Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация судов внутреннего водного плавания и судов плавания "река-море" в Государственном судовом реестре"

Бұйрық · № 832 · қабылданған 27.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69857/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация судов внутреннего водного плавания и судов плавания "река-море" в Государственном судовом реестре" Күшін жойған Бұйрық ·№ 832 ·27.11.2012
05.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация судов внутреннего водного плавания и судов плавания "река-море" в Государственном судовом реестре"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 832 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация судов внутреннего водного плавания и судов плавания "река-море" в Государственном судовом реестре"
Атауы (қаз.)
"Ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу" мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
832
Қабылданған күні
27.11.2012
Көрсетілген редакция
05.02.2015 AI69857_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008153
ЭКБ идентификаторы
69857
Редакция идентификаторы
AI69857_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:45

0 "Ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу" мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы
№ 832 бұйрығымен
бекітілген
«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабына, «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына (бұдан әрі – Қағида), «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.

2 2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы – Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлға;

2 2) құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері немесе кіші жүйелері.

3

3. «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабының;

2 2) Стандарттың;

3 3) Қағиданың негізінде көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттiк қызметті аяқтау нәтижесі кеме куәлігін немесе кеме куәлігiнің телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады және Стандарттың 8-тармағының негізінде көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8 8. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі күннен бастап сенбі күнін қоса алғанда, күн сайын белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпаратты, сондай-ақ олардың толтыру үлгілері:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtс.gov.kz интернет-ресурсында («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжай бойынша;
ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
1414 call-орталығында орналастырылған.

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.

13 13. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда кеме куәлігін немесе кеме куәлігінің телнұсқасын беруден бас тартылады.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсетудің кезеңдері:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы ХҚКО өтініш береді;

2 2) ХҚКО қызметкері өтінішті тіркеуді жүргізеді, ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері құжаттарды уәкілетті органға береді.

Құжаттарды ХҚКО уәкілетті органға жөнелту фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін Сканер штрихкодтың көмегімен тіркеледі;

3 3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және басшыға не оның орынбасарына қарауға береді;

4 4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары қарағаннан кейін, құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде су көлігінде бақылау бөлімінің бастығына тапсырады;

5 5) су көлігінде бақылау бөлімінің бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішті ұсынылатын талаптар сәйкестігіне қарайды және су көлігінде бақылау бөлімінің маманына тапсырады;

6 6) су көлігінде бақылау бөлімінің маманы бес жұмыс күні ішінде ХҚКО ұсынылған өтінішті қарауды жүзеге асырады және кеме куәлігін немесе кеме куәлігінің телнұсқасын ресімдеуге немесе дәлелді түрде бас тартуға дайындайды, содан кейін уәкілетті орган басшысына қол қоюға жібереді;

7 7) уәкілетті органның басшысы бір жұмыс күні ішінде кеме куәлігіне немесе кеме куәлігінің телнұсқасына немесе дәлелді түрде бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;

8 8) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері қызмет көрсету нәтижесін ХҚКО-ға жібереді.

Уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін алған кезде ХҚКО түскен құжаттарды Сканер штрихкодтың көмегімен тіркейді;

9 9) ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін - кеме куәлiгiн немесе кеме куәлiгiнің телнұсқасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет алушыға береді.

15 15. ХҚКО мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны бір адамды құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара қарым қатынас) тәртібі

16 16. ХҚКО қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетілген құжаттарды қабылдау ХҚКО операциялық залында «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.

ХҚКО құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет алушыға мыналар көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді:
сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті алған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты;
мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты және әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты және әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай ҚФБ іске қосылған:

1 1) ХҚКО қызметкері;

2 2) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері;

3 3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері;

4 4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары;

5 5) су көлігінде бақылау басқармасының бастығы;

6 6) су көлігінде бақылау басқармасының маманы;

7 7) курьер.

18 18. Әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) реттілігі мен өзара іс-қимылының әрбір әкімшілік іс-қимылдың (рәсімді) орындалу мерзімі көрсетілген мәтіндік кесте түріндегі сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

19 19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық ретімен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

51 1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

«Ішкі суда жүзетін кемелерді және
«өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді
Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк
тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің іс-әре­ке­ті
Іс-әре­кет №
1
2
3
4
5
6
ҚФБ-ң ата­уы
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ХҚКО жи­нақ­та­у­шы бө­лі­мі­нің қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы не оның орын­ба­са­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
Іс-әре­кет­тің ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш­ті қа­был­дау және тір­кеу
Құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­ру
Алын­ған құ­жат­тар­ды тір­ке­уді жүр­гі­зе­ді
Ке­ме­ні мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін та­лап­тар сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін та­лап­тар сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау.
Ке­ме ку­ә­лі­гін неме­се ке­ме ку­ә­лі­гі­нің тел­нұс­қа­сын ре­сім­деу
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Бұ­ры­шта­ма­сы бар құ­жат­тар­да орын­дау мер­зі­мі мен жа­у­ап­ты орын­да­у­шы көр­се­ті­ле­ді
Бұ­ры­шта­ма­сы бар құ­жат­тар­да орын­дау мер­зі­мі мен жа­у­ап­ты орын­да­у­шы көр­се­ті­ле­ді
Ре­сім­дел­ген ке­ме ку­ә­лі­гі неме­се ке­ме ку­ә­лі­гі­нің тел­нұс­қа­сы
Орын­дау мер­зім­де­рі
1 күн
1 күн
1 күн
5 күн
Іс-әре­кет №
7
8
9
ҚФБ-ң ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы не оның орын­ба­са­ры
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
ХҚКО жи­нақ­та­у­шы бө­лі­мі­нің қыз­мет­ке­рі
Іс-әре­кет­тің ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Ке­ме ку­ә­лі­гіне неме­се ке­ме ку­ә­лі­гі­нің тел­нұс­қа­сы­на қол қою
Ке­ме ку­ә­лі­гін неме­се ке­ме ку­ә­лі­гі­нің тел­нұс­қа­сын ХҚКО жі­бе­ру
Өті­ніш бе­ру­ші­ге ке­ме ку­ә­лі­гін неме­се ке­ме ку­ә­лі­гі­нің тел­нұс­қа­сын бе­ру
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Қол қой­ы­л­ған ке­ме ку­ә­лі­гі неме­се ке­ме ку­ә­лі­гі­нің тел­нұс­қа­сы
Ке­ме ку­ә­лі­гі неме­се ке­ме ку­ә­лі­гі­нің тел­нұс­қа­сы
Орын­дау мер­зім­де­рі
1 күн
1 күн
2-кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі үдерісі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің негіз­гі үде­рі­сі
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ХҚКО жи­нақ­та­у­шы бө­лі­мі­нің қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы не оның орын­ба­са­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
1. Өті­ніш­ті қа­был­дау және тір­кеу
2. Құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­ру
3. Алын­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу
4. Ке­ме­ні мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау
5. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін та­лап­тар сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау
6. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін та­лап­тар сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау және ке­ме ку­ә­лі­гін неме­се ке­ме ку­ә­лі­гі­нің тел­нұс­қа­сын ре­сім­деу
9. Өті­ніш бе­ру­ші­ге ке­ме ку­ә­лі­гін неме­се ке­ме ку­ә­лі­гі­нің тел­нұс­қа­сын бе­ру
8. Ке­ме ку­ә­лі­гін неме­се ке­ме ку­ә­лі­гі­нің тел­нұс­қа­сын ХҚКО жі­бе­ру
7. Ке­ме ку­ә­лі­гіне неме­се ке­ме ку­ә­лі­гі­нің тел­нұс­қа­сы­на қол қою
3-кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетудің балама үдерісі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ба­ла­ма үде­рі­сі
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ХҚКО жи­нақ­та­у­шы бө­лі­мі­нің қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы не оның орын­ба­са­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
1. Өті­ніш­тің тір­ке­лу­ін жүр­гі­зе­ді
2. Құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­ру
3. Алын­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу
4. Ке­ме­ні мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау
5. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін та­лап­тар сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау
6. Ұсы­ны­л­ған та­лап­тар­ға құ­жат­тар сәй­кес кел­ме­се неме­се же­тіс­пе­ген жағ­дай­да өті­ніш бе­ру­ші­ге құ­жат­тар­ды қа­был­да­у­ға бас тар­ты­ла­ды.
Өті­ніш бе­ру­ші­нің та­ла­бы бой­ын­ша оған құ­жат­тар­ды қа­был­да­удан бас тар­ту­ды дәлел­ді түр­де жа­з­ба­ша рас­тау қа­ға­зын бе­ре­ді.
9. Ке­ме ку­ә­лі­гін неме­се ке­ме ку­ә­лі­гі­нің тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша ше­ші­мін өті­ніш бе­ру­ші­ге бе­ру
8. Ке­ме ку­ә­лі­гін неме­се ке­ме ку­ә­лі­гі­нің тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша ше­ші­мін Ор­та­лық­қа жі­бе­ру
7. Құ­жат­тар­ды қа­был­да­удан бас тар­ту­ды дәлел­ді түр­де жа­з­ба­ша рас­тау қа­ға­зы­на қол қою

52 Функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы

«Ішкі суда жүзетін кемелерді және
«өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді
Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк
тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламентіне
2-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы

Қолданыстағы