О социальной помощи на возмещение затрат на проезд в город Санкт-Петербург гражданам, работавшим на предприятиях, в учреждениях и организациях города Ленинграда в период его блокады и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда", проживающим в городе Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О социальной помощи на возмещение затрат на проезд в город Санкт-Петербург гражданам, работавшим на предприятиях, в учреждениях и организациях города Ленинграда в период его блокады и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда", проживающим в городе Алматы
- Атауы (қаз.)
- Қоршаудағы кезенінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 82
- Қабылданған күні
- 12.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 09.10.2020 69887_487090.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12R0000960
- ЭКБ идентификаторы
- 69887
- Редакция идентификаторы
- 69887_487090
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:30
0
Қоршаудағы кезенінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) белгіленсін.
2 2. Әлеуметтік көмек осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген тұлғаларға, екі жылда бір рет Санкт-Петербург қаласына әуе немесе темiр жол көлігі арқылы барып, қайта келуінің құны толық мөлшерде екінші деңгейдегі банктердегі олардың есеп шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
3 3. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік көмек алу үшін, тұрғылықты жері бойынша Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына келесі құжаттарымен қоса өтініш береді:
1 1) өтініш иесінің жеке бірыңғай нөмірі бар жеке басын куәландыратын куәлігінің көшірмесі;
2 2) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;
3 3) «Ленинградты қорғағаны үшiн» және «Құрсаудағы Ленинград тұрғыны» медальдары куәліктерінің көшірмесі;
4 4) жол құнын растайтын билеттер;
5 5) ағымдағы банк шотын ашқаны туралы мәліметтер.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы И. Лиге және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.(келісім бойынша)
5 5. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т.Т. Мұқашевқа нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізу жүктелсін.
6 6. Осы шешім Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Алматы қалалық Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының бастығы
Ә. Құлмаханов
Алматы қаласы әкімінің
бірінші орынбасары
М. Мұқашев
Алматы қаласы Экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының бастығы
С. Қабдолов
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің меңгерушісі
А. Қасымова