О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 466
- Қабылданған күні
- 16.01.2013
- Көрсетілген редакция
- 16.01.2013 AI69979_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1300000466
- ЭКБ идентификаторы
- 69979
- Редакция идентификаторы
- AI69979_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:58
0 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында және республикалық
баспасөзде жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің өңірлік даму, кәсіпкерлікті қолдау, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін үйлестіру аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін оған бере отырып, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі құрылсын.
2 2. Мыналар:
1 1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, оған:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен – бюджеттік жоспарлау;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен – инвестицияларды қолдаудың және қолайлы инвестициялық ахуал жасаудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен – халықтың көші-қоны аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, оны Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі етіп қайта құру жолымен;
2 2) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі оларды Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне қосу жолымен;
3 3) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі оны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3 3. Мыналарға:
1 1) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер;
2 2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, оған мына салалардағы:
табиғи ресурстарды қорғау мен тиімді пайдалануды бақылау, су ресурстарын басқарудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен берілетін мелиорация мәселелерін қоспағанда, су ресурстарын басқару және балық шаруашылығын дамыту жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер;
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінен – қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселелері;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен – жаңартылатын энергия көздерін дамыту аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру мен бақылау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер берілсін.
4
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу мен тіркеу, олардың уақытша және тұрақты тұру, елден тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеу, азаматтарды құжаттандыру, есепке алу және тіркеу, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша функциялары мен өкілеттіктерін қоспағанда, халықтың көші-қоны, оны ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, көші-қон үдерістерін реттеу және мониторингілеу, көші-қонды реттеу аясындағы шаралар жүйесін әзірлеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.
5 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1 1) мыналарды:
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетін;
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитетін;
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетін;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитетін;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетін;
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті мен Орман және аңшылық шаруашылығы комитетін құруды қамтамасыз етсін;
2 2) Қазақстан Республикасының қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
3 3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
6 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;»;
мына:
«Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;»;
мына:
«Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі;»,
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;»,
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі.»
деген жолдар алып тасталсын.
7 7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
8 8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев