Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан, проживающим на территории Алгинского района

Өзге акт · № 63 · қабылданған 21.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70068/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан, проживающим на территории Алгинского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 63 ·21.12.2012
24.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан, проживающим на территории Алгинского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 63 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан, проживающим на территории Алгинского района
Атауы (қаз.)
Алға ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
63
Қабылданған күні
21.12.2012
Көрсетілген редакция
24.12.2013 70068_170588.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12CC003495
ЭКБ идентификаторы
70068
Редакция идентификаторы
70068_170588
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:18

0 Алға ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет Кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Алға аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1

1) он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға және бала жасынан, жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушыларға, жарақат алған, не болмаса әскери борышын орындауға байланысты емес аурулардан әскери қызметшілер қатарынан мүгедектерге ай сайын 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде;

2 2) кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына Халықаралық балаларды қорғау күніне біржолғы 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

3 3) ең төменгі және ең төменгі зейнетақыдан да төмен мемлекеттік базалық төлемдерді қоса есептегенде зейнетақы алушыларға, облыстық дәрежедегі зейнеткерлерге Халықаралық қарттар күніне бір жолғы 10000 (он мың) теңге мөлшерінде;

4 4) ұзақ мерзімді емдеуде жатқан, онкологиялық аурулармен және туберкулезбен ауыратын азаматтарға бір жолғы 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2 2. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде аудандық бюджет қаражаты есебінен алушылардың жеке есеп шотына аудару жолымен көрсетіледі.

3 3. Әлеуметтік көмек төлем алушылар толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болған кезде тоқтатылады.

4

4. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 8 «Халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-73 тіркелген, аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 18 санында жарияланған) және 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 «Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 8 «Халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-118 тіркелген, аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің 2011 жылғы 1 ақпандағы № 6-7 санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күн тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы