Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для отдельных категорий граждан на территории Мамлютского района Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 472 · қабылданған 05.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70153/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для отдельных категорий граждан на территории Мамлютского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған Қаулы ·№ 472 ·05.12.2012
19.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для отдельных категорий граждан на территории Мамлютского района Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 472 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для отдельных категорий граждан на территории Мамлютского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
472
Қабылданған күні
05.12.2012
Көрсетілген редакция
19.04.2013 70153_167534.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12SJ002061
ЭКБ идентификаторы
70153
Редакция идентификаторы
70153_167534
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:39

0 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілерін жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.

2

2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілерін жұмысқа жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Е.М. Бекшеновке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы