Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами"

Бұйрық · № 824 · қабылданған 27.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69854/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами" Күшін жойған Бұйрық ·№ 824 ·27.11.2012
05.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 824 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами"
Атауы (қаз.)
"Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру" мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
824
Қабылданған күні
27.11.2012
Көрсетілген редакция
05.02.2015 AI69854_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008150
ЭКБ идентификаторы
69854
Редакция идентификаторы
AI69854_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:45

0 "Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру" мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы
№ 824 бұйрығымен
бекітілген
«Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 17-бабына, «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысына (бұдан әрі – Қағида), «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген «Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.

2 2. Осы регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға;

2 2) құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелердің мемлекеттік органдары.

3

3. «Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.

4 4. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 17-бабының;

2 2) Стандарттың;

3 3) Қағиданың негізінде көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі өздігімен жүретін шағын өлшемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасымалдағышта беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

8 8. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетiледi.

9 9. Мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбі күнін қоса алғанда, күн сайын белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат, сондай-ақ олардың толтыру үлгілері:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжай бойынша;
ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
1414 call-орталығында орналастырылған.

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар ұсынады.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.

13 13. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беруден бас тартылады.

14 14. Мемлекеттік қызметті алушы өтінішпен келген сәттен бастап, мемлекеттік қызметтің нәтижелерін оған бергенге дейін мемлекеттік қызметті көрсетудің кезеңдері:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы ХҚКО өтініш береді;

2 2) ХҚКО қызметкері өтінішті тіркеуді жүргізеді, ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері құжаттарды уәкілетті органға береді.

Құжаттарды ХҚКО уәкілетті органға жөнелту фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін штрихкод Сканердің көмегімен тіркеледі;

3 3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және басшыға не оның орынбасарына қарауға береді;

4 4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары қарағаннан кейін, құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығына/маманына тапсырады;

5 5) су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішті ұсынылатын талаптар сәйкестігіне қарайды және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына тапсырады;

6

6) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы өтінішті қарайды және кеме жүргізушілерін өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау бойынша емтихан тапсырудың мерзімін анықтайды, содан кейін емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны немесе дәлелденген бас тарту дайындайды, кейін уәкілетті орган басшыларына қол қоюға жібереді;

7 7) уәкілетті органның басшысы емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаға немесе дәлелді түрде бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жолдайды;

8 8) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны немесе дәлелденген түрде бас тартуды ХҚКО-ға жолдайды;

9 9) емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны немесе дәлелді түрде бас тартуды ХҚКО алғаннан кейін, мемлекеттік қызметті алушыға хабарлайды және хабарламаны немесе дәлелденген бас тартуды жеке қатысуымен қол қою арқылы және жеке куәлікті немесе сенімхатты көрсету бойынша берілу жүзеге асырылады;

10

10) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау бойынша емтихан өткізуді дайындайды, мемлекеттік қызмет алушы емтихан тапсыруды жүзеге асырады, емтихан тапсырылғаннан кейін, жеті жұмыс күн ішінде өздігімен жүретін шағын көлемді басқару құқығына куәлік беруді немесе дәлелденген бас тартуды ресімдейді;

11 11) уәкілетті органның басшысы бір жұмыс күні ішінде өздігімен жүретін шағын көлемді басқару құқығына куәлік беруге немесе дәлелді түрде бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жолдайды;

12 12) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға жолдайды.

Уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін алу кезінде ХҚКО түскен құжаттарды штрихкодты Сканердің көмегімен тіркейді;

13 13) ХҚКО қызмет көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызметті алушыға береді.

15 15. ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимылдар) сипаттамасы

16 16. Қызметкердің тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетілу арқылы құжаттарды қабылдау ХҚКО операциялық залында «тосқауылсыз қызмет көрсету» бойынша жүзеге асырылады.

ХҚКО мемлекеттік қызмет алушыға мыналар көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді:
сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды ресімдеуге үшін өтінішті алған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты;
мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты және әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты және әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай ҚФБ іске қосылған:

1 1) ХҚКО қызметкері;

2 2) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері;

3 3) Уәкілетті органның кеңсе қызметкері;

4 4) Уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары;

5 5) су көлігінде бақылау басқармасының бастығы;

6 6) су көлігінде бақылау басқармасының маманы;

7 7) курьер.

18 18. Осы Регламентке 1-қосымшада әрбір әкімшілік іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) реті мен өзара іс-қимыл жасасуының кестелік сипаттамасы келтірілген.

19 19. Осы Регламентке 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы келтірілген.

20 20. Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

56 1-кесте. ҚФБ іс-қимылын сипаттау

«Өздігімен жүретін шағын көлемді
кемелерді басқару құқығына
куәлік беру» мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-қимылын сипаттау
Жал­пы үде­рі­стің іс-әре­ке­ті
Іс-әре­кет­тің №
1
2
3
4
5
6
ҚФБ-ң ата­уы
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ХҚКО жи­нақ­та­у­шы қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы не оның орын­ба­са­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ма­ман
Іс-әре­кет­тің ата­уы және оның си­па­ты
Өті­ніш­ті қа­был­дау және тір­кеу
Құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­ру
Алын­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу
Өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік бе­ру ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сін та­лап сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сін та­лап сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау, ем­ти­хан тап­сы­ру мер­зі­мін анық­тау, ем­ти­хан өт­кі­зу мер­зі­мі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны ре­сім­деу
Аяқ­та­лу мер­зі­мі
Орын­дау мер­зі­мі мен жа­у­ап­ты орын­да­у­шы көр­се­ті­л­ген қа­ра­ры бап құ­жат­тар
Орын­дау мер­зі­мі мен жа­у­ап­ты орын­да­у­шы көр­се­ті­л­ген қа­ра­ры бар құ­жат­тар
Ем­ти­хан өт­кі­зу мер­зі­мі ту­ра­лы ре­сім­дел­ген ха­бар­ла­ма
Орын­дау мер­зі­мі
Іс-әре­кет­тің ата­уы және оның си­па­ты
Ем­ти­хан тап­сы­ру­шы­ға ем­ти­хан өт­кі­зі­ле­тін мер­зім ту­ра­лы ха­бар­лау
Ем­ти­хан өт­кі­зу мер­зі­мі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны ХҚКО жі­бе­ру
Ем­ти­хан өт­кі­зу мер­зі­мі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ға қол қою
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Ем­ти­хан тап­сы­ру­шы ха­бар­лан­ды
Қол қой­ы­л­ған Ем­ти­хан өт­кі­зу мер­зі­мі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма
Орын­дау мер­зі­мі
Іс-әре­кет­тің ата­уы және оның си­па­ты
Өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік бе­ру
Өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік­ті ХҚКО жі­бе­ру
Өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік­ке қол қою
Ем­ти­хан өт­кі­зу­іне дай­ын­дық жүр­гі­зу. Ем­ти­ханды жақ­сы тап­сыр­ған кез­ден ба­стап, өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік­ті ре­сім­деу
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік
Өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на жі­бе­рі­л­ген ку­ә­лік
Қол қой­ы­л­ған өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік
Өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ре­сім­дел­ген ку­ә­лік
Орын­дау мер­зі­мі
2 күн
1 күн
7 күн
2-Кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі үдерісі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің негіз­гі үде­рі­сі
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ХҚКО жи­нақ­та­у­шы қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы не оның орын­ба­са­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
1. Өті­ніш­ті қа­был­дау және тір­кеу
2. Құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­ру
3. Алын­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу
4. Өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік бе­ру ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау
5. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сін та­лап сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау
6. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сін та­лап сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау, ке­ме жүр­гі­зу­ші­ле­рін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­ні бас­қа­ру құқы­ғы­на ат­те­стат­тау бой­ын­ша ем­ти­хан тап­сы­ру мер­зі­мін анық­тау, ем­ти­хан өт­кі­зу­іне дай­ын­дық жүр­гі­зу. Ем­ти­хан өт­кі­зу мер­зі­мі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны ре­сім­деу
9. Ем­ти­хан тап­сы­ру­шы­ға ем­ти­хан өт­кі­зі­ле­тін мер­зім ту­ра­лы ха­бар­лау
8. Ем­ти­хан өт­кі­зу мер­зі­мі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны ХҚКО жі­бе­ру
7. Ем­ти­хан өт­кі­зу мер­зі­мі ту­ра­лы ре­сім­дел­ген ха­бар­ла­ма­ға қол қою
10. Ке­ме жүр­гі­зу­ші­ле­рін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­ні бас­қа­ру құқы­ғы­на ат­те­стат­тау бой­ын­ша ем­ти­хан­ға дай­ын­дық жүр­гі­зу, ем­ти­ханды жақ­сы тап­сыр­ған жағ­дай­да, өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік­ті ре­сім­дей­ді.
14. Өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік бе­ру
13. Өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік­ті ХҚКО жі­бе­ру
12. Өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік­ке қол қою
3-Кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетудің балама үдерісі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ба­ла­ма үде­рі­сі
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ХҚКО жи­нақ­та­у­шы қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы не оның орын­ба­са­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­ла­уды бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
1. Өті­ніш­ке тір­кеу жүр­гі­зе­ді
2. Құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­ру
3. Алын­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу
4. Өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік бе­ру ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау
5. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сін та­лап сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау
6. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сін та­лап сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау, ем­ти­хан тап­сы­ру мер­зі­мін анық­тау, ем­ти­хан өт­кі­зу мер­зі­мі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны ре­сім­деу
9. Ем­ти­хан тап­сы­ру­шы­ға ем­ти­хан өт­кі­зі­ле­тін мер­зім ту­ра­лы ха­бар­лау
8. Ем­ти­хан өт­кі­зу мер­зі­мі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны ХҚКО жі­бе­ру
7. Ем­ти­хан өт­кі­зу мер­зі­мі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ға қол қою
10. Ем­ти­хан өт­кі­зу­іне дай­ын­дық жүр­гі­зу. өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік­ті бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша қо­ры­тындыс­ын ре­сім­деу
13. Өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік­ті бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша қо­ры­тындыс­ын бе­ру
12. Өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік­ті бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша қо­ры­тындыс­ын ХҚКО жі­бе­ру
11. Өзді­гі­мен жү­ре­тін ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді бас­қа­ру құқы­ғы­на ку­ә­лік­ті бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша қо­ры­тындыс­ы­на қол қою

57 Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

«Өздігімен жүретін шағын көлемді
кемелерді басқару құқығына
куәлік беру» мемлекеттік қызмет
регламентіне 2-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

58 Өтініш

«Өздігімен жүретін шағын көлемді
кемелерді басқару құқығына
куәлік беру» мемлекеттік қызмет
регламентіне 3-қосымша
______________________________
(Уәкілетті органныың атауы)
БАСТЫҒЫ
______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
тұрғылықты мекенжайы:
______________________________
(мекенжайы)
Өтініш
Сізден мені кеме жүргізушілерін шағын көлемді кеменің ____
Кв. қозғалтқыш қуатымен басқару құқығына аттестаттау жүргізуіңізді
сұраймын. Жүргізу тәжірибем бар.
20__ ж. «____»__________ ________________
(қолы)

Қолданыстағы