлеу, оларды сұраныс нысанына тіркеу, қызмет көрсетуге сұраныс нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру;

7 7) 6-үдеріс - Орталық операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электронды құжатты (алушының сұранысын) ЭҮШ арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-на жіберу;

8 8) 7-үдеріс - электрондық құжатты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ -да тіркеу;

9 9) 2-шарт – электрондық мемлекеттік қызмет берушінің Стандартта көрсетілген, алушы тіркеген құжаттардың және қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеру (өңдеу);

10 10) 8-үдеріс - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ -да алушының құжаттарында қателіктердің болуына байланысты сұралып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11 11) 9-үдеріс - алушының Орталықтың операторы арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электронды лицензия) алуы.

9 9. Қызметтің сұранысы мен жауабының нысандары «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталында келтірілген.

10 10. Алушының электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұраныстың орындалу мәртебесін тексеру әдісі: «электрондық үкімет» порталындағы «Қызмет алу тарихы» бөлімінде, сондай-ақ қызмет берушіге жүгінгенде.

11 11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпаратты және кеңесті саll – орталықтың (1414) телефонынан алуға болады.

3 3. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету барысында өзара әрекеттесу тәртібінің сипаттамасы

12 12. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:

1 1) ЭҮП;

2 2) ЭҮШ;

3 3) ЭҮТШ;

4 4) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ;

5 5) ЗТ МДБ;

6 6) ЖТ МДБ;

7 7) ХҚКО;

8 8) қызмет беруші.

13 13. Әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) кезектілігінің мәтінді кестелік сипаты әрбір әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

14 14. Әрекеттердің олардың сипатына сәйкес қисынды кезектілігі арасындағы өзара байланысты (қызметті көрсету үдерісінде) көрсететін диаграмма осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

15 15. Алушыларға қызметтің көрсетілу нәтижелері осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

16 16. Қызметті көрсету үдерісінде алушыларға қойылатын талаптар:

1 1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);

2 2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);

3 3) қолжетімділік (ақпараттар мен ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау);

17 17. Қызмет көрсетудің техникалық шарттары:

1 1) Интернетке шығу;

2 2) электронды лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН бар болуы;

3 3) ЭҮП авторизациялау;

4 4) ЭЦҚ пайдаланушының болуы;

5 1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ-ның іс-қимылдарын сипаттау

5) екінші деңгейдегі банкіде банкілік карточкасының немесе ағымдағы шотының бар болуы.
«Медициналық қызметке лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызметінің регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ-ның іс-қимылдарын сипаттау
№ іс-қи­мыл (жұ­мыстар ба­ры­сы, ағын­ның)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
ҚФБ-ның ата­уы
Алушы
ЭҮП
Алушы
ЭҮТШ
ЭҮП
Алушы
ЭҮП
Алушы
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
Іс-қи­мыл­дың ата­уы (үде­ріс, рә­сім, опе­ра­ци­я­лар) және олар­дың си­патта­ма­сы
ЭЦҚ тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің тұ­ты­ну­шы­ның ком­пью­те­рін­де­гі ин­тер­нет ба­у­зе­ріне бе­кі­ту
Алушы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бар бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны құ­ру
Элек­трон­ды түр­де қа­жет­ті құ­жат­тар­ды бе­кі­те оты­рып, қыз­мет­ті таң­дай­ды және сұ­рау де­ректе­рін құ­ра­ды
Қыз­мет­тер­ді тө­леу
Төлем­нің жоқ бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­ды
Сұ­ра­уды ку­әлан­ды­ру (қол қою) үшін ЭЦҚ таң­дау
Алушы­ның ЭЦҚ нақ­ты­лы­ғы­ның рас­тал­мауы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны құ­ра­ды
ЭЦҚ ар­қы­лы сұ­ра­уды ку­әлан­ды­ру (қол қою)
Элек­трон­дық құ­жат­ты, өті­ніш­ті (алушы­ның сұ­ра­уын) және сұ­ра­ны­сты өң­деу
Алушы де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бар бо­луы­на бай­ла­ны­сты сұ­ра­ты­л­ған қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны құ­ру
Элек­трон­дық құ­жат
Аяқ­та­лу ны­са­ны
(де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім­дер )
Сұ­ра­ны­сты сәт­ті қа­лып­та­стыр­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны бей­не­леу
Сұ­ра­ты­л­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ны­сты сәт­ті қа­лып­та­стыр­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны бей­не­леу
Әре­кет­тің сәт­ті аяқ­тал­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны бей­не­леу
Сұ­ра­ты­л­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ны­сты ба­ғыт­тау
Сұ­ра­ты­л­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ны­сты ба­ғыт­тау
Өті­ніш­ке нө­мір бе­ру­мен сұ­ра­ны­сты тір­кеу
Сұ­ра­ты­л­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­ды ли­цен­зия, қай­та бе­рі­л­ген ли­цен­зия, ли­цен­зия кө­шір­ме­сі
Орын­дау мер­зім­де­рі
10-15 се­кунд
20 се­кунд
1,5 ми­нут
1,5 ми­нут
20 се­кунд
10-15 се­кунд
10-15 се­кунд
1,5 ми­нут
1,5 ми­нут
20 се­кунд
15 жұ­мыс кү­ні, 10 жұ­мыс кү­ні, 2 жұ­мыс кү­ні
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
2-егер алушы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бар бол­са;
3 – егер ав­то­ри­за­ция сәт­ті өт­се
-
4
5 – егер тө­ле­ме­се, 6- егер тө­ле­се
-
7-егер ЭЦҚ қа­те бол­са; 8 – ЭЦҚ қа­те бол­ма­са
-
-
Ли­цен­зия бе­ру үшін қыз­мет бе­ру­ші­нің бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және негіз­дер­ге алушы­ның сәй­кест­і­гін тек­се­ру
2 кесте. Қызмет көрсетуші арқылы ҚФБ-ның іс-қимылдарын сипаттау
1
Іс - әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
3
4
5
6
7
8
9
2
ҚФБ ата­уы
Қыз­мет бе­ру­ші
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ
Қыз­мет бе­ру­ші
ЖТ МДБ/ЗТ МДБ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ
Қыз­мет бе­ру­ші
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ
3
Іс - әре­кет­тің
(про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оның си­патта­ма­сы
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ-да ав­то­ри­за­ци­я­лау
Де­ректер­де қа­те­лік­тер­дің бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Қыз­мет бе­ру­ші­нің қыз­мет­ке­рі­мен қыз­мет­ті таң­дау
ЖТ МДБ/ЗТ МДБ пай­да­ла­ну­шы­ның де­ректе­рі ту­ра­лы сұ­рау жол­дау
Де­ректер­де қа­те­лік­тер­дің бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Құ­жат­тар­ды тір­кей оты­рып, сұ­рау ны­са­нын тол­ты­ру
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ-да элек­трон­ды құ­жат­ты тір­кеу және «Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ-да қыз­мет­ті өң­деу
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ-да­ғы пай­да­ла­ну­шы­ның де­ректе­рін­де қа­те­лік­тер­дің бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­ды құ­жат (элек­трон­ды ли­цен­зия)
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру - өкім­дік ше­шім)
Сұ­ра­ны­сты сәт­ті қа­лып­та­стыр­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны бей­не­леу
Сұ­ра­ты­л­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ны­сты сәт­ті қа­лып­та­стыр­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны бей­не­леу
Сұ­ра­ны­сты ба­ғыт­тау
Сұ­ра­ты­л­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ны­сты сәт­ті қа­лып­та­стыр­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны бей­не­леу
Өті­ніш­ке нө­мір бе­ру­мен сұ­ра­ны­сты тір­кеу
Сұ­ра­ты­л­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­ды ли­цен­зия, қай­та бе­рі­л­ген ли­цен­зия, ли­цен­зия кө­шір­ме­сі
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
10-15 се­кунд
20 се­кунд
1,5 ми­нут
1,5 ми­нут
20 се­кунд
10-15 се­кунд
10-15 се­кунд
20 се­кунд
15 жұ­мыс кү­ні, 10 жұ­мыс кү­ні, 2 жұ­мыс кү­ні
6
Ке­ле­сі іс -әре­кет­тің нө­мі­рі
қыз­мет бе­ру­ші­нің ло­ги­ні мен па­ро­лі ту­ра­лы де­ректер­дің түп­нұс­қа­лы­ғын «Е-ли­цен­зи­я­лау» МДБ АЖ-да тек­се­ру
-
4
5 – егер пай­да­ла­ну­шы де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бол­са;
6 – ав­то­ри­за­ци­я­лау сәт­ті өт­се
8-егер «Е-ли­цен­зи­я­лау» МДБ АЖ-да сұ­рау са­лу бой­ын­ша де­ректер жоқ бол­са;9-егер сұ­рау са­лу­да де­ректер та­был­са
-
3 кесте. ҚФБ-ң ХҚКО арқылы іс-әрекеттерін сипаттау
1
Іс - әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
3
4
5
6
7
8
9
2
ҚФБ ата­уы
ХҚКО АЖ АЖО
Ор­та­лық опе­ра­то­ры
Ор­та­лық опе­ра­то­ры
ЖТ МДБ/ЗТ МДБ
Ор­та­лық опе­ра­то­ры
Ор­та­лық опе­ра­то­ры
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ
3
Іс - әре­кет­тің (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оның си­патта­ма­сы
Ло­гин және па­роль бой­ын­ша Ор­та­лық опе­ра­то­ры ав­тор­лай­ды
Қыз­мет­ті таң­дай­ды және сұ­ра­удың де­ректе­рін қа­лып­та­сты­ра­ды
ЖТ МДБ/ЗТ МДБ пай­да­ла­ну­шы­ның де­ректе­рі ту­ра­лы сұ­рау жол­дау
Алушы ту­ра­лы де­ректер­дің бол­мауы­на бай­ла­ны­сты мә­лі­мет­тер­ді алу мүм­кін еме­сті­гі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма құ­ра­ды
сұ­ра­ныс ны­са­нын тол­ты­ру, сұ­ра­ныс ны­са­ны­на қа­жет­ті құ­жат­тар­ды ЭЦҚ ар­қы­лы ку­әлан­ды­ру
ЭЦҚ-опе­ра­то­ры­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған (қол қой­ы­л­ған) құ­жат­ты «Е-ли­цен­зи­я­лау» МДБ АЖ-на жі­бе­ру
Құ­жат­ты тір­кеу
Алушы­ның құ­жат­та­рын­да қа­те­лік­тер­дің бо­луы­на бай­ла­ны­сты сұ­ра­лып отыр­ған қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма құ­ру
Алушы­ның қыз­мет нәти­же­сін алуы
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру - өкім­дік ше­шім)
Жүй­е­де­гі нө­мір бе­рі­л­ген өті­ніш­тің сұ­рау са­луын тір­кеу
Сұ­ра­ны­сты сәт­ті қа­лып­та­стыр­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны бей­не­леу
Сұ­ра­ны­сты ба­ғыт­тау
Дәлел­ді бас тар­ту­ды қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ны­сты сәт­ті қа­лып­та­стыр­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны бей­не­леу
Сұ­ра­ны­сты ба­ғыт­тау
Өті­ніш­ке нө­мір бе­ру­мен сұ­ра­ны­сты тір­кеу
Дәлел­ді бас тар­ту­ды қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­ды ли­цен­зия, қай­та бе­рі­л­ген ли­цен­зия, ли­цен­зия кө­шір­ме­сі
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
30 се­кунд -1 ми­нут
30 се­кунд
1,5 ми­нут
1,5 ми­нут
30 се­кунд -1 ми­нут
1 ми­нут
1 ми­нут
30 се­кунд -1 ми­нут
15 жұ­мыс кү­ні, 10 жұ­мыс кү­ні, 2 жұ­мыс кү­ні
6
Ке­ле­сі іс -әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3
4-егер пай­да­ла­ну­шы де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бол­са;
5 – бұ­зу­шы­лық­тар бол­ма­са
8 – бұ­зу­шы­лық­тар бол­са; 9-бұ­зу­шы­лық­тар бол­ма­са
-
-
«Медициналық қызметке лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызметінің регламентіне
2-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы көрсеткен кездегі функционалды өзара әрекеттестіктің
№ 1-диаграммасы
Электрондық мемлекеттік қызметті қызмет беруші арқылы көрсеткен кездегі функционалды өзара әрекеттестіктің
№ 2-диаграммасы
Электронды мемлекеттік қызметті ХҚКО АЖ арқылы көрсеткен кездегі функционалды өзара әрекеттестіктің
№ 3-диаграммасы
Негізгі белгілер:
«Медициналық қызметке лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызметінің регламентіне
3-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметтің «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін
анықтау үшін сауалнама нысаны________________________________________________________
(электрондық мемлекеттік қызметтің атауы)
1. Сіз электронды мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі сапасымен және
нәтижесімен қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанбаймын;
2) ішінара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
2. Сіз электронды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың
сапасына қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанбаймын;
2) ішінара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.

Қолданыстағы