Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қаулы · № 1565 · қабылданған 07.12.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70130/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Некоторые вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1565 ·07.12.2012
07.12.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1565 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1565
Қабылданған күні
07.12.2012
Көрсетілген редакция
07.12.2012 AI70130_0.kaz
Соңғы өзгеріс
07.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001565
ЭКБ идентификаторы
70130
Редакция идентификаторы
AI70130_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:33

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кұрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2012 жылғы 12 шілдедегі № 354 жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.

2 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.

3 3. Осы қаулыға 1, 2-қосымшаларда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

4 4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
реттiк нөмiрлерi 257, 259, 265, 270-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«257. Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасы.
259. Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы.
265. Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы.
270. Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы.»;
реттiк нөмiрлерi 258, 260, 262, 263, 264, 266, 267, 268, 269, 272-жолдар алынып тасталсын.

5 5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта аталатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1565 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта аталатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

1 1. Астана әскери тергеу басқармасы Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасына.

2 2. Алматы әскери тергеу басқармасы Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасына.

3 3. Ақтау әскери тергеу басқармасы Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасына.

4 4. Шығыс әскери тергеу басқармасы Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасына.

12 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1565 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

1 1. Қарағанды әскери тергеу басқармасын, Қостанай әскери тергеу басқармасын қосу жолымен Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасы.

2 2. Гвардия әскери тергеу басқармасын, Сарыөзек әскери тергеу басқармасын, Талдықорған әскери тергеу басқармасын, Тараз әскери тергеу басқармасын, Шымкент әскери тергеу басқармасын қосу жолымен Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы.

3 3. Ақтөбе әскери тергеу басқармасын қосу жолымен Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы.

4 4. Өскемен әскери тергеу басқармасын, Аягөз әскери тергеу басқармасын қосу жолымен Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы.

Қолданыстағы