Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"

Қаулы · № 339 · қабылданған 11.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70084/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" Күшін жойған Қаулы ·№ 339 ·11.12.2012
20.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"

Күшін жойған Қаулы ·№ 339 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"
Атауы (қаз.)
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
339
Қабылданған күні
11.12.2012
Көрсетілген редакция
20.06.2013 70084_179895.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PD003333
ЭКБ идентификаторы
70084
Редакция идентификаторы
70084_179895
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:31

0 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Павлодар облысы Ақтоғай
ауданы әкімдігінің 2012 жылғы
11 желтоқсандағы № 339
қаулысымен бекітілді
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттiк қызметтiң атауы: "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну".

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 қаулысымен бекiтiлген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi - Стандарт) негiзiнде көрсетiледi.

4

4. Мемлекеттік қызмет "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесімен ұсынылады (бұдан әрі-Уәкілетті орган), Павлодар облысы Ақтоғай ауылы Абай көшесі 75, телефон (8-718-41) 21-5-53, мекенжайы бойынша демалыс пен мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн ұсынылады, электронды менен-жайы: akteconom@mail.ru.

5 5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесі көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары, немесе қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6

6. Мемлекеттiк қызмет ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына: қалаларда және өзге де елдi мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеуге және тұруға тiлек бiлдiрген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, ортадан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерiне, сондай-ақ көрсетілген білімі бар мамандарға (бұдан әрi – Тұтынушылар) ұсынылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады:

1 1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

күнтізбелік отыз тоғыз күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді;
күнтiзбелiк отыз екi күн iшiнде нысан бойынша Келiсiм жасасу рәсiмi жүзеге асырылады және Келiсiм жасалғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит ұсынылады;
Өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең жоғарғы шекті уақыты - он минуттан аспайды;
Өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті пайдаланушыға қызмет көрсетудің ең көп уақыты - отыз минуттан аспайды.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттiк қызметтiк көрсету үдерісінде iс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

9 9. Осы мемлекеттiк қызметтi алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін тапсыру қажет.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi: барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға тiркелген және мемлекеттiк қызметтi алу уақыты, және құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғанының тегi, аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.

10 10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден Стандарттың 16-тармағында көрсетiлген жағдайда бас тартады.

11 11. Уәкілетті органының қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау, барынша толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі кезінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі - Бірлік) қатыстырылған:

1 1) Уәкілетті органның маманы;

2 2) Уәкілетті органның бастығы;

3 3) аудан әкімі аппаратының маманы;

4 4) аудан әкімі аппаратының басшысы;

5 5) аудан әкімдігі;

6 6) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) өкілі;

7 7) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бастығы.

13 13. Бірліктердің әрекетінің сипаттамасы осы регламенттің 1, 2 қосымшаларында көрсетілген.

14 14. Бірліктердің іс-қимыл реттінің логикалық сұлбасы осы регламенттің 3, 4 қосымшаларында көрсетілген.

3 3. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

15 15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiн бұзған лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалары бойыншa жауапқа тартылады.

31 Көтермеақы жәрдемақысын ұсыну кезіндегі бірліктердің әрекетінің сипаттамасы

2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 339
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс
істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттік
қызмет регламентіне
1 қосымша
Көтермеақы жәрдемақысын ұсыну кезіндегі
бірліктердің әрекетінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің (жүріс, жұмыс ағыны) әрекеттері
1
Әрекет  N (жүрістің, жұмыс ағынының)
1
2
3
4
5
6
7
2
Бірліктердің атауы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Әле­умет­тік кө­мек ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ко­мис­сия
Уәкілетті органның маманы
Аудан әкімдігі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
3
Әре­кет­тің (про­це­стің, про­це­ду­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы­дан қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дай­ды, қол­хат бе­ре­ді
Қар­жы қа­ра­жат­та­ры­ның қа­жет­ті­лі­гін есеп­те­уді жүр­гі­зе­ді, Тұ­ты­ну­шы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар па­ке­тін ко­мис­си­я­ға жі­бе­ре­ді
Тұ­ты­ну­шы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды қа­рай­ды, әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну не ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­дай­ды
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы аудан әкім­ді­гі қа­улы­сы­ның  жо­ба­сын дай­ын­дай­ды және ке­лі­се­ді
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы қа­у­лы қа­был­дай­ды
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ке­лі­сім­ге қол қо­яды
Тұ­ты­ну­шы­лар­дың же­ке есеп шот­та­ры­на кө­тер­ме­а­қы со­ма­сын ауда­ра­ды
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­ші­мі)
Қолхат
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну не ұсы­ну­дан  бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну не ұсынудан бас тарту туралы шешім
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­сын ұсы­ну ту­ра­лы аудан әкім­ді­гі қа­улы­сы­ның  жо­ба­сы
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ке­лі­сім
Тө­лем тап­сыр­ма­сы
5
Орын­дау мер­зі­мі
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
5 күн­тіз­бе­лік күн
10 күн­тіз­бе­лік күн
2 күн­тіз­бе­лік күн
10 күн­тіз­бе­лік күн
4 күн­тіз­бе­лік күн
7 күн­тіз­бе­лік күн
6
Келесі әрекеттің нөмірі
2
3
4
5
6
7

32 Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит ұсыну кезіндегі бірліктердің әрекетінің сипаттамасы

2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 339
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс
істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттік
қызмет регламентіне
2 қосымша
Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит
ұсыну кезіндегі бірліктердің әрекетінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің (жүріс, жұмыс ағыны) әрекеттері
1
Әрекет  N (жүрістің, жұмыс ағынының)
1
2
3
4
5
6
7
2
Бір­лік­тер­дің ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Әле­умет­тік кө­мек ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ко­мис­сия
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
Аудан әкім­ді­гі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
3
Әре­кет­тің (про­це­стің, про­це­ду­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы­дан қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дай­ды, қол­хат бе­ре­ді
Қар­жы қа­ра­жат­та­ры­ның қа­жет­ті­лі­гін есеп­те­уді жүр­гі­зе­ді, тұ­ты­ну­шы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар па­ке­тін ко­мис­си­я­ға жі­бе­ре­ді
Тұ­ты­ну­шы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды қа­рай­ды, әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну не ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­дай­ды
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы аудан әкім­ді­гі қа­улы­сы­ның  жо­ба­сын дай­ын­дай­ды және ке­лі­се­ді
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы қа­у­лы қа­был­дай­ды
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ке­лі­сім­ге қол қо­яды
Тұр­ғын үй са­тып алу­ға не са­лу­ға  бюд­жет­тік кре­дит со­ма­сын се­нім­гер­ге (агент­ке) ауда­ра­ды
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­ші­мі)
Қол­хат
Құ­жат­тар па­ке­ті
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну не ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­сын ұсы­ну ту­ра­лы аудан әкім­ді­гі қа­улы­сы­ның жо­ба­сы
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы қа­у­лы
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ке­лі­сім
Тө­лем тап­сыр­ма­сы
5
Орын­дау мер­зі­мі
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
5 күн­тіз­бе­лік күн
10 күн­тіз­бе­лік күн
2 күн­тіз­бе­лік күн
5 күн­тіз­бе­лік күн
7 күн­тіз­бе­лік күн
2 күн­тіз­бе­лік күн
6
Ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3
4
5
6
7

33 Көтермеақы жәрдемақысын ұсыну үшін мемлекеттік қызметті ұсыну үдерісінің сызбасы

2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 339
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс
істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттік
қызмет регламентіне
3 қосымша
Көтермеақы жәрдемақысын ұсыну үшін мемлекеттік
қызметті ұсыну үдерісінің сызбасы

34 Тұрғын үй сатып алуға не салуға бюджеттік кредит ұсыну кезінде ұсынылатын мемлекеттік қызмет үдерісінің сызбасы

2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 339
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс
істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттік
қызмет регламентіне
4 қосымша
Тұрғын үй сатып алуға не салуға бюджеттік кредит ұсыну
кезінде ұсынылатын мемлекеттік қызмет үдерісінің сызбасы

Қолданыстағы