Құжат мәтініне өту

Об определении категорий физических лиц и перечня документов, необходимых для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Өзге акт · № 11/9-V · қабылданған 21.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70162/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об определении категорий физических лиц и перечня документов, необходимых для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған Өзге акт ·№ 11/9-V ·21.12.2012
16.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении категорий физических лиц и перечня документов, необходимых для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Күшін жойған Өзге акт ·№ 11/9-V · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении категорий физических лиц и перечня документов, необходимых для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Атауы (қаз.)
Мұқтаж азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтiк көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізімін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11/9-V
Қабылданған күні
21.12.2012
Көрсетілген редакция
16.04.2014 70162_183512.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VD002824
ЭКБ идентификаторы
70162
Редакция идентификаторы
70162_183512
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:18

0 Мұқтаж азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтiк көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізімін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 5, 6, 7, 8, 9 баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар жеке тұлғалардың келесі санаттары белгіленсін:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

2 2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген тұлғалар және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттары;

3 3) жасы бойынша зейнеткерлер;

4 4) 1 және 2 топтың мүгедектері; 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

5 5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, 1 және 11 дәрежелердегі «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар;

6

6) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);

7 7) жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар санынан шыққан жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттері; балалар үйінің түлектері;

8 8) онкологиялық аурулары бар, АИВ жұқтырған және туберкулездің түрлі формаларымен ауыратын азаматтар;

9

9) қымбат тұратын жедел емдеу жасауға мұқтаж болу салдарынан шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін (шығындары отбасының айлық табысының үш есе мөлшерінен асатын), сондай-ақ өртке қарсы қызметтің қорытындысы бойынша, қасақана өртеуден басқа өрттен, су тасқынынан, табиғи апаттан, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтар;

10 10) саяси құғын-сүргін құрбандары, саяси құғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғалар;

11 11) аз қамтылған отбасылар (азаматтар);

12 12) оралмандар;

13 13) балалар: жетім; ата-анасының қамқорынсыз қалған.

2 2. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттар тізімі белгіленсін:

1 1) әлеуметтiк көмек көрсету туралы өтiнiш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжат;

3 3) тұрақты тұрғын орны бойынша тіркеуді растайтын құжат (азаматтарды тiркеу кiтабы, мекенжай анықтамасы);

4 4) онкологиялық аурумен ауыратын және туберкулездiң түрлi түрлерiмен ауыратын тұлғалардан басқа отбасының табысы туралы мәлiметтер;

5 5) өтiнiш берушiнiң мәртебесiн растайтын құжат;

6 6) осы шешімнің 1 тармағының 9) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаттары үшін – тиісті өкілді органмен берілген, ауыр өмірлік (төтенше) жағдайдың туындағанын растайтын акті немесе басқа да құжат;

7 7) оперативтік емделуге кеткен нақты қаржылық шығындарды немесе алдағы қаржылық шығындарды растайтын құжаттар немесе денсаулық сақтау органдарының өмірлік көрсеткіштер бойынша оперативтік емделуге жолдамасы;

8 8) туберкулезбен ауыратындарға – өтініш берген күннен бастап туберкулезге қарсы диспансердің тізімдері;

9 9) осы шешімнің 1 тармағының 7) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаттары үшін оқу құнын және өтініш берушінің оқу фактісін растайтын жоғарғы оқу орындарының құжаттары.

Құжаттар түпнұсқаларымен және көшірмелерімен ұсынылады, салыстырғаннан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылып береді.

3

3. Риддер қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі 32/8-IV «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөнінде нұсқаулықты бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын (2011 жылғы 19 мамырдағы № 20 «Мой город Риддер» газетінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылы 16 мамырда № 5-4-148 тіркелді).

4 4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы