Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи уязвимым категориям населения

Өзге акт · № 49 · қабылданған 25.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70071/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи уязвимым категориям населения Күшін жойған Өзге акт ·№ 49 ·25.12.2012
26.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи уязвимым категориям населения

Күшін жойған Өзге акт ·№ 49 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи уязвимым категориям населения
Атауы (қаз.)
Халықтың әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
49
Қабылданған күні
25.12.2012
Көрсетілген редакция
26.03.2014 AI70071_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12CM003499
ЭКБ идентификаторы
70071
Редакция идентификаторы
AI70071_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:11

0 Халықтың әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Шалқар ауданының азаматтарының жекелеген санаттарына жыл сайын біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) «1 маусым - Балаларды қорғау күніне» кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына - 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

2

2) «1 қазан - Қарттар күніне» - базалық қосымша төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер және базалық қосымша төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы және төменгі зейнетақыдан төмен мөлшердегі зейнетақы алатын облыс алдындағы ерекше еңбегі үшін марапатталған дербес зейнеткерлерге - 10000 (он мың) теңге мөлшерінде;

2 2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан  жазылып шыққан туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға емделіп шыққан соң қосымша тамақтануға табысын есепке алмағанда - айына 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

3

3. Шалқар аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 5 ақпандағы № 178 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-13-123 санымен тіркелген, «Шалқар» газетінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 13-14(80111) санымен жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Аудандық мәслихаттың            Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы                     хатшысы
Ә. Әбдіғапарова                  С. Тулемисов

Қолданыстағы