Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников в Южно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников в Южно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысында жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9/82-V
- Қабылданған күні
- 07.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2012 69953_128744.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12U0002205
- ЭКБ идентификаторы
- 69953
- Редакция идентификаторы
- 69953_128744
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:33
0 Оңтүстік Қазақстан облысында жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Оңтүстік Қазақстан облысында жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. «Оңтүстік Қазақстан облысындағы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы № 14/140-ІІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1909-нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 28 сәуірдегі «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 119 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2012 жылғы
7 желтоқсандағы № 9/82-V
шешіміне қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
Р/с
Су пайдаланудың арнайы түрлері
Төлемақы ставкалары
1.
Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер (тиын/текше метр)
12,16
2.
Өнеркәсіп, жылу энергетиканы қоса есептегенде (тиын/текше метр)
45,92
3.
Ауыл шаруашылығы (тиын/текше метр)
1,91
4.
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылығы (тиын/текше метр)
10,18
5.
Су энергетика, (тиын/киловатт сағат)
2,84
6.
Су көлігі, (тиын/тонна шақырым)
0,87