О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр санитарной авиации" Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Қолданыста
Қаулы
·№ 1724
·
16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр санитарной авиации" Министерства здравоохранения Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық санитариялық авиация орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1724
- Қабылданған күні
- 28.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI70016_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001724
- ЭКБ идентификаторы
- 70016
- Редакция идентификаторы
- AI70016_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:05
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық санитариялық авиация орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық санитариялық авиация орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
2. Мыналар:
1) кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы қызмет болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
11 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1724 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар