О некоторых вопросах лицензирования туроператорской деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах лицензирования туроператорской деятельности
- Атауы (қаз.)
- Туроператорлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1670
- Қабылданған күні
- 25.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2015 AI70178_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001670
- ЭКБ идентификаторы
- 70178
- Редакция идентификаторы
- AI70178_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:11
0 Туроператорлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.06.2015 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туроператорлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып белгіленсін.
3 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1 1) «Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 210-құжат);
2 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі № 879 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 428-құжат);
3
3) «Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1587 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 9, 185-құжат).
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Туроператорлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1670 қаулысымен
бекітілген
Туроператорлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі