Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"

Қаулы · № 1637/26 · қабылданған 06.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69885/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" Күшін жойған Қаулы ·№ 1637/26 ·06.12.2012
20.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1637/26 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"
Атауы (қаз.)
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1637/26
Қабылданған күні
06.12.2012
Көрсетілген редакция
20.06.2013 69885_179148.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PA003320
ЭКБ идентификаторы
69885
Редакция идентификаторы
69885_179148
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:36

0 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" № 745 қаулысына сәйкес, мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету мақсатында, Павлодар қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiліп отырған "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi бекітілсін.

2 2. "Павлодар қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының белгіленген тәртіпте әділет органдарында тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Д. А. Дәуітовке жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

5 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Павлодар қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 06 желтоқсандағы
№ 1637/26 қаулысымен
бекітілді
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы регламент (бұдан әрі – Регламент) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы N 51 қаулысымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрi – Стандарт) әзірленген.

2

2. "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк қызметтi (бұдан әрi - Мемлекеттiк қызмет) "Павлодар қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) Стандарттың 1–қосымшасында көрсетілген мекен-жай бойынша ұсынады.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық мәліметтерді, сондай-ақ оларды толтыру үлгілерін Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайдан, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсындағы www.minagri.gov.kz. веб-сайтының "Дипломмен ауылға" бөлімінен, мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердегі уәкілетті органның стенділерінен алуға болады.

5 5. Көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6 6. Мемлекеттiк қызмет ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:

қалаларда және өзге де елдi мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеуге және тұруға тiлек бiлдiрген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, ортадан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерiне, сондай-ақ көрсетілген білімі бар мамандарға (бұдан әрi – Тұтынушылар) ұсынылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады:

Тұтынушы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
күнтізбелік отыз тоғыз күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді;
күнтiзбелiк отыз екi күн iшiнде Келiсiм жасасу рәсiмi жүзеге асырылады және Келiсiм жасалғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит ұсынылады;
әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда үш жұмыс күні ішінден уәкілетті орган тұтынушыға дәйектелген жауап қолдайды;
тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең жоғары шекті уақыты – он минуттан аспайды;
тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті пайдаланушыға қызмет көрсетудің ең көп уақыты - отыз минуттан аспайды.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері, кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, 13-00-ден 14-30 сағатқа дейінгі түскі үзіліспен, 9-00-ден 18-30 сағатқа дейін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

10 10. Мемлекеттік қызметті алу үшiн Тұтынушы Уәкілетті органға Стандартың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

11 11. Өтініштің бланкісін Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы береді.

12 12. Тұтынушы толтырған өтініш пен мемлекеттік қызметті алу үшін талап етілетін, оған қоса берілетін құжаттар Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша уәкілетті органның лауазымды тұлғасына тапсырылады.

13 13. Тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын қолхат беріледі және оның әлеуметтік қолдау шараларын алатын күні көрсетіледі.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы тұтынушыға байланыс телефоны бойынша не уәкілетті органға жеке өзі келген кезде хабарланады.

15 15. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.

3 3. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

16 16. Уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары мемлекеттiк қызмет көрсету барысында қабылдайтын шешiмдерi мен әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен ескерiлген тәртiпте жауапты болады.

25 1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктердің (бұдан әрі - ҚФБ) іс-әрекеттерінің сипаттамасы

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс
істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария
мамандарына әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну"
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктердің
(бұдан әрі - ҚФБ) іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағымы)
Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағымының) реттік нөмірі
1
2
3
4
5
6
ҚФБ атауы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
Уәкілетті органның бастығы
Әкім аппаратының маманы
Әкім ап­па­ра­ты­ның бас­шы­сы
Қала әкімдігі
Уәкілетті органның маманы
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
Өті­ніш­тер­ді, қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дай­ды, кө­шір­ме­ле­рін тұп­нұс­қа­ла­ры­мен са­лы­стыр­ған­нан кей­ін тір­кей­ді және қол­хат­ты бе­ре­ді
Қаражаттардың қажеттілігін есептейді және құжаттарды тұрақты жұмыс істейтін комиссияның қарауына енгізеді
Әкім­дік қа­улы­сы­ның жо­ба­сын әзір­лей­ді және оны ке­лі­сті­ре­ді
Қаулының жобасын әкімдіктің отырысының күн тәртібіне енгізеді
Ма­ман­дар­ға әле­умет­тiк қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы қа­у­лы қа­был­дай­ды
Ке­лі­сім­нің жо­ба­сын әзір­лей­ді және қол қою үшін ен­гі­зе­ді
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім
Құжаттар жинағын құрастыру, қолхат беру
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну неме­се одан бас тар­ту ту­ра­лы тұ­рақ­ты жұ­мыс іс­тей­тін ко­мис­си­я­ның ше­ші­мі
Әкімдік қаулысының жобасы
Әкiмдiк қаулысының
жобасы
Әкімдіктің қаулысы
Келісім
Орындау мерзімі
30 минут
5 күн
7 күн
3 күн
10 күн
4 күн
Келесі іс-әрекеттің нөмірі
2
3
4
5
6
7
Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағымы)
Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағымының) нөмірі
7
8
9
10
11
12
ҚФБ атауы
Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) өкілі
Уәкілетті органның бастығы
Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) басшысы
Уәкілетті органның бастығы
Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) өкілі
Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) басшысы
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
Келісімнің жобасын қол қою үшін енгізеді
Келісімге қол қояды
Келісімге қол қояды
Көтерме жәрдемақысының сомасын тұынушылардың жеке есеп-шотына аударады
Тұрғын үйді алу үшін бюджеттік кредитті рәсімдеуді жүзеге асырады
Сатып алынған үйге бюджеттік кредиттің қаражаттарын аударуды жүзеге асырады
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)
Келісім
Келісім
Келісім
Төлем тапсырысы
Қарыз және кепілдік шарты
Төлем тапсырысы
Орындау мерзімі
1 күн
1 күн
1 күн
7 күн
28 күн
2 күн
Келесі іс-әрекеттің нөмірі
8
9
10
11
12

26 Мемлекеттiк қызметiн ұсыну үдерiсiнiң сызбасы

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс
істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария
мамандарына әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну"
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттiк қызметiн ұсыну үдерiсiнiң сызбасы

Қолданыстағы