Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача разрешения на проведение аэросъемочных работ"

Бұйрық · № 226-ОД · қабылданған 05.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70136/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача разрешения на проведение аэросъемочных работ" Күшін жойған Бұйрық ·№ 226-ОД ·05.12.2012
26.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача разрешения на проведение аэросъемочных работ"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 226-ОД · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача разрешения на проведение аэросъемочных работ"
Атауы (қаз.)
"Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
226-ОД
Қабылданған күні
05.12.2012
Көрсетілген редакция
26.06.2014 AI70136_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008245
ЭКБ идентификаторы
70136
Редакция идентификаторы
AI70136_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:39

0 "Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің геодезия, картография және геодезиялық бақылау департаменті (Д.Б. Тажединов) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының орынбасары Б.Ә. Смағұловқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы                   Қазақстан Республикасы
      Жер ресурстарын басқару                  Қорғаныс министрі
      агенттігі төрағасы                       _______ Ә. Жақсыбеков
      ____________ Қ. Отаров

5 «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің регламенті

Қазақстан Республикасының
Жер ресурстарын басқару
Агенттігі Төрағасының
2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 226-ОД,
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс Министрінің
2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 989
бірлескен бұйрығымен бекітілген
«Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметтің регламенті (бұдан әрі - регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына, «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысымен, сондай-ақ «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген негізінде көрсетіледі.

2 2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) аэротүсірілім - жергілікті жерді электромагниттік толқындар спектрінің әр түрлі учаскелерінде жұмыс істейтін түсіру жүйелерін (ақпаратты қабылдағыштар) пайдалана отырып, ұшу аппараттарынан түсіру;

2 2) аэротүсірілім жұмыстары - ұшу-түсіру жұмыстарынан және деректерді өңдеуден тұратын жұмыстар;

3 3) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – мемлекеттік қызметті көрсету барысына қатысатын лауазымды тұлға;

4 4) тұтынушы - мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалар.

3 3. «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару Агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

6 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз тасығышта Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру немесе хат түрінде бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің және (немесе) өзге мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - мүдделі органдар) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз етуіне өз құзыреті шегінде қатысуы қарастырылған.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар

8

8. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, уәкілетті органның жұмысы тәртібіне сәйкес сағат 9-00-ден бастап, 18-30-ға дейін күн сайын көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрағы бойынша, оны алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат уәкілетті органмен мына мекенжай бойынша ұсынылады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс, № 253-кабинет, тел.: 8 (7172) 74-24-74 немесе www.auzr.kz сайтында.

10 10. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10 үй, 12 кіреберіс, № 510 кабинет, тел.: 8 (7172) 74-24-40 мекен-жайы бойынша көрсетіледі.

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды өткізуі тиіс.

12 12. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

13 13. Стандарттың 7-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет мерзімде көрсетіледі.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ жұмылдырылған:

1 1) уәкілетті органның Басқармасы;

2 2) уәкілетті органның басшылығы;

3 3) аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсатты беру туралы өтінімді қарастыру бойынша, уәкілетті органның Департамент басшысы;

4 4) аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсатты беруге өтінішті қарастыру бойынша уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;

5 5) мүдделі органдар.

15 15. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің реті мен өзара іс-қимыл жасасуының кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.

16 Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу бойынша іс-қимылдардың сипаттамасы

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
1-қосымша
«Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге
рұқсат беру» мемлекеттік
қызметін көрсетудің регламенті
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу бойынша іс-қимылдардың сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің іс-қи­мыл­да­ры (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
1
Іс-қи­мыл­дар­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
1
2
3
4
5
6
7
2
ҚФБ ата­уы
Уәкі­лет­ті  ор­ган­ның бас­қар­ма­сы
Уәкі­лет­ті  ор­ган­ның бас­шы­сы
Де­пар­та­мент­тің бас­шы­сы
Де­пар­та­мент­тің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
Мүд­де­лі ор­ган­дар
Де­пар­та­мент­тің жа­у­ап­ты  орын­да­у­шы­сы
Уәкі­лет­ті  ор­ган­ның бас­қар­ма­сы
3
Іс-қи­мыл­дар­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­та­ры бар өті­ніш­ті тек­се­ре­ді және тір­кей­ді
бұ­ры­шта­ма қо­яды
бұ­ры­шта­ма қо­яды
қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­та­ры бар өті­ніш­ті қа­рас­ты­ра­ды
өз құ­зы­рет­те­рі ше­гін­де дәлел­ді қо­ры­тын­ды бе­ре­ді
қо­ры­тын­ды­ны зерт­тей­ді, тір­кей­ді және рұқ­сат­та­ма­ны рә­сім­дей­ді
Де­пар­та­мент­тің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы­нан рұқ­сат­ты қа­был­дай­ды
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-әкім­ші­лік ше­шім)
қар­сы­лық­қа негіз бол­ма­ған жағ­дай­да құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы­на тап­сы­ра­ды
қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­та­ры бар өті­ніш­ті Де­пар­та­мент­тің бас­шы­сы­на бе­ре­ді
қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­та­ры бар өті­ніш­ті түс­кен кү­ні жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ға тап­сы­ра­ды
ес­кер­ту­лер жоқ болған жағ­дай­да, қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­та­ры бар өті­ніш­ті мүд­де­лі ор­ган­дар­ға жі­бе­ре­ді
қо­ры­тын­ды­ны уәкі­лет­ті ор­ган­ға жі­бе­ре­ді
тұ­ты­ну­шы­ға бе­ру­ге уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­қар­ма­сы­на тап­сы­ра­ды
рұқ­сат­ты  мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің тұ­ты­ну­шы­сы­на бе­ре­ді неме­се жі­бе­ре­ді
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
түс­кен кү­ні
түс­кен кү­ні
түс­кен кү­ні
2 жұ­мыс кү­ні ішін­де
15 жұ­мыс кү­ні ішін­де
2 жұ­мыс кү­ні ішін­де
түс­кен кү­ні
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
2 ба­ға­на
3 ба­ға­на
4 ба­ға­на
5 ба­ға­на
6 ба­ға­на
7 ба­ға­на
2-қосымша
«Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге
рұқсат беру» мемлекеттік
қызметін көрсетудің регламенті
Мемлекеттік қызметті көрсету процесі

Қолданыстағы