Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Өзге акт · № 83 · қабылданған 20.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70082/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған Өзге акт ·№ 83 ·20.12.2012
13.09.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Күшін жойған Өзге акт ·№ 83 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Атауы (қаз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
83
Қабылданған күні
20.12.2012
Көрсетілген редакция
13.09.2013 70082_56943.kaz
Соңғы өзгеріс
13.09.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NL003989
ЭКБ идентификаторы
70082
Редакция идентификаторы
70082_56943
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:23

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, бір жолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен көп емес;

2 2) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге, бір жолғы, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3 3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4

4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5 5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

6

6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қаржылы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрыңғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

7 7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

8

8) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;

9 9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

10

10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

11 11) барлық санаттағы мүгедектерге, шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүруге байланысты табыстарды есепке алмай, нақты шығындар бойынша.

2 2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасынасәйкес анықталсын.

3

3. Аудандық мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 26 қазандағы № 404 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-166 тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада № 46 "Айна" аудандық газетінде жарияланған), мәслихаттың "Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 26 қазандағы № 404 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-186 тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 16 "Айна" аудандық газетінде жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінің бастығы
____________________________ Т.А. Салмина
«20» желтоқсан 2012 жыл

16 Мәслихаттың

2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 83 шешіміне
қосымша
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

1 1. Міндетті құжаттар:

1 1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;

2 2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған тұтынушылар үшін – туу туралы куәлік;

3

4 4) тұтынушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;

5 5) тұтынушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;

6 6) тұтынушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.

2 2. Қосымша құжаттар:

1 1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге:

тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
емделу шығындарын растайтын құжат;

2 2) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге:

өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;

3 3) табысы аз отбасылардың кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:

өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
қайтыс болуы туралы куәлік;

4

4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғалары үшін, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
қайтыс болуы туралы куәлік;
туыстық қатынастарды растайтын құжат;

5 5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:

егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;

6

6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қаржылы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрыңғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;

7 7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:

емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;

8

8) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұтынушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтерді растайтын құжат;
тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
оқу төлемін растайтын құжат;

9 9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін тұрмыстық қажеттіліктерге:

егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;

10 10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге:

егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;

11 11) барлық санаттағы мүгедектерге, шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүруге байланысты табыстарды есепке алмай, нақты шығындар бойынша:

тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
оңалту жеке бағдарламасы;
жол жүру шығындарын растайтын құжат;
мүгедектің шипажай немесе оңалту орталығында болуын растайтын құжат.

3 3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берген күні өтініш берушіге қайтарылады.

4 4. Осы шешімнің 1-тармағының 4) тармақшасымен көзделген жағдайда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.

Қолданыстағы