Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента государственной услуги "Аккредитация удостоверяющих центров"

Бұйрық · № 803 · қабылданған 23.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69862/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Регламента государственной услуги "Аккредитация удостоверяющих центров" Күшін жойған Бұйрық ·№ 803 ·23.11.2012
26.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента государственной услуги "Аккредитация удостоверяющих центров"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 803 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента государственной услуги "Аккредитация удостоверяющих центров"
Атауы (қаз.)
"Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметтің регламентін бекіту туралы"
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
803
Қабылданған күні
23.11.2012
Көрсетілген редакция
26.03.2014 AI69862_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008195
ЭКБ идентификаторы
69862
Редакция идентификаторы
AI69862_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:48

0 "Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметтің регламентін бекіту туралы"

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағымен және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 803 бұйрығымен
бекітілген
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ереже

1

1. Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 1-бабының 2) тармақшасына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы 9-1-бабы 4-тармағына және «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысымен (бұдан әрі – Қағида) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 1241 қаулысымен бекітілген «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мүдделі органдардың жауапты адамдары, ақпараттық жүйелері немесе олардың кіші жүйелері;

2 2) сараптамалық комиссия – Министрлік құрған, куәландырушы орталықтарды аккредиттеу жөніндегі комиссия;

3 3) мемлекеттік қызметті алушы (бұдан әрі - Алушы) – заңды тұлға;

4 4) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;

5 5) куәландырушы орталықты аккредиттеу (бұдан әрі - аккредиттеу) - куәландырушы орталықтың қызметтер көрсетудегі құзыретін уәкілетті органның ресми мойындауы.

3 3. «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – Уәкілетті орган) көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 1-бабы 2) тармақшасы;

2 2) Стандарт;

3 3) Қағидалар негізінде көрсетіледі.

6 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі куәландырушы орталықты аккредиттеу және қағаз тасығышта куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

8

8. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ге дейін күн сайын көрсетіледі, Қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді. Жеделдетілген қызмет көрсету режимі көзделмеген. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, кабинеті № А757, телефон: (87172) 74-03-64.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtс.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады немесе 8 (7172) 74-06-85 телефоны бойынша беріледі.

10 10. Мемлекеттік қызметті алу үшін Алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі Стандарттың № 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырады.

11 11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсетуде кері қайтару негіздері Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1

1) құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмыскерлерімен қызметкерлері (бұдан әрі - ҚҚҚ) парақтардың санын, бақылау белгілерін көрсетумен электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде құжаттарды қабылдау, ашу, іріктеу және тіркеуді жүргізеді. Алушы тіркеу мөртабаны қойылған (кіріс нөмірі, күні) өтініштің көшірмесін алады. Почта бойынша құжаттарды тапсырған жағдайда, Алушы 8(7172) 74-03-64 телефоны бойынша ҚҚҚ-де қарауға құжаттардың пакетін қабылданғаны туралы біле алады;

2 2) ҚҚҚ тіркелген құжаттарды Уәкiлеттi органның басшылығына жібереді;

3 3) Уәкiлеттi органның басшылығы Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бастығына құжаттарды қарауға тапсырады;

4 4) Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бастығы қажетті құжаттардың толықтығын және рәсімдеудің дұрыстығын қарайтын, тексеретін сарапшыға/бас сарапшыға құжаттарды қарауға тапсырады, Комиссия құрады және жұмысын ұйымдастырады;

5 5) Комиссия өтiнiштердiң және оған қоса берілген құжаттардың Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестiгін қарайды;

6 6) Комиссия қараудың негізінде бес данада хаттама құрады, оның бірі Алушыға жіберіледі;

7 7) Комиссия құжаттар тексерiсінің оң нәтижесi жағдайында Алушыға хабарлама және тексерудің мерзімдерін жібереді;

8 8) Комиссия куәландырушы орталықтың көшпелі зерттеуін жүзеге асырады, тексеру нәтижелерi туралы актіні рәсiмдейдi;

9 9) Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы зерттеудің нәтижелері туралы актінің негізінде Аккредиттеу туралы куәлікті береді немесе аталған куәлікті беруден бас тартады.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін Алушының құжаттарын қабылдау ҚҚҚ қызметкері Уәкілетті органның жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара іс-әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (ҚФБ) іске қосылған:

1 1) ҚҚҚ;

2 2) Уәкiлеттi органның басшылығы;

3 3) Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бастығы;

4 4) Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының сарапшысы/бас сарапшысы;

5 5) Комиссия.

16 16. Әр ҚФБ-нің іс әрекетінің (рәсімдерінің) нақты орындалу мерзімі және әкімшілік қарым-қатынастары мен мәтіндік кестелік сипаттар тізбегі осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбегі мен ҚФБ-нің арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтін сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

50 1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) сипаттамасы

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 803 бұйрығымен
бекітілген «Куәландырушы
орталықтарды аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің әре­ке­ті (ба­ры­сы­ның, жұ­мыс ағы­ны­ның)
1
Әре­кет­тің (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны) №
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
ҚҚҚ
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы/бас са­рап­шы­сы;
Ко­мис­сия
Ко­мис­сия
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау бас­қар­ма­сы
3
Әре­кет­тің (үр­діс, рә­сім­дер, опе­ра­ция) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және тір­кеу
Қа­жет­ті құ­жат­тар­ды рә­сім­де­удің дұ­ры­стығ­ын қа­рау, тек­се­ру, Ко­мис­си­я­ның жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру;
Қа­ғи­да­лар­дың бел­гі­лен­ген та­лап­та­ры­на сәй­кест­i­гіне өтiнi­ш­тер­дi және оған қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар­ды қа­рау
Ку­әлан­ды­ру­шы ор­та­лық­ты шы­ғу зерт­те­уі
Ку­әлан­ды­ру­шы ор­та­лық­ты зерт­те­удің қо­ры­тын­ды­ла­рын қа­рау. Ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру неме­се Ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру­ден бас тар­ту.
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-бас­қа­ру­шы­лық ше­шім)
Алушы­ның өті­ні­шін және оған қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар­ды Уәкі­лет­ті ор­ган­ның Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау бас­қар­ма­сы­на жол­дау
Ко­мис­си­я­ны құ­ру
Ку­әлан­ды­ру­шы ор­та­лық­ты шы­ғу зерт­те­уі
Тек­се­ру нәти­же­лерi ту­ра­лы ак­ті­ні рәс­iм­деу
Ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру неме­се Ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша дәлел­ді жа­у­ап
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
15 ми­нут
5 күн­тіз­бе­лік күн
5 күн­тіз­бе­лік күн
18 күн­тіз­бе­лік күн
2 күн­тіз­бе­лік күн

51 Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбегі мен ҚФБ-нің арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтін сызбалар

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 803 бұйрығымен
бекітілген «Куәландырушы
орталықтарды аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбегі мен ҚФБ-нің арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтін сызбалар

Қолданыстағы