Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Принятие местными исполнительными органами области решения по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков за пользователями животным миром и установлению сервитутов для нужд охотничьего и рыбного хозяйства"

Қаулы · № 652 · қабылданған 30.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69934/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Принятие местными исполнительными органами области решения по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков за пользователями животным миром и установлению сервитутов для нужд охотничьего и рыбного хозяйства" Күшін жойған Қаулы ·№ 652 ·30.11.2012
18.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Принятие местными исполнительными органами области решения по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков за пользователями животным миром и установлению сервитутов для нужд охотничьего и рыбного хозяйства"

Күшін жойған Қаулы ·№ 652 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Принятие местными исполнительными органами области решения по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков за пользователями животным миром и установлению сервитутов для нужд охотничьего и рыбного хозяйства"
Атауы (қаз.)
"Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
652
Қабылданған күні
30.11.2012
Көрсетілген редакция
18.04.2013 69934_161455.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12L0004391
ЭКБ идентификаторы
69934
Редакция идентификаторы
69934_161455
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:42

0

"Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б. Жахановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қызылорда облысы әкімдігінің

2012 жылғы "30" қарашадағы N 652
қаулысымен бекітілген
"Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1 1. Негізгі ұғымдар

1

1. Осы "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) 1–инспекция - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Қызылорда облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;

2 2) 2–инспекция - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің "Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейіндік инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;

3 3) комиссия - жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу жөніндегі комиссия;

4 4) мемлекеттік қызметті алушы - жеке және заңды тұлға (бұдан әрі - алушы);

5

5) орындаушы - міндеттеріне жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде құжаттарды ресімдеу кіретін "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкері;

6 6) уәкілетті орган - "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

2 2. Жалпы ережелер

2

2. Осы Регламент "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және "Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1108 қаулысымен бекітілген "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді.

3 3. Мемлекеттік қызмет стандарттың 1-қосымшасына сәйкес уәкілетті органмен көрсетіледі.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының және 40-бабының;

2 2) "Аң аулайтын алқаптарды бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 40 қаулысының;

3 3) "Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 қаулысының негізінде көрсетіледі.

6

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі жергілікті атқарушы органның аңшылық алқаптарды немесе балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін алушыларға бекітіп беру туралы қағаз тасығыштағы қаулысы (бұдан әрі – қаулы) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - бас тарту) болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен барысы туралы ақпаратты уәкілетті органнан, сонымен қатар Қызылорда облысы әкімдігінің www.e-kуzуlorda.gov.kz ресми порталынан алуға болады.

9 9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi стандарттың 7 және 9-тармақтарында көрсетілген.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері стандарттың 17-тармағында келтірілген.

11 11. Алушының құжаттарды өткізген сәтінен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

аңшылық алқаптар мен халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекіту кезінде:

1 1) 1-инспекция немесе 2-инспекция хаттаманы жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі - ЖАО) жолдайды;

2 2) ЖАО қаулыны қабылдайды және қаулының көшірмесін 1-инспекцияға немесе 2-инспекцияға жолдайды;

жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша:

1 1) алушы уәкілетті органға құжаттарды ұсынады;

2 2) комиссия хатшысы құжаттарды тіркейді, қолхат береді және құжаттарды комиссияға ұсынады;

3 3) комиссия құжаттарды қарайды, шешім қабылдайды және хаттаманы ресімдейді;

4 4) орындаушы хаттама негізінде қаулыны әзірлейді және қаулыны ЖАО-ға ұсынады немесе бас тартуды дайындайды және уәкілетті органның басшысына жолдайды;

5 5) ЖАО қаулыны қабылдайды, қаулының көшірмесін уәкілетті органға жолдайды;

6 6) уәкілетті органның басшысы бас тартуға қол қояды және орындаушыға жолдайды немесе қаулының көшірмесін орындаушыға жолдайды;

7 7) орындаушы бас тартуды тіркейді, қаулының көшірмесін немесе бас тартуды алушыға немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті тұлғасына береді.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-әрекет) тәртібінің сипаттамасы

12 12. Алушы 1-инспекцияға немесе 2-инспекцияға болмаса уәкілетті органға стандарттың 11-12-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

13 13. Алушыға:

1 1) құжаттардың қабылдану нөмірі және күні;

2 2) сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі;

3 3) қоса берілген құжаттар саны және атаулары;

4 4) мемлекеттік қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;

5 5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;

6 6) алушының немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлға үшін) немесе атауы (заңды тұлға үшін) байланыс деректері көрсетіле отырып, қажетті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

аңшылық алқаптар мен халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекіту кезінде:

1 1) 1-инспекция;

2 2) 2-инспекция;

3 3) ЖАО;

жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша:

1 1) комиссия хатшысы;

2 2) комиссия;

3 3) орындаушы;

4 4) ЖАО;

5 5) уәкілетті органның басшысы;

15 15. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетілген ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

16 16. Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген және ол мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысын көрсетеді.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

17 17. 1-инспекция, 2-инспекция, уәкілетті органның басшылары (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапкершілікте болады.

18 18. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану стандарттың 5-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

60 "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының

жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық
алқаптар мен балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен
аңшылық және балық шаруашылықтарының
қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу
жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы (аңшылық алқаптар мен халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекіту кезінде:)
Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағыны)
1
Іс-әрекеттердің (барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі
1
2
2
ҚФБ атауы
1-инспекция немесе 2-инспекция
ЖАО
3
Іс-әрекеттердің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
Хаттаманы ЖАО-ға жолдау
Қаулыны қабылдау
4
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешім)
Қаулының көшірмесін 1-инспекция немесе 2-инспекцияға жолдау
5
Орындалу мерзімі
3 жұмыс күн ішінде
5 жұмыс күн ішінде
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
Негізгі үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)
1-инспекция немесе 2-инспекция
ЖАО
1. Хаттаманы ЖАО-ға жолдау
2. Қаулыны қабылдау
3. Қаулының көшірмесін 1-инспекция немесе 2-инспекцияға жолдау
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы (жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша:)
Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағыны)
1
Іс-әре­кет­тер­дің (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Ко­мис­сия хат­шы­сы
Ко­мис­сия
Орын­да­у­шы
ЖАО
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы
Орын­да­у­шы
3
Іс-әре­кет­тер­дің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды тір­кеу және қол­хат бе­ру
Құ­жат­тар­ды
қа­рау
Хат­та­ма негі­зін­де қа­улы­ны неме­се бас тар­ту­ды дай­ын­дау
Қа­улы­ны қа­был­дау
Бас тар­ту­ға қол қою
Бас тар­ту­ды тір­кеу
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-
әкім­ші­лік ше­шім)
Құ­жат­тар­ды ко­мис­си­я­ға ұсы­ну
Ше­шім қа­был­дау, хат­та­ма­ны ре­сім­деу
Қа­улы­ны
ЖАО-ға ұсы­ну неме­се бас тар­ту­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы­на жол­дау
Қа­улы­ның кө­шір­ме­сін уәкі­лет­ті ор­ган­ға жол­дау
Бас тар­ту­ды неме­се қа­улы­ның кө­шір­ме­сін орын­да­у­шы­ға жол­дау
Қа­улы­ның кө­шір­ме­сін неме­се бас тар­ту­ды
алушы­ға
неме­се оның се­нім­хат бой­ын­ша уәкі­лет­ті тұл­ға­сы­на бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
10 жұ­мыс күн ішін­де
5 жұмыс күн ішінде
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
Негізгі үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)
Комиссия хатшысы
Комиссия
Орындаушы
ЖАО
1. Құжаттарды тіркеу және қолхат беру
3. Құжаттарды қарау
5. Хаттама негізінде қаулыны дайындау
7. Қаулыны қабылдау
2. Құжаттар пакетін комиссияға ұсыну
4. Шешім қабылдау, хаттаманы ресімдеу
6. Қаулыны ЖАО-ға ұсыну
8. Қаулының көшірмесін уәкілетті органға жолдау
9. Қаулының көшірмесін алушыға немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті тұлғасына беру
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс
Баламалы үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)
Комиссия хатшысы
Комиссия
Орындаушы
Уәкілетті орган басшысы
1. Құжаттарды тіркеу
3. Құжаттарды қарау
5. Хаттама негізінде бас тартуды дайындау
7. Бас тартуға қол қою
2. Құжаттарды комиссияға ұсыну
4. Шешім қабылдау, хаттаманы ресімдеу
6. Бас тартуды уәкілетті органның басшысына жолдау
8. Бас тартуды орындаушыға жолдау
9. Бас тартуды тіркеу және алушыға немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті тұлғасына беру

61 "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының

жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық
алқаптар мен балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен
аңшылық және балық шаруашылықтарының
қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу
жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы

Қолданыстағы