Об образовании сельского округа Болашак Каракиянского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об образовании сельского округа Болашак Каракиянского района
- Атауы (қаз.)
- Қарақия ауданының Болашақ селолық округін құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7/82
- Қабылданған күні
- 07.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2015 69842_14904.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12M0002195
- ЭКБ идентификаторы
- 69842
- Редакция идентификаторы
- 69842_14904
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:33
0 Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округін құру туралы
Қарақия аудандық мәслихаты мен Қарақия ауданы әкімдігінің Қарақия ауданының Болашақ селолық округін құру туралы ұсынысын қарай келіп, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қарақия ауданында әрқайсысының халық саны кемінде 50 адамды құрайтын Болашақ және Бопай станциялары негізінде Болашақ және Бопай ауылдары құрылсын.
Әрқайсысының халық саны 50 адамнан кем Бестөрткүл, Құрмаш, Тайғыр разъездері Болашақ ауылының құрамында есепке алынсын.
Әрқайсысының халық саны 50 адамнан кем Ақбөбек, Бастау разъездері Бопай ауылының құрамында есепке алынсын.
2 2. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Болашақ және Бопай ауылдарының негізінде Қарақия ауданында жалпы аумағы 15043,26 га құрайтын және орталығы Болашақ ауылы болатын Болашақ ауылдық округі құрылсын.
3 3. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы қаулы мен шешімнің интернет-ресурста жариялануына бақылауды жүзеге асырсын.
4 4.Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Б.Қанешевке жүктелсін.
5 5.Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Болашақ ауылдық (селолық) округі
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 308 қаулысына және Маңғыстау облыстық
мәслихатының 2012 жылғы
7 желтоқсандығы № 7/82 шешіміне қосымша