Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан

Өзге акт · № 54 · қабылданған 21.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70078/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған Өзге акт ·№ 54 ·21.12.2012
06.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан

Күшін жойған Өзге акт ·№ 54 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан
Атауы (қаз.)
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
54
Қабылданған күні
21.12.2012
Көрсетілген редакция
06.12.2013 AI70078_6.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NQ003985
ЭКБ идентификаторы
70078
Редакция идентификаторы
AI70078_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:18

0 Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, біржолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Әлеуметтік көмек өтініш берушіге, егер ата–ананың біреуі немесе басқа заңды өкілі бала қайтыс болған күні "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса тағайындалады және төленеді;

2

2) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табысы бар отбасылардың жастарына, техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiмдi алуға байланысты шығындарды өтеу үшін, мемлекеттiк бiлiм беру гранттарының иелерi болып табылатын тұлғаларды, мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен өзге төлемдер алушыларды есептемегенде, бiлiм беру ұйымына нақты шығындар бойынша оқуға төлеуге. Жылына бір рет, тұтынушының өтініш жасаған фактісі бойынша көрсетіледі;

3 3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратындарға, қосымша тамақтануға, табыстарын есепке алмай, біржолғы, 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

4

4) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күнi жұмыспен қамту мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелген болса, біржолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5 5) барлық санаттағы мүгедектерге, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, табыстарын есепке алмай, біржолғы, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен көп емес;

6 6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай, біржолғы, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

7

7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, біржолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

8 8) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге, біржолғы, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

9 9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

10

10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, табыстарын есепке алмай, біржолғы, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

11 11) барлық санаттағы мүгедектерге, шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүруге байланысты шығындарды өтеу үшін, нақты шығындар бойынша, табыстарын есепке алмай, біржолғы;

12

12) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

2 2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.

3

3. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 1 ақпандағы № 12 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-133 тіркелген, 2012 жылғы 1 наурыздағы № 10 "Сарыкөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ С. Молдабеков

17 "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мәслихаттың
2012 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 54 шешіміне
қосымша
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін
қажетті құжаттар тізбесі

1 1. Міндетті құжаттар:

1 1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;

2 2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;

3 3) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;

4 4) алынып тасталды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 01.04.2013 № 71 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5 5) алушының банктік шоты болуын растайтын құжат;

6 6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.

2 2. Қосымша құжаттар:

1 1) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:

өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәлiметтер;
қайтыс болуы туралы куәлiк;

2 2) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табысы бар отбасылардың жастарына, техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiмдi алуға байланысты шығындарды өтеу үшін:

өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәлiметтер;
тиiстi оқу орнымен берiлген, оқу жылына оқу төлемiнiң мөлшерi мен оқу орнын растайтын құжат;
оқу төлемiн растайтын құжат;

3 3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:

емделуде болғанын растайтын, тиiстi медициналық ұйымнан анықтама;

4

4) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күнi жұмыспен қамту мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелген болса:
өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәлiметтер;
қайтыс болуы туралы куәлiк;
туыстық қатынастарды растайтын құжат;

5 5) барлық санаттағы мүгедектерге, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, табыстарын есепке алмай:

алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
жедел емделудің нақты шығындарын растайтын құжат;
медициналық мекемеде жедел емделуден өткенді растайтын құжат;

6 6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай:

егер аталған азамат уәкiлеттi органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;

7 7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай:

алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;

8 8) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге:

өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәлiметтер;

9 9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге, табыстарын есепке алмай:

алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;

10 10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, табыстарын есепке алмай:

егер аталған азамат уәкiлеттi органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;

11 11) барлық санаттағы мүгедектерге, шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүруге байланысты шығындарды өтеу үшін, нақты шығындар бойынша, табыстарын есепке алмай:

алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
жеке оңалту бағдарламасы;
жол жүру шығындарын растайтын құжат;
мүгедектің шипажай немесе оңалту орталығында болуын растайтын құжат;

12

12) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.

3 3. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа мен көшiрмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге өтiнiш берген күні қайтарылады.

4 4. Осы шешiмнiң 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларымен қарастырылған жағдайда, жұмыспен қамту мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыз ретiнде тiркелуiн тексередi.

Қолданыстағы