Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача свидетельства о минимальном составе экипажей судов"

Бұйрық · № 822 · қабылданған 27.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69852/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача свидетельства о минимальном составе экипажей судов" Күшін жойған Бұйрық ·№ 822 ·27.11.2012
05.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача свидетельства о минимальном составе экипажей судов"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 822 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача свидетельства о минимальном составе экипажей судов"
Атауы (қаз.)
"Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру" мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
822
Қабылданған күні
27.11.2012
Көрсетілген редакция
05.02.2015 AI69852_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008148
ЭКБ идентификаторы
69852
Редакция идентификаторы
AI69852_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:45

0 "Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру" мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы
№ 822 бұйрығымен
бекітілген
«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 33-бабы 4-тармағына, «Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарын бекіту туралы» (бұдан әрі – Талап) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 677 қаулысына және «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.

2 2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы – ол заңды және жеке тұлғалар;

2 2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдар.

3

3. «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

4 4. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 33–бабының 4 тармақшасы;

2 2) Стандарттың;

3 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 маусымдағы № 677 қаулысымен бекітілген Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптары;

4 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулысымен бекітілген Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасы негізінде көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттік қызметті аяқтаудың нәтижесі Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет ақысыз болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

8 8. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызмет ХҚКО күн сайын сенбіні қоса алғанда дүйсенбіден бастап, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағ.9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажет құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжайы бойынша;
ХҚКО ғимараттарында орналасқан стенділерінде;
1414 call-орталығында орналастырылған.

11 11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

12 12. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.

13 13. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда бас тартылады.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:

1 1) мемлекеттік қызмет алушы ХҚКО өтініш береді;

2 2) ХҚКО қызметкері өтінішті тіркеуді жүргізеді, ХҚКО жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды курьер арқылы уәкілетті органға тапсырады.

ХҚКО құжаттар пакетін жөнелту фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін Штрихкод сканерінің көмегімен белгіленеді;

3 3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды тіркейді, және басшыға немесе оның орынбасарына қарауға береді;

4 4) уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары қарағаннан кейін құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығына/маманына жұмыс үшін жібереді;

5 5) Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы/маманы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштерді қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды, және Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына жұмыс үшін жібереді;

6

6) Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы үш жұмыс күні ішінде ХҚКО келген өтінішті қарауды жүзеге асырады, және осы Регламентке 1-қосымша 3-кестесіне сәйкес кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігі немесе дәлелденген бас тартуды дайындайды, содан кейін уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;

7 7) уәкілетті органның басшысы бір жұмыс күні ішінде кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікке немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;

8 8) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ХҚКО-ға жібереді.

Уәкілетті органнан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдаған кезде ХҚКО Штрихкод сканерінің көмегімен келіп түскен құжаттарды белгілейді;

9 9) ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді.

15 15. ХҚКО мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны 1 адамды құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимылдар) сипаттамасы

16 16. ХҚКО құжаттарды қабылдау ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген операциялық залда кедергісіз қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға ХҚКО құжаттарды қабылдау кезінде мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі:
сұрау салуды қабылдау нөмірі және күні;
сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
құжаттардың берілген күні (уақыты) және орындары;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
Мемлекеттік қызметті алушының аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

17 17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ іске қосылған:

1 1) ХҚКО қызметкері;

2 2) ХҚКО жинақтау бөлімінің қызметкері;

3 3) уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері;

4 4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасарлары;

5 5) су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы/ көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығы;

6 6) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы/ көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің маманы;

7 7) курьер.

18 18. Әрбір ҚФБ бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы және әрбір әкімшілік іс-қимылын орындау мерзімін көрсетумен әкімшілік іс-қимылдардың өзара іс-қимылдары (рәсімдері) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

19 19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың логикалық біркелкілігі арасындағы схема және ҚФБ осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

20 20. Мемлекеттік қызмет алушының өтініші осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

53 1-кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау

«Кемелер экипаждарының ең аз
құрамы туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау
Негіз­гі үде­рі­стің іс-әре­ке­ті
№ іс-әре­кет
1
2
3
4
5
ҚФБ ата­уы
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ӨК­БИ кең­се­сі (ӨК­БИ фи­ли­а­лы)
ӨК­БИ ба­стығы неме­се оның орын­ба­сар­ла­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
Іс-әре­кет­тің ата­уы және оның си­па­ты
Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру бой­ын­ша құ­жат­тар­дың ти­іс­ті тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау; өті­ніш­ті қа­рау; тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу;
уәкі­лет­ті ор­ган­ға то­лық құ­жат­тар тіз­бе­сін және өті­ні­шін жі­бе­ру.
Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру бой­ын­ша құ­жат­тар­дың ти­іс­ті тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау, тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу, со­ны­мен қа­тар өті­ніш­тің тө­мен­гі оң бұ­ры­шы­на кі­ріс нө­мі­рі және түс­кен мер­зі­мі көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік тіл­де­гі тір­кеу мөр­та­ба­ны қой­ы­ла­ды
Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лі­гін бе­ру ту­ра­лы өті­ні­шін қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың сәй­кест­і­гін қа­рау, ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру­ді ке­лі­су
Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру кі­та­бы­на ти­іс­ті жа­з­ба­ны ен­гі­зу, ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік­ті рә­сім­деу.
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу; уәкі­лет­ті ор­ган­ға құ­жат­тар­ды жі­бе­ру
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ның және орын­дау мер­зі­мі қам­ты­л­ған қа­ра­ры бар құ­жат­тар
Тір­кеу кі­та­бы­на жа­зу, ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік­ті рә­сім­деу
Орын­дау мер­зі­мі
20 ми­нут
1 күн
1 күн
3 күн
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
6
7
8
ӨК­БИ ба­стығы неме­се оның орын­ба­сар­ла­ры
ӨК­БИ кең­се­сі (ӨК­БИ фи­ли­а­лы)
ХҚКО жи­нақ­та­у­шы бө­лі­мі­нің қыз­мет­ке­рі
Іс-әре­кет­тің ата­уы және оның си­па­ты
Ке­ме эки­па­жы­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік­ке қол қою
Ке­ме эки­па­жы­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік­ті ХҚКО ку­рьер ар­қы­лы бе­ру
Ке­ме эки­па­жы­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік­ке қол қой­ы­л­ған
Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік
Орын­дау мер­зі­мі
1 күн
1 күн
2-кесте. Қолдану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
Негіз­гі үде­ріс
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ӨК­БИ кең­се­сі (ӨК­БИ фи­ли­а­лы)
ӨК­БИ ба­стығы неме­се оның орын­ба­сар­ла­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру бой­ын­ша құ­жат­тар­дың ти­іс­ті тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау; өті­ніш­ті қа­рау; тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу;
уәкі­лет­ті ор­ган­ға то­лық құ­жат­тар тіз­бе­сін және өті­ні­шін жі­бе­ру.
Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру бой­ын­ша құ­жат­тар­дың ти­іс­ті тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау, тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу, со­ны­мен қа­тар өті­ніш­тің тө­мен­гі оң бұ­ры­шы­на кі­ріс нө­мі­рі және түс­кен мер­зі­мі көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік тіл­де­гі тір­кеу мөр­та­ба­ны қой­ы­ла­ды
Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лі­гін бе­ру ту­ра­лы өті­ні­шін қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың сәй­кест­і­гін қа­рау, ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру­ді ке­лі­су
Бе­ру кі­та­бы­на ти­іс­ті жа­з­ба­ны ен­гі­зу, ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік­ті рә­сім­деу.
Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру
Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік­ті ХҚКО ку­рьер ар­қы­лы бе­ру
Ке­ме эки­па­жы­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік­ке қол қою
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
Ба­ла­ма­лы үде­ріс неме­се ке­ңей­ту
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ӨК­БИ кең­се­сі (ӨК­БИ фи­ли­а­лы)
ӨК­БИ ба­стығы неме­се оның орын­ба­сар­ла­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
1. Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру бой­ын­ша құ­жат­тар­дың ти­іс­ті тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау; өті­ніш­ті қа­рау; тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу;
уәкі­лет­ті ор­ган­ға то­лық құ­жат­тар тіз­бе­сін және өті­ні­шін жі­бе­ру.
2. Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру бой­ын­ша құ­жат­тар­дың ти­іс­ті тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау, тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу, со­ны­мен қа­тар өті­ніш­тің тө­мен­гі оң бұ­ры­шы­на кі­ріс нө­мі­рі және түс­кен мер­зі­мі көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік тіл­де­гі тір­кеу мөр­та­ба­ны қой­ы­ла­ды
3. Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лі­гін бе­ру ту­ра­лы өті­ні­шін қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың сәй­кест­і­гін қа­рау, ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру­ді ке­лі­су
4. Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лі­гін бе­ру­дің бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша қо­ры­тындыс­ын рә­сім­деу
1-1. Егер құ­жат­тар тіз­бе­сін то­лық­сыз ұсын­ған­да тір­кеу жур­на­лы­на ти­іс­ті жа­з­ба ен­гі­зіп және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­пен құ­жат­та­рын қай­та­ру.
7-1. Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лі­гін бе­ру­ден бас тар­ту­дың жа­з­ба­ша қо­ры­тындыс­ын өті­ніш бе­ру­ші­ге жі­бе­ру
7. Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лі­гін бе­ру­ді бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша қо­ры­тын­ды­ны ХҚКО жі­бе­ру
6. Ке­ме­лер эки­паж­да­ры­ның ең аз құ­ра­мы ту­ра­лы ку­ә­лі­гін бе­ру­дің бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды жа­з­ба­ға қол қою

54 Функционалдық әрекеттесудің диаграммасы

Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы
куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Функционалдық әрекеттесудің диаграммасы

55 Өтініш

«Кемелер экипаждарының ең аз
құрамы туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
________________________бастығына
(Комитеттің аумақтық органының атауы)
________________________________
(Т.А.Ә.)
________________________________,
(Т.А.Ә.)
Тұратын мекенжайы:
Өтініш
Сізден кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігін беру
бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуіңізді сұраймын.
_____________________________________________________________________
(кемені тіркеген порт және кеме атауы)
      20__ жылғы ______________                    __________________
                                                         (қолы)

Қолданыстағы