Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация маломерных судов"

Бұйрық · № 826 · қабылданған 27.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69859/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация маломерных судов" Күшін жойған Бұйрық ·№ 826 ·27.11.2012
05.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация маломерных судов"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 826 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация маломерных судов"
Атауы (қаз.)
"Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу" мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
826
Қабылданған күні
27.11.2012
Көрсетілген редакция
05.02.2015 AI69859_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008155
ЭКБ идентификаторы
69859
Редакция идентификаторы
AI69859_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:45

0 "Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу" мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы
№ 826 бұйрығымен
бекітілген
«Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабына, «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына (бұдан әрі – Қағида), «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттiк тiркеу туралы» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.

2 2. Осы регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы – жеке және заңды тұлға;

2 2) құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелердің мемлекеттік органдары.

3

3. «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.

4 4. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабының;

2 2) Стандарттың;

3 3) Қағиданың негізінде көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі кеме билетiн немесе кеме билетiнің телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады және Стандарттың 8-тармағының негізінде көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

8 8. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетiледi.

9 9. Мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбі күнін қоса алғанда, күн сайын белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпаратты, сондай-ақ олардың толтыру үлгілері:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжай бойынша;
ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
1414 call-орталығында орналастырылған.

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар ұсынады.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.

13 13. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда кеме билетін немесе кеме билетінің телнұсқасын беруден бас тартылады.

14 14. Мемлекеттік қызметті алушы өтінішпен келген сәттен бастап, мемлекеттік қызметтің нәтижелерін оған бергенге дейін мемлекеттік қызметті көрсетудің кезеңдері:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы ХҚКО өтініш береді;

2 2) ХҚКО қызметкері өтінішті тіркеуді жүргізеді, ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері құжаттарды уәкілетті органға береді.

Құжаттарды ХҚКО уәкілетті органға жөнелту фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін штрихкод Сканердің көмегімен тіркеледі;

3 3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және басшыға не оның орынбасарына қарауға береді;

4 4) басшы не оның орынбасары қарағаннан кейін, құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығына/маманына тапсырады;

5 5) су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішті ұсынылатын талаптар сәйкестігіне қарайды және су көлігінде бақылау бөлімінің маманына тапсырады;

6 6) су көлігіндегі бөлімінің маманы төрт жұмыс күн ішінде ХҚКО түскен өтінішке қарауды жүзеге асырады және кеме куәлігін немесе кеме куәлігінің телнұсқасын ресімдеуге немесе дәлелденген бас тарту дайындайды, содан кейін уәкілетті орган басшысына қол қоюға жібереді;

7 7) уәкілетті органның басшысы бір жұмыс күн ішінде кеме куәлігіне немесе кеме куәлігінің телнұсқасына немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;

8 8) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері қызмет көрсету нәтижесін ХҚКО-ға жолдайды.

уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін алу кезінде ХҚКО түскен құжаттарды штрихкодты Сканердің көмегімен тіркейді;

9 9) ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет алушыға ұсынады.

15 15. ХҚКО мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара іс-қимыл) сипаттамасы

16 16. ХҚКО қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетілген «тосқауылсыз қызмет көрсету» арқылы ХҚКО құжаттарды қабылдау операциялық залында жүзеге асырылады.

ХҚКО құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға мыналар көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:
сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды ресімдеу үшін өтінішті алған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты;
мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты және әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты және әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі ҚФБ іске қосылған:

1 1) ХҚКО қызметкері;

2 2) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері;

3 3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері;

4 4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары;

5 5) су көлігіндегі бақылау басқармасының бастығы;

6 6) су көлігіндегі бақылау басқармасының маманы;

7 7) курьер.

18 18. Осы Регламентке 1-қосымшада әрбір әкімшілік іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) реті мен өзара іс-қимыл жасасуының кестелік сипаттамасы келтірілген.

19 19. Осы Регламентке 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы келтірілген.

20 20. Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

52 1-кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау

«Шағын көлемді кемелерді
мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау
Жал­пы үде­рі­стің іс-әре­ке­ті
Іс-әре­кет­тің №
1
2
3
4
5
6
ҚФБ-ң ата­уы
ХҚКО
қыз­мет­ке­рі
ХҚКО жи­нақ­та­у­шы қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы не оның орын­ба­са­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ма­ман
Іс-әре­кет­тің ата­уы
және оның си­па­ты
Өті­ніш­ті
қа­был­дау
және
тір­кеу
Құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­ру
Алын­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу
Ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сін та­лап сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сін та­лап сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау. Ке­ме би­ле­тін неме­се ке­ме би­ле­ті­нің тел­нұс­қа­сын ре­сім­деу
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Орын­дау мер­зі­мі мен жа­у­ап­ты орын­да­у­шы көр­се­ті­л­ген қа­ра­ры бар құ­жат­тар
Орын­дау мер­зі­мі мен жа­у­ап­ты орын­да­у­шы көр­се­ті­л­ген қа­ра­ры бар құ­жат­тар
Ре­сім­дел­ген ке­ме би­ле­ті неме­се ке­ме би­ле­ті­нің тел­нұс­қа­сы
Орын­дау мер­зі­мі
1 күн
1 күн
1 күн
4 күн
Іс-әре­кет­тің ата­уы
және оның си­па­ты
Өті­ніш бе­ру­ші­ге ке­ме би­ле­тін неме­се ке­ме би­ле­ті­нің тел­нұс­қа­сын бе­ру
Ке­ме би­ле­тін неме­се ке­ме би­ле­ті­нің тел­нұс­қа­сын ХҚКО жі­бе­ру
Ке­ме би­ле­тіне неме­се ке­ме би­ле­ті­нің тел­нұс­қа­сы­на қол қою
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Ке­ме би­ле­ті неме­се ке­ме би­ле­ті­нің тел­нұс­қа­сы
Қол қой­ы­л­ған ке­ме би­ле­ті неме­се ке­ме би­ле­ті­нің тел­нұс­қа­сы
Орын­дау мер­зі­мі
2 күн
1 күн
2-кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі үдерісі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің негіз­гі үде­рі­сі
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ХҚКО жи­нақ­та­у­шы қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы не оның орын­ба­са­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
1. Өті­ніш­ті қа­был­дау және тір­кеу
2. Құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­ру
3. Алын­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу
4. Ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау
5. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сін та­лап сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау
6. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сін та­лап сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау және ке­ме би­ле­тін неме­се ке­ме би­ле­ті­нің тел­нұс­қа­сын ре­сім­деу
9. Өті­ніш бе­ру­ші­ге ке­ме би­ле­тін неме­се ке­ме би­ле­ті­нің тел­нұс­қа­сын бе­ру
8. Ке­ме би­ле­тін неме­се ке­ме би­ле­ті­нің тел­нұс­қа­сын ХҚКО жі­бе­ру
7. Ке­ме би­ле­тіне неме­се ке­ме би­ле­ті­нің тел­нұс­қа­сы­на қол қою
3-кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетудің балама үдерісі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ба­ла­ма үде­рі­сі
ХҚКО қыз­мет­ке­рі
ХҚКО жи­нақ­та­у­шы қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы не оның орын­ба­са­ры
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
Су кө­лі­гін­де­гі ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
1. Өті­ніш­ті қа­был­дау және тір­кеу
2. Құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­ру
3. Алын­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу
4. Ша­ғын кө­лем­ді ке­ме­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау
5. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сін та­лап сәй­кест­і­лі­гіне қа­рау
6. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сін та­лап­та­ры­на сәй­кес емес неме­се же­тіс­пе­ген жағ­дай­да өті­ніш бе­ру­ші­ге құ­жат­тар­ды қа­был­да­удан бас тар­ты­ла­ды. Өті­ніш бе­ру­ші­нің та­ла­бы бой­ын­ша оған құ­жат­тар­ды қа­был­да­удан бас тар­ту­дың дәлел­ден­ген жа­з­ба­ша рас­тау қа­ға­зын бе­ре­ді.
9. Ша­ғын кө­лем­ді ке­ме би­ле­тін бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша ше­ші­мін өті­ніш бе­ру­ші­ге бе­ру
8. Ша­ғын кө­лем­ді ке­ме би­ле­тін бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша ше­ші­мін ХҚКО жі­бе­ру
7. Құ­жат­тар­ды қа­был­да­удан бас тар­ту­дың дәлел­ден­ген жа­з­ба­ша рас­тау қа­ға­зы­на қол қою

53 Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

«Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

54 Өтініш

«Шағын көлемді кемелерді
мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
____________________________
(Уәкілетті органның атауы)
БАСТЫҒЫ
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
тұрғылықты мекен-жайы:
____________________________
(мекенжайы)
Өтініш
Шағын көлемді кемені артық қосып жазуға қабылдауыңызды сұраймын.
_________________________________________________________жататын кеме
(ұйымның атауы, заңды тұлғаның мекенжайы немесе жеке тұлғаның тегі,
аты, әкесінің аты, туылған жылы, тұрғылықты мекенжайы, жұмыс орны, тел.)
Кеме түрі___________________________ Кеме № _________________________
Корпустың материалы _________________________________________________
Ұзындығы, м ____________ Ені, м _____________ Борт биіктігі, м ______
Шөгінуі: бос _________________ толық жүкпен _________________________
Салынған жылы және орны _____________________________________________
Жолаушылар сыйымдылығы (адам) _______ (жүксіз) Жүк көтергіштігі _____
Құтқару жабдықтары ______________________________________________
Су төгу құралы___________________ Белгі беру құралы__________________
Зәкірлік қондырғысы ___________ Өртсөндіргіш құрал-жабдығы __________
Қозғалтқыш маркасы __________________ Қуаты____________ № ___________
Салынған жылы және орны __________ Қозғаушы: түр _________ Саны _____
Жүзу ауданы _________________________________________________________
Кеме тұратын орын ___________________________________________________
«____»__________20__ ж                                      ________
                                                             (қолы)

Қолданыстағы