Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Дипломирование лиц командного состава и других членов экипажей судов"

Бұйрық · № 830 · қабылданған 27.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69856/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Дипломирование лиц командного состава и других членов экипажей судов" Күшін жойған Бұйрық ·№ 830 ·27.11.2012
05.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Дипломирование лиц командного состава и других членов экипажей судов"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 830 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Дипломирование лиц командного состава и других членов экипажей судов"
Атауы (қаз.)
"Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру" мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
830
Қабылданған күні
27.11.2012
Көрсетілген редакция
05.02.2015 AI69856_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008152
ЭКБ идентификаторы
69856
Редакция идентификаторы
AI69856_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:45

0 "Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру" мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы
№ 830 бұйрығымен
бекітілген
«Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 17-бабының 9) тармақшасына, «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасы және Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» (бұдан әрі – Диплом беру қағидасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.

2 2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы – ол жеке тұлғалар;

2 2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелердің мемлекеттік органдары.

3

3. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 17-бабының 9) тармақшасы;

2 2) Стандарт;

3 3) Диплом беру қағидасы негізінде көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттік қызметті аяқтаудың нәтижесі диплом немесе біліктілік куәлігін немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

8 8. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызмет күн сайын сенбіні қоса алғанда дүйсенбіден бастап демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағ.9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажет құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжайы бойынша;
ХҚКО ғимараттарында орналасқан стенділерінде;
1414 call-орталығында орналастырылған.

11 11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

12 12. Мемлекеттік қызмет ұсыну мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.

13 13. Дипломды немесе біліктілік куәлігін беруден Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда бас тартылады.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы ХҚКО өтініш береді;

2 2) ХҚКО қызметкері өтінішті тіркеуді жүргізеді, ХҚКО жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды курьер арқылы уәкілетті органға тапсырады.

ХҚКО құжаттар пакетін жөнелту фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін Штрихкодтың сканерінің көмегімен белгіленеді;

3 3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде ХҚКО алынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және басшыға немесе оның орынбасарына қарауға береді;

4 4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасарлары құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде диплом беру туралы өтінішін қарайды және су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығына/маманына жұмыс үшін жібереді;

5 5) су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы/маманы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін су көлігіндегі бақылау маманына жұмыс үшін жібереді;

6 6) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы арызды қарап, жеті жұмыс күн ішінде диплом беруге дейінгі емтихан тапсыратын мерзімді белгілейді;

7 7) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы бір жұмыс күні ішінде емтихан өткізудің мерзімін ескертеді немесе дәлелденген бас тартуға, сонан соң уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;

8 8) уәкілетті органның басшысы бір жұмыс күні ішінде емтихан өткізудің мерзімін ескертуге немесе бас тартуға қол қояды;

9 9) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері емтихан өткізудің мерзімі туралы хабарламасын немесе дәлелденген бас тартуды ХҚКО-ға жібереді;

10 10) ХҚКО емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны алғаннан кейін, тұтынушыға бір жұмыс күн ішінде хабарламаны немесе дәлелденген бас тартуды жеке өзінің қатысуымен және жеке куәлік немесе сенімхат құжатын көрсетіп қол қойдыру арқылы жүзеге асырады;

11 11) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы диплом беру бойынша емтиханның өткізілуін ұйымдастырады;

12 12) тұтынушылар бір күн ішінде емтихан тапсыруды жүзеге асырылады;

13 13) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы емтихан тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күн ішінде диплом немесе біліктілік куәлігін немесе дәлелденген бас тартуды ресімдейді;

14 14) Уәкілетті орган басшысының орынбасары бір жұмыс күні ішінде диплом немесе біліктілік куәлігін немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды;

15 15) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға жібереді.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдау кезінде ХҚКО түскен құжаттарды Штрихкодтың сканері көмегі арқылы белгіленеді;

16 16) ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға диплом немесе біліктілік куәлігін немесе дәлелденген бас тартудың нәтижесін береді.

15 15. ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны 1 адамды құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимылдар) сипаттамасы

16 16. ХҚКО құжаттарды қабылдау ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген операциялық залда кедергісіз қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға ХҚКО құжаттарды қабылдау кезінде мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі:
сұрау салуды қабылдау нөмірі және күні;
сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
құжаттардың берілген күні (уақыты) және орындары;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
мемлекеттік қызметті алушының аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

17 17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ іске қосылған:

1 1) ХҚКО қызметкері;

2 2) ХҚКО жинақтау бөлімінің қызметкері;

3 3) уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесінің қызметкері;

4 4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасарлары;

5 5) су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы/ көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығы;

6 6) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы/ көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің маманы;

7 7) курьер.

18 18. Әрбір ҚФБ бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы және әрбір әкімшілік іс-қимылын орындау мерзімін көрсетумен әкімшілік іс-қимылдардың өзара іс-қимылдары (рәсімдері) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

19 19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың логикалық біркелкілігі арасындағы схема және ҚФБ осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

20 20. Мемлекеттік қызмет алуының арызы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

59 1-кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау

«Кемелердің командалық құрамының
адамдарына және экипаждың басқа да
мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау
Негіз­гі үде­рі­стің іс-әре­ке­ті
№ іс-әре­кет
1
2
3
4
5
ҚФБ ата­уы
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ӨК­БИ кең­се­сі (ӨК­БИ фи­ли­а­лы)
ӨК­БИ ба­стығы, неме­се оның орын­ба­сар­ла­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
Іс-әре­кет­тің ата­уы және оның си­па­ты
Ке­ме­лер­дің ко­ман­да­лық құ­ра­мы­ның адам­да­ры­на және эки­паж­дың бас­қа да мү­ше­ле­ріне ди­плом бе­ру бой­ын­ша құ­жат­тар­дың ти­іс­ті тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау; өті­ніш­ті қа­рау; тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу; уәкі­лет­ті ор­ган­ға то­лық құ­жат­тар тіз­бе­сін және өті­ні­шін жі­бе­ру.
3. Ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гін бе­ру­ге қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау, тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу, со­ны­мен қа­тар өті­ніш­тің тө­мен­гі оң бұ­ры­шы­на кі­ріс нө­мі­рі және түс­кен мер­зі­мі көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік тіл­де­гі тір­кеу мөр­та­ба­ны қой­ы­ла­ды
3. Ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гін бе­ру ту­ра­лы өті­ні­шін қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың сәй­кест­і­гін қа­рау, ди­плом бе­ру бой­ын­ша ем­ти­хан тап­сы­ру мер­зі­мін ке­лі­су
3. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың сәй­кест­і­гін қа­рау, ди­плом бе­ру ем­ти­ха­ны­ның тап­сы­ру мер­зі­мін анық­тау, ем­ти­хан өт­кі­зу мер­зі­мі ту­ра­лы ес­керт­пе­ні рә­сім­деу
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ның және орын­дау мер­зі­мі қам­ты­л­ған қа­ра­ры бар құ­жат­тар
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ның және орын­дау мер­зі­мі қам­ты­л­ған қа­ра­ры бар құ­жат­тар
Ем­ти­хан өт­кі­зу мер­зі­мі ту­ра­лы ес­керт­пе­ні рә­сім­деу
Орын­дау мер­зі­мі
1 күн
1 күн
1 күн
10 күн
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
6
7
8
ҚФБ ата­уы
ӨК­БИ ба­стығы, неме­се оның орын­ба­сар­ла­ры
ӨК­БИ кең­се­сі (ӨК­БИ фи­ли­а­лы)
ХҚКО жи­нақ­тау бө­лі­мі­нін қыз­мет­ке­рі
Іс-әре­кет­тің ата­уы және оның си­па­ты
Ем­ти­хан өт­кі­зі­ле­тін мер­зім ту­ра­лы ес­керт­пе­ге қол қою
ХҚКО ем­ти­хан өт­кі­зі­ле­тін мер­зім ту­ра­лы ес­керт­пе­ні жі­бе­ру
Ем­ти­хан тап­сы­ру­шы­ға ем­ти­хан өт­кі­зу ту­ра­лы мер­зі­мін ес­кер­ту
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Ем­ти­хан өт­кі­зі­ле­тін мер­зім ту­ра­лы ес­керт­пе­ге қол қою
Ем­ти­хан тап­сы­ру­шы­ға ем­ти­хан өт­кі­зу ту­ра­лы мер­зім ес­кер­ту
Орын­дау мер­зі­мі
1 күн
1 күн
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
9
10
11
ҚФБ ата­уы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
ӨК­БИ ба­стығы, неме­се оның орын­ба­сар­ла­ры
Іс-әре­кет­тің ата­уы және оның си­па­ты
Ем­ти­хан өт­кізу­ге дай­ын­дық. Ем­ти­хан тап­сы­ру ке­зі­нен ба­стап ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гін рә­сім­деу
Ко­мис­сия оты­ры­сы­на қа­ты­су
Ко­мис­сия оты­ры­сы­на тө­ра­ға­лық ету.
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Ко­мис­сия оты­ры­сы­на қа­ты­су
Ко­мис­сия оты­ры­сы­на қа­ты­су
Орын­дау мер­зі­мі
1 күн
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
12
13
14
15
ҚФБ ата­уы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
ӨК­БИ ба­стығы, неме­се оның орын­ба­сар­ла­ры
ӨК­БИ кең­се­сі (ӨК­БИ фи­ли­а­лы)
ХҚКО жи­нақ­тау бө­лі­мі­нін қыз­мет­ке­рі
Іс-әре­кет­тің ата­уы және оның си­па­ты
ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гін рә­сім­деу
Ди­плом­ды неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гіне қол қою.
ХҚКО ди­плом­ды неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гін жі­бе­ру
Ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гін бе­ру
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гі
Бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гі неме­се ди­плом­ға қол қой­ы­л­ған
Ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гі
Орын­дау мер­зі­мі
2 күн
1 күн
2 күн
2-кесте. Қолдану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
Негіз­гі үде­ріс
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ӨК­БИ кең­се­сі (ӨК­БИ фи­ли­а­лы)
ӨК­БИ ба­стығы, неме­се оның орын­ба­сар­ла­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
Ке­ме­лер­дің ко­ман­да­лық құ­ра­мы­ның адам­да­ры­на және эки­паж­дың бас­қа да мү­ше­ле­ріне ди­плом бе­ру бой­ын­ша құ­жат­тар­дың ти­іс­ті тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау; өті­ніш­ті қа­рау; тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу; уәкі­лет­ті ор­ган­ға то­лық құ­жат­тар тіз­бе­сін және өті­ні­шін жі­бе­ру.
Ке­ме­лер­дің ко­ман­да­лық құ­ра­мы­ның адам­да­ры­на және эки­паж­дың бас­қа да мү­ше­ле­ріне ди­плом бе­ру­ге қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау, тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу, со­ны­мен қа­тар өті­ніш­тің тө­мен­гі оң бұ­ры­шы­на кі­ріс нө­мі­рі және түс­кен мер­зі­мі көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік тіл­де­гі тір­кеу мөр­та­ба­ны қой­ы­ла­ды
Ке­ме­лер­дің ко­ман­да­лық құ­ра­мы­ның адам­да­ры­на және эки­паж­дың бас­қа да мү­ше­ле­ріне ди­плом бе­ру ту­ра­лы өті­ні­шін қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың сәй­кест­і­гін қа­рау, ке­ме­лер­дің ко­ман­да­лық құ­ра­мы­ның адам­да­ры­на және эки­паж­дың бас­қа да мү­ше­ле­ріне ди­плом бе­ру ем­ти­ха­ны­ның тап­сы­ру мер­зі­мін анық­тау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың сәй­кест­і­гін қа­рау, ке­ме­лер­дің ко­ман­да­лық құ­ра­мы­ның адам­да­ры­на және эки­паж­дың бас­қа да мү­ше­ле­ріне ди­плом бе­ру ем­ти­ха­ны­ның тап­сы­ру мер­зі­мін анық­тау.
Ке­ме­лер­дің ко­ман­да­лық құ­ра­мы­ның адам­да­ры­на және эки­паж­дың бас­қа да мү­ше­ле­ріне ди­плом бе­ру ем­ти­ха­нын өт­кізу­ге дай­ын­дық.
Ко­мис­сия оты­ры­сы­на тө­ра­ға­лық ету
Ко­мис­сия оты­ры­сы­на қа­ты­су
Хат­та­ма дай­ын­дау, ем­ти­хан тап­сыр­ған­дар­дың нәти­же­сі, со­ны­мен қа­тар ем­ти­хан тап­сы­ра­тын­дар­дың те­гі, аты және әке­сі­нің аты ен­гі­зі­ле­ді, ем­ти­ханды оң тап­сыр­ған­да ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гін рә­сім­дей­ді
Ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гін бе­ру
ХҚКО ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гін жі­бе­ру
Ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гіне қол қою
Ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гін рә­сім­деу
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
Ба­ла­ма­лы үде­ріс неме­се ке­ңей­ту
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ӨК­БИ кең­се­сі (ӨК­БИ фи­ли­а­лы)
ӨК­БИ ба­стығы, неме­се оның орын­ба­сар­ла­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
Ке­ме­лер­дің ко­ман­да­лық құ­ра­мы­ның адам­да­ры­на және эки­паж­дың бас­қа да мү­ше­ле­ріне ди­плом бе­ру бой­ын­ша құ­жат­тар­дың ти­іс­ті тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау; өті­ніш­ті қа­рау; тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу; уәкі­лет­ті ор­ган­ға то­лық құ­жат­тар тіз­бе­сін және өті­ні­шін жі­бе­ру.
Ке­ме­лер­дің ко­ман­да­лық құ­ра­мы­ның адам­да­ры­на және эки­паж­дың бас­қа да мү­ше­ле­ріне ди­плом бе­ру­ге қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін және өті­ні­шін қа­был­дау, тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу, со­ны­мен қа­тар өті­ніш­тің тө­мен­гі оң бұ­ры­шы­на кі­ріс нө­мі­рі және түс­кен мер­зі­мі көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік тіл­де­гі тір­кеу мөр­та­ба­ны қой­ы­ла­ды
Ке­ме­лер­дің ко­ман­да­лық құ­ра­мы­ның адам­да­ры­на және эки­паж­дың бас­қа да мү­ше­ле­ріне ди­плом бе­ру ту­ра­лы өті­ні­шін қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың сәй­кест­і­гін қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың сәй­кест­і­гін қа­рау, ем­ти­хан тап­сы­ру­дың мер­зі­мін анық­тау, ем­ти­хан өт­кі­зу мер­зі­мі ту­ра­лы ес­керт­пе­ні рә­сім­деу
Ем­ти­хан өт­кі­зу ту­ра­лы ес­керт­пе­ні бе­ру
ХҚКО ем­ти­хан өт­кі­зі­ле­тін мер­зім ту­ра­лы ес­керт­пе­ні жі­бе­ру
Ем­ти­хан өт­кі­зі­ле­тін мер­зім ту­ра­лы ес­керт­пе­ге қол қою
Ем­ти­хан өт­кі­зі­ле­тін мер­зім ту­ра­лы ес­керт­пе­ні рә­сім­деу
Ко­мис­сия оты­ры­сы­на тө­ра­ға­лық ету
Ко­мис­сия оты­ры­сы­на қа­ты­су
Хат­та­ма дай­ын­дау, ем­ти­хан тап­сыр­ған­дар­дың нәти­же­сі, со­ны­мен қа­тар ем­ти­хан тап­сыр­ма­ған­дар­дың те­гі, аты және әке­сі­нің аты ен­гі­зі­ле­ді.
Ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гін бе­ру­ден бас тар­ту­дың жа­з­ба­ша қо­ры­тындыс­ын бе­ру
Ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гін бе­ру­ден бас тар­ту­дың жа­з­ба­ша қо­ры­тындыс­ын жі­бе­ру
Ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гін бе­ру­ден бас тар­ту­дың қо­ры­тындыс­ы­на қол қою
Ди­плом неме­се бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гін бе­ру­ден бас тар­ту­дың жа­з­ба­ша қо­ры­тындыс­ын рә­сім­деу

60 Функционалдық әрекеттесудің диаграммасы

«Кемелердің командалық құрамының
адамдарына және экипаждың басқа да
мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Функционалдық әрекеттесудің диаграммасы

61 Өтініш

«Кемелердің командалық құрамының
адамдарына және экипаждың басқа да
мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
3-қосымша
___________________ бастығына
(Комитеттің аумақтық органының атауы)
_____________________________
(аты, жөні)
_____________________________
(аты, жөні)
Тұратын мекен жайы
_____________________________
(тұратын мекенжайы)
Өтініш
_________________________________________________________
Өтінішке қоса ұсынылады

1 1) жеке куәлік немесе төлқұжаттың паспорт көшірмесі;

2 2) орта немесе жоғары білім туралы құжаттардың көшірмесі (диплом);

3 3) жүзу өтілімін дәлелдейтін, құжат;

4 4) медициналық анықтама(№ 083/У нысаны).

2012 жылғы ___ __________ ____________

Қолданыстағы