Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил присоединения технических средств теле-, радиокомпаний к сетям операторов телерадиовещания

Бұйрық · № 811 · қабылданған 26.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69924/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении правил присоединения технических средств теле-, радиокомпаний к сетям операторов телерадиовещания Күшін жойған Бұйрық ·№ 811 ·26.11.2012
27.08.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил присоединения технических средств теле-, радиокомпаний к сетям операторов телерадиовещания

Күшін жойған Бұйрық ·№ 811 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил присоединения технических средств теле-, радиокомпаний к сетям операторов телерадиовещания
Атауы (қаз.)
Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
811
Қабылданған күні
26.11.2012
Көрсетілген редакция
27.08.2024 69924_718340.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008229
ЭКБ идентификаторы
69924
Редакция идентификаторы
69924_718340
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:46

0 Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын бекіту туралы

"Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрi
_________ Д. Мыңбай
2012 ж. 27 қараша

8 Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция
ми­ни­стрі­нің
2012 жы­л­ғы 26 қа­ра­ша­да­ғы № 811
бұй­ры­ғы­мен бе­кі­тіл­ді
Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу тәртібін айқындайды.

2 2. Телерадио хабарларын тарату желілері теле-, радиоарналарды тарату ортасына байланысты мыналарға:

1 1) спутниктік телерадио хабарларын тарату желілеріне;

2 2) эфирлік телерадио хабарларын тарату желілеріне;

3 3) кәбельдік телерадио хабарларын тарату желілеріне бөлінеді.

3 3. Қағидаларда Заңда белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай терминдер тиісті анықтамалармен қолданылады:

1

1) телерадио хабарларын тарату желісі – Қазақстан Республикасы аумағында және шет мемлекеттерде теле-, радиоарналарды трансляциялау мен тарату үшін пайдаланылатын жер үсті және спутниктік хабар тарату жүйелерінің бірыңғай өндірістік-технологиялық кешенін құрайтын бірыңғай телекоммуникациялар желілерінің құрамдас бөлігі;

2 2) телерадио хабарларын тарату операторының желісі – телерадио хабарларын тарату операторы пайдаланатын қолданылатын осы құралдардың параметрлерімен анықталатын аумақтағы теле-, радиоарналарды трансляциялау мен таратуды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен байланыс арналарының жиынтығы;

3 3) теле-, радиоарна сигналы – технологиялық параметрлері техникалық нормаларға және стандарттарға сәйкес анықталған теле-, радиоарнаның электрлік сигналы;

4

4) теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу – теле-, радиокомпаниялар техникалық құралдарының және телерадио хабарларын тарату операторлары желілерінің технологиялық өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру, бұл ретте теле-, радиоарналар сигналдарын өткізу және телерадио хабарларын тарату операторының желілері бойынша теле-, радиоарналарын беру мен тарату жөніндегі қызметтерді көрсету мүмкін болады;

5

5) қосу нүктесі – телерадио хабарларын тарату желісінің құрамына кіретін, олардың көмегімен телерадио бағдарламалары сигналдарын телерадио тарату желісіне беруді жүзеге асыратын теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын және (немесе) телекоммуникация желісінің техникалық құралдарын физикалық қосуы жүзеге асырылатын және телерадио хабарларын тарату желілері бойынша теле-, радиоарналардың сигналдарын өткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілетін техникалық құралдар.

2 2. Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу тәртібі

4

4. Елді мекенде телерадио хабарларын таратуды ұйымдастыру бойынша жоспарларды әзірлеу үдерісінде теле-, радиокомпания телерадио хабарларын тарату операторына теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторлары желілеріне қосу шарттарын алуға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді.

5

5. Телерадио хабарларын тарату операторы теле-, радиокомпанияның өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде теле-, радиокомпанияға осындай қосылулардың техникалық және экономикалық шарттарын көрсете отырып, телерадио хабарларын тарату операторларының желісіне телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын қосудың техникалық мүмкіндігінің бар болуы туралы жазбаша хабарламаны жібереді.

6

6. Телерадио хабарларын тарату операторлары желісіне теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын қосудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, негізделген себептермен телерадио хабарларын тарату операторларының желісіне теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын қосуды қамтамасыз етуге жазбаша түрде бас тартуды теле-, радиокомпанияға жібереді.

7

7. Теле-, радиокомпаниялардың және (немесе) телерадио хабарларын таратудың басқа да желілерінің техникалық құралдарын қосу шарттарына ықпал ететін телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын қайта жаңарту және (немесе) жаңғыртуды жоспарлау кезінде, телерадио хабарларын таратудың тиісті операторы кемінде күнтізбелік 30 күнде бұл туралы теле-, радиокомпания басшылығын және өзара әрекет етуші операторларды хабардар етеді және қосудың техникалық шарттарын өзгерту уақытын келіседі.

8 8. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу шарттары және олардың өзара іс-қимылдары техникалық және экономикалық болып бөлінеді.

9 9. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосудың техникалық шарттары және олардың өзара іс-қимылдары мынадай ақпараттардан тұруы тиіс:

1 1) телерадио хабарларын тарату желілеріне қосылу нүктелерінің орналасқан жері;

2 2) телерадио хабарларын тарату желілеріне қосу нүктелерінің техникалық параметрлері;

3 3) телерадио хабарларын тарату желілеріне қосылу нүктелерінде теле-, радиоарналар сигналдарының техникалық параметрлеріне талаптар;

4 4) телерадио хабарларын тарату желілеріне қосылу жөніндегі жұмыстардың орындалу көлемі, тәртібі мен мерзімдері;

5 5) жауапкершілік аймағын шектеу арқылы телерадио хабарларын тарату желілері бойынша теле-, радиоарналар сигналдарын беру;

6 6) телерадио хабарларын тарату құралдары мен желілеріне пайдалану-техникалық қызмет көрсету;

7 7) телерадио хабарларын тарату желілерінің соның ішінде төтенше жағдайларда тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану.

10 10. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторлары желілеріне қосудың экономикалық шарттары және олардың өзара іс-қимылдары мынадай ақпараттардан тұруы тиіс:

1 1) қосудың экономикалық шарттарының тізбесі;

2 2) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторлары желілеріне қосу қызметтерінің тізбесі, сондай-ақ олардың құны;

3 3) телерадио хабарларын тарату операторларының желілері бойынша теле-, радиоарналар сигналдарын беру қызметтерінің тізбесі, сондай-ақ олардың құны;

4 4) телерадио хабарларын тарату операторлары желілері бойынша теле-, радиоарналар сигналдарын тарату жөніндегі қызметтер үшін есеп айырысу.

11 11. Техникалық құралдарды қосуға ұйымдастыру үшін қажетті техникалық және экономикалық шарттар теле-, радиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторлары арасында жасалған шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

12 12. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторының желісіне қосудың шарттары және олардың өзара іс-қимылдары шартта көрсетіледі.

42 Өтініш

Те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын
та­ра­ту опе­ра­тор­ла­ры
же­лі­ле­ріне те­ле-,
ра­дио­ком­па­ни­я­лар­дың
тех­ни­ка­лық құ­рал­да­рын
қо­су қа­ғи­да­ла­ры­на
1-қо­сым­ша
_____________________________________________________________________________________
Кімге (Телерадио хабарларын тарату операторының толық атауы:
заңды тұлғаның және (немесе) жеке тұлға бар болған жағдайда – тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________________________
Кімнен (Теле-, радиокомпанияның толық атауы: заңды тұлғаның
және (немесе) жеке тұлға бар болған жағдайда – тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш
Телерадио хабарларын тарату _________________________ желісіне
спутниктік, эфирлік немесе кәбілдік
теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын қосу шарттарын
ұсынуды сұраймын ____________________________________________________
Телерадио хабар тарату операторының атауы
Теле-, радиокомпания туралы мәлімет:
1. Теле-, радиокомпанияның толық атауы: _______________________
2. Заңды мекенжайы және теле-, радиокомпанияның орналасқан орны:
_______________________________________________________________
3. Телефон, факс нөмірлері: ___________________________________
4. Байланыстағы тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты – бар болған
жағдайда телефон, факс нөмірлері, E-mail:
_____________________________________________________________________
5. Теле-, радиоарнаның атауы:
_____________________________________________________________________
6. Жоспарланған тарату аумағы және теле-, радиоарнаның трансляциялау пункттері:
_____________________________________________________________________
7. Теле-, радиоарнаның тарату ортасы:
_____________________________________________________________________
спутниктік, эфирлік және кәбілдік
8. Телерадио хабарларын тарату желісінде және (немесе)
телекоммуникацияларда теле-, радиоарналар сигналдарының болуы туралы ақпарат:
_____________________________________________________________________
Телерадио хабарларын тарату желісінің және (немесе)
телекоммуникациялар және операторлар желісінің атауы
Басшы _______ _________________________________________________
(қолы) (бар болған жағдайда – тегі, аты, әкесінің аты)
Мөрдің орны
20 ___ ж. "___"__________
Өтініш қабылданды: 20___ж. "___" _________________
_____________________________________________________________________
(қолы, телерадио хабар тарату операторының жауапты адамының Т.А.Ә.)

Қолданыстағы