О ставках платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда Южно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда Южно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланудың төлемақы ставкалары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9/76-V
- Қабылданған күні
- 07.12.2012
- Қолданысқа енгізілген күні
- 30.01.2013
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2015 69954_42661.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12U0002206
- ЭКБ идентификаторы
- 69954
- Редакция идентификаторы
- 69954_42661
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:34
0 Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланудың төлемақы ставкалары туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 маусымдағы № 16/161-ІІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1915-нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 26 шілдеде «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 104-нөмірінде жарияланған) шешімі;
2
2) «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 маусымдағы № 16/161-ІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5/72-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1978- нөмірмен тіркелген, 2008 жылы 22 сәуірде «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 61-62 нөмірінде жарияланған) шешімі.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2012 жылғы 7
желтоқсандағы № 9/76-V шешіміне
қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы ставкалары
Р/с №
Орман пайдаланудың түрлері
Өлшем бірлігі
Төлемақы ставкалары
1
Орманды жанама пайдалану
1.1
Шөп шабу
1.1.1
жай-күйі жақсы
гектар
140 теңге
1.1.2
жай-күйі қанағаттанарлық
гектар
105 теңге
1.1.3
жай-күйі қанағаттанарлықсыз
гектар
82 теңге
1.2
Мал жаю
1.2.1
түйе
1 бас
82 теңге
1.2.2
ірі қара мал
1 бас
65 теңге
1.2.3
жылқы
1 бас
65 теңге
1.2.4
ірі қара малдың төлдері
1 бас
33 теңге
1.2.5
есек
1 бас
33 теңге
1.2.6
ешкі
1 бас
57 теңге
1.2.7
қой
1 бас
16 теңге
1.3
Аң өсіру
1 гектар
253 теңге
1.4
Ара ұяларын орналастыру
1 ұя
117 теңге
1.5
Көкөніс, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру
1 гектар
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 380-бабына сәйкес жер салығы деңгейінде айқындалады
2
Орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану
2.1
ұзақ мерзімді пайдалану
1 гектар
58,5 теңге
2.2
қысқа мерзімді пайдалану
1 адам/күн
0,1 айлық есептік көрсеткіші
3
Орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттары үшін пайдалану
3.1
ұзақ мерзімді пайдалану
1 гектар
253 теңге
3.2
қысқа мерзімді пайдалану
1 адам/күн
0,1 айлық есептік көрсеткіш
4
Орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары үшін пайдалану
1 гектар
нөлдік