Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также освободившихся из мест лишения свободы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также освободившихся из мест лишения свободы
- Атауы (қаз.)
- Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 358/12
- Қабылданған күні
- 13.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 06.09.2013 70041_179254.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12PJ003327
- ЭКБ идентификаторы
- 70041
- Редакция идентификаторы
- 70041_179254
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:28
0 Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14-1) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Май ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Май ауданында:
интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2
2. "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіп тұрсын.
3
3. Май ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы "Интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс квота белгілеу туралы" № 325/12 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 12-10-114 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 желтоқсанда № 53 "Шамшырақ" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.