Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"

Қаулы · № 1348/12 · қабылданған 05.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70000/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" Күшін жойған Қаулы ·№ 1348/12 ·05.12.2012
19.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1348/12 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"
Атауы (қаз.)
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1348/12
Қабылданған күні
05.12.2012
Көрсетілген редакция
19.06.2013 70000_179260.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PC003328
ЭКБ идентификаторы
70000
Редакция идентификаторы
70000_179260
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:39

0 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" № 745 қаулысына сәйкес, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкiмінiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет регламенті

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 5 желтоқсаннан
№ 1348/12 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Екібастұз қаласының 50 жылдығы көшесі, 10 мекен-жайы бойынша, телефон 8 (7187) 75-42-45 орналасқан "Екібастұз қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3 3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

4

4. Мемлекеттiк қызмет ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына: қалаларда және өзге де елдi мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеуге және тұруға тiлек бiлдiрген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, ортадан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерiне, сондай-ақ көрсетілген білімі бар мамандарға (бұдан әрi – тұтынушылар) ұсынылады.

5

5. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 қаулысымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" (бұдан әрі – Стандарт) негiзiнде көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері, кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, 13-00-ден 14-30 сағатқа дейінгі түскі үзіліспен, 9-00-ден 18-30 сағатқа дейін көрсетіледі.

7 7. Көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8 8. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады:

1 1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

күнтізбелік отыз тоғыз күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді:
күнтiзбелiк отыз екi күн iшiнде Келiсiм жасасу рәсiмi жүзеге асырылады және Келiсiм жасалғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит ұсынылады;
әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган тұтынушыға дәйектелген жауап жолдайды;

2 2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең жоғарғы шекті уақыты - он минуттан аспайды;

3 3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті пайдаланушыға қызмет көрсетудің ең көп уақыты - отыз минуттан аспайды.

9 9. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау уәкілетті органның бір жауапты адамымен жүзеге асырылады.

3 3. Мемлекетті қызметті көрсету барысында әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібін сипаттау

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

12 12. Тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын қолхат беріледі және оның әлеуметтік қолдау шараларын алатын күні көрсетіледі.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатысады:

уәкілетті органның маманы;
әлеуметтік көмек шараларын ұсыну туралы комиссия;
қала әкімдігі;
уәкілетті органның бастығы.

14 14. Әрбір бірліктің әкімшілік әрекеттерінің (процедураларының) жүйелілігі және өзара әрекеттері, әрбір әкімшілік әрекеттің (процедураның) атқарылу мерзімін қоса көрсеткенде жазбаша кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

15 15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық жүйелілігі арасындағы қарым-қатынасты көрсететін сызба осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

16 16. Уәкілетті органның лауазымды қызметкерлері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.

28 Көтермеақы жәрдемақысын ұсыну кезіндегі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) әрекетінің сипаттамасы

2012 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1348/12 "Ауылдық елді мекендерге
жұмыс істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және ветеринария
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша
Көтермеақы жәрдемақысын ұсыну кезіндегі құрылымдық-функционалдық бірліктер
(бұдан әрі – бірліктер) әрекетінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің (жүріс, жұмыс ағыны) әрекеттері
1
Әре­кет № (жү­рі­стің, жұ­мыс ағы­ны­ның)
1
2
3
4
5
6
7
2
Бір­лік­тер­дің ата­уы
Уәкілетті органның маманы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Әле­умет­тік кө­мек ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ко­мис­сия
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
Қала әкімдігі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
3
Әре­кет­тің (про­це­стің, про­це­ду­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы­дан қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дай­ды және тір­кей­ді, қол­хат бе­ре­ді
Қар­жы қа­ра­жат­та­ры­ның қа­жет­ті­лі­гін есеп­те­уді жүр­гі­зе­ді, Тұ­ты­ну­шы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар па­ке­тін ко­мис­си­я­ға жі­бе­ре­ді
Тұ­ты­ну­шы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды қа­рай­ды, әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну не ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­дай­ды
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы  әкімдігі қаулысының  жобасын дайындайды және келіседі
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы қа­у­лы қа­был­дай­ды
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісімге қол қояды
Тұ­ты­ну­шы­лар­дың же­ке есеп­шот­та­ры­на кө­тер­ме ақы со­ма­сын ауда­ра­ды
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­ші­мі)
Қолхат
Құжаттар пакеті
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну не ұсынудан бас тарту туралы шешім
Әлеуметтік қолдау шарасын ұсыну туралы  әкімдігі қаулысының  жобасы
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім
Тө­лем тап­сыр­ма­сы
5
Орындау мерзімі
30 минуттан аспайды
5 күнтізбелік күн
10 күнтізбелік күн
2 күнтізбелік күн
10 күнтізбелік күн
4 күнтізбелік күн
7 күнтізбелік күн
6
Келесі әрекеттің нөмірі
2
3
4
5
6
7
Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – бірліктер)
әрекетінің сипаттамасы тұрғын үй сатып алуға не салуға
бюджеттік кредит ұсыну кезінде
Негізгі үдерістің (жүріс, жұмыс ағыны) әрекеттері
1
Әрекет  (жүрістің, жұмыс ағынының) N
1
2
3
4
5
6
7
2
Бірліктердің атауы
Уәкілетті органның маманы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Әле­умет­тік кө­мек ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ко­мис­сия
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
Қала әкімдігі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
3
Әре­кет­тің (про­це­стің, про­це­ду­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұтынушыдан қажетті құжаттарды қабылдайды және тіркейді, қолхат береді
Қар­жы қа­ра­жат­та­ры­ның қа­жет­ті­лі­гін есеп­те­уді жүр­гі­зе­ді, тұ­ты­ну­шы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар па­ке­тін ко­мис­си­я­ға жі­бе­ре­ді
Тұ­ты­ну­шы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды қа­рай­ды, әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну не ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­дай­ды
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы  әкімдігі қаулысының  жобасын дайындайды және келіседі
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы қа­у­лы қа­был­дай­ды
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ке­лі­сім­ге қол қо­яды
Тұр­ғын үй са­тып алу­ға не са­лу­ға  бюд­жет­тік кре­дит со­ма­сын се­нім­гер­ге (агент­ке) ауда­ра­ды
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­ші­мі)
Қолхат
Құ­жат­тар па­ке­ті
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну не ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­сын ұсы­ну ту­ра­лы әкім­ді­гі қа­улы­сы­ның  жо­ба­сы
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы қа­у­лы
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ке­лі­сім
Тө­лем тап­сыр­ма­сы
5
Орындау мерзімі
30 минуттан аспайды
5 күнтізбелік күн
10 күнтізбелік күн
2 күн­тіз­бе­лік күн
5 күнтізбелік күн
7
күнтізбелік күн
2
күнтізбелік күн
6
Келесі әрекеттің нөмірі
2
3
4
5
6
7

29 Көтермеақы жәрдемақысын ұсыну үшін мемлекеттік қызметті ұсыну үдерісінің сызбасы

2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 1348/12
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс
істеуге және тұруға келген денсаулық
сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және ветеринария мамандарына
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну"
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Көтермеақы жәрдемақысын ұсыну үшін мемлекеттік
қызметті ұсыну үдерісінің сызбасы
Тұрғын үй сатып алуға не салуға бюджеттік кредит ұсыну
кезінде ұсынылатын мемлекеттік қызмет үдерісінің сызбасы

Қолданыстағы