Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возмещения ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных республиканскому государственному специализированному предприятию "Карагандаликвидшахт"

Қаулы · № 1711 · қабылданған 28.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69811/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Правил возмещения ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных республиканскому государственному специализированному предприятию "Карагандаликвидшахт" Күшін жойған Қаулы ·№ 1711 ·28.12.2012
13.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возмещения ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных республиканскому государственному специализированному предприятию "Карагандаликвидшахт"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1711 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возмещения ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных республиканскому государственному специализированному предприятию "Карагандаликвидшахт"
Атауы (қаз.)
"Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1711
Қабылданған күні
28.12.2012
Көрсетілген редакция
13.05.2014 AI69811_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001711
ЭКБ идентификаторы
69811
Редакция идентификаторы
AI69811_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:06

0 "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы

«2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1711 қаулысымен
бекітілген
«Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидалары
Осы «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды (зиянды) өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына (бұдан әрі – «Қарағандышахтатарату» РММК) берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды (зиянды) өтеу (сомалар мөлшерін айқындау, оларды қайта есептеу және төлеу тәртібі) тәртібін регламенттейді.

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Зардап шеккен қызметкер жоғалтқан, онда болған не анық иелене алатын табыс (кiрiс), сондай-ақ денсаулығына зақым келтiруден туындаған шығындар (дәрі-дәрмек сатып алуға, медициналық тексерілуге, оңалтуға, бөгде адамның бағып-күтуiне, протез салғызуға, банктердің, почталардың қызметі және өзгелері), егер жәбiрленушi көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне мұқтаж және оларды тегiн алмайды деп танылса, өтелуге тиіс.

2 2. Қызметкер қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабында көрсетілген адамдардың залалдың (зиянның) өтелуіне құқығы бар.

2 2. Залалды (зиянды) өтеу тәртібі

1 1. Залалды (зиянды) өтеу сомасының мөлшерін айқындау тәртібі

3 3. «Қарағандышахтатарату» РММК-ге берілген, таратылған шахталар қызметкерлерінің өміріне және денсаулығына келтірілген залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджет есебінен өтелуге тиіс.

Залалды (зиянды) өтеу ай сайынғы төлемдермен жүргізіледі.

4

4. Өтелуге тиіс жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) мөлшерi жарақаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiнгi не жәбiрленушiнiң кәсiби еңбек қабiлеттілігін жоғалту дәрежесіне сәйкес еңбек қабілеттілігінен айырылу басталғанға дейiнгi орташа айлық табыстың (кiрiстiң) пайыздарымен анықталады.

2 2. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын қайта есептеу тәртібі

5

5. Таратылған шахталар қызметкерлеріне залалды (зиянды) өтеу сомаларын қайта есептеуді «Қарағандышахтатарату» РММК осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тас көмірді жерасты тәсілімен өндіру қызметімен айналысатын қызмет түріне қарамастан, Қарағанды облысының аумағында орналасқан ұйымдар бойынша Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген лауазымдар мен кәсіптер бойынша жалақы мөлшерінің орташа шамасы туралы деректерінің негізінде жыл сайын жүзеге асырады.

3 3. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын төлеу тәртібі

6 6. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын есептеуді және төлеуді «Қарағандышахтатарату» РММК жүргізеді.

7 7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тиісті жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын 7-күніне дейін «Қарағандышахтатарату» РММК-ны қаржыландыруды жүзеге асырады.

8 8. «Қарағандышахтатарату» РММК залалды (зиянды) өтеудің есептелген сомаларын алушылардың есеп шотына қолма-қол емес тәсілмен аударуды жүргізеді.

9 9. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын ТМД-ның басқа мемлекеттеріне жөнелту залалдың (зиянның) өтелуіне құқығы бар қызметкерлердің тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

«Қарағандышахтатарату» РММК, банк, почта бөлімшелері көрсететін қызмет шығындары қызмет көрсету шарттарымен айқындалады.

10 10. «Қарағандышахтатарату» РММК бөлінген қаражат бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ай сайын, келесі айдың 20-күніне дейін өткен айдың есебін ұсынады.

11 11. Залалдың (зияның) өтемін алатын, таратылған шахталардың қызметкерлері «Қарағандышахтатарату» РММК-ға нақты тұрғылықты жері туралы ақпаратты тоқсанына бір рет ұсынады.

20 Лауазымдар мен кәсіптердің тізбесі

«Қарағандышахтатарату» республикалық
мемлекеттік мамандандырылған
кәсіпорнына берілген, таратылған
шахталар қызметкерлеріне
келтірілген залалды өтеу қағидаларына
1-қосымша
Лауазымдар мен кәсіптердің тізбесі
Р\с №
ҚР МС 01-2005 қыз­мет­тер сы­нып­та­уы­шы­на сәй­кес ла­у­а­зым­дар және кә­сіп­тер ата­уы
Өн­ді­рі­сте­гі жа­за­тай­ым оқи­ға­лар ту­ра­лы ак­ті­лер­де­гі ла­у­а­зым­дар және кә­сіп­тер ата­уы
1
2
3
1
Учас­ке ба­стығы (өнер­к­ә­сіп­те)
Учас­ке ба­стығы, учас­ке ба­стығ­ы­ның кө­мек­ші­сі, аға ме­ха­ник, ти­еу ба­стығы
2
Тау-кен жұ­мыс­шы­ла­ры және же­ра­с­ты және ашық тә­сіл­дер­мен пай­да­лы қаз­ба­лар өн­ді­ру жө­нін­де­гі бас­қа да кә­сіп­тер жұ­мыс­шы­ла­ры
Же­рү­сті тау-кен жұ­мыс­шы­сы
3
Же­ра­с­ты тау-кен жұ­мыс­шы­сы
Же­ра­с­ты тау-кен жұ­мыс­шы­сы, же­ра­с­ты та­ке­лаж­ни­гі, же­ра­с­ты қон­дыр­ғы­ла­ры­ның ма­ши­ни­сі, шах­та­ға бе­кі­ту ма­те­ри­ал­да­рын жет­кі­зу­ші, тау-кен қаз­ба­ла­рын жөн­деу жө­нін­де­гі тау-кен жұ­мыс­шы­сы
4
Та­зар­ту за­бой­ы­ның тау-кен жұ­мыс­шы­сы
Та­зар­ту­шы за­бой­ы­ның тау-кен жұ­мыс­шы­сы
5
Же­ра­с­ты тау-кен мон­та­ж­шы­сы
Же­ра­с­ты тау-кен мон­та­ж­шы­сы, мон­та­ж­шы
7
Жүк ти­е­у­ші­лер
Жүк ти­е­у­ші­лер
8
Қа­зан­дық ма­ши­ни­сі (ко­че­гар)
Күл­ші
9
Бе­кі­ту­ші
Бе­кі­ту­ші
10
Элек­тро­воз ма­ши­ни­сі
Элек­тро­воз ма­ши­ни­сі
11
Тау-кен қа­зу ма­ши­на­ла­ры­ның ма­ши­ни­сі
Тау-кен қа­зу ма­ши­на­ла­ры­ның ма­ши­ни­сі, ком­байн­шы
12
Бұр­ғы­лау қон­дыр­ғы­ла­ры­ның ма­ши­ни­сі
Бұр­ғы­лау ста­но­гы­ның ма­ши­ни­сі
14
Үң­гі­ле­у­ші
Үң­гі­ле­у­ші
16
Оқ­пан­шы (же­ра­с­ты)
Оқ­пан­шы
17
Сы­лақ­шы
Сы­лақ­шы-ма­ляр
18
Же­ра­с­ты электр сле­са­рі
Же­ра­с­ты электр сле­са­рі, ке­зек­ші сле­сарь
19
Құ­рал-жаб­дық­тар­ды жөн­де­уде­гі және ке­зек­ші электр сле­са­рі (сле­сарь)
Электр сле­са­рі, элек­трик
20
Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры мен ав­то­ма­ти­ка сле­са­рі
Электр сле­са­рі - ав­то­мат­шы
21
Бас­шы
Ди­рек­тор
22
Гео­лог
Гео­лог
23
Та­ра­зы­шы
Та­ра­зы­шы
24
Тау-кен ше­бе­рі
Тау-кен ше­бе­рі
25
Учас­ке ше­бе­рі
Кө­мір­ді бай­ы­ту ше­бе­рі
26
Жа­ру­шы
Жа­ру­шы-ше­бер
28
Ме­ха­ник
Ме­ха­ник
29
Ең­бек­ті нор­ма­лау жө­нін­де­гі ин­же­нер
Же­ра­с­ты хро­но­мет­ра­жи­сті

21 Шахталар тізбесі

«Қарағандышахтатарату» республикалық
мемлекеттік мамандандырылған
кәсіпорнына берілген, таратылған
шахталар қызметкерлеріне
келтірілген залалды өтеу қағидаларына
2-қосымша
Шахталар тізбесі
«АрселлорМиттал Теміртау» АҚ

1 1. Қазақстан

2 2. Шахтинск

3 3. Ленин атындағы

4 4. Тентек

5 5. Саран

6 6. Абай

7 7. Күзембаев атындағы

8 8. Костенко атындағы

«ГЕФЕСТ» ККӨҚ

1 1. Западная

2 2. «Батыр» ЖШС

«Рапид» ЖШС
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің филиалы – Ғ.О. Омаров атындағы
Шахта өтпе жолдары тресті

Қолданыстағы