Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Аттестация государственных информационных систем и негосударственных информационных систем, интегрируемых с государственными информационными системами, на соответствие их требованиям информационной безопасности и принятым на территории Республики Казахстан стандартам"

Бұйрық · № 880 · қабылданған 13.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70188/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Аттестация государственных информационных систем и негосударственных информационных систем, интегрируемых с государственными информационными системами, на соответствие их требованиям информационной безопасности и принятым на территории Республики Казахстан стандартам" Күшін жойған Бұйрық ·№ 880 ·13.12.2012
24.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Аттестация государственных информационных систем и негосударственных информационных систем, интегрируемых с государственными информационными системами, на соответствие их требованиям информационной безопасности и принятым на территории Республики Казахстан стандартам"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 880 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Аттестация государственных информационных систем и негосударственных информационных систем, интегрируемых с государственными информационными системами, на соответствие их требованиям информационной безопасности и принятым на территории Республики Казахстан стандартам"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
880
Қабылданған күні
13.12.2012
Көрсетілген редакция
24.08.2015 AI70188_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008240
ЭКБ идентификаторы
70188
Редакция идентификаторы
AI70188_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:28

0

"Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова):

1 1) белгіленген заңнамалық тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оның МОИП орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

7 «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 880
бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 1241 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.

2 2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігі аттестаты (бұдан әрі - аттестат) – АЖ-ның ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі – АҚ) талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған ақпараттық жүйенің стандарттарға сәйкестігі фактісін растайтын құжат;

2 2) мемлекеттік қызметті алушы (бұдан әрі – алушы) – мемлекеттік ақпараттық жүйелердің немесе мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар;

3

3) ақпараттық жүйені АҚ талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау – ақпараттық жүйе қорғалуының нақты жағдайын және оның ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігін анықтау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешені;

4 4) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;

5

5) аттестаттық тексеру – АЖ-ның жалпы құрылымын қауіпсіздіктің және құрамдастарды құрылымда орналастыру саясатына сәйкестігіне тексеру, АЖ-ның құрамдастары болып табылатын құрамдастарының үйлесімділігін тексеру, пайдаланылатын АЖ ақпараттық қауіпсіздігінің ұйымдастырушылық шараларын сараптау, сондай-ақ пайдаланушылардың қолданыстағы қорғау механизмдерін айналып өтіп, ақпаратқа қол жеткізуіне мүмкіндік беретін АЖ құрамдастарын аспаптық тексеру;

6 6) уәкілетті ұйым – «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТСТСТО» РМК);

7 7) аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) – аттестаттық тексеру нәтижелерін қарайтын және тиісті ұсынымдарды әзірлейтін, уәкілетті орган жанындағы консультациялық-кеңес беру органы;

8 8) құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі – ҚФБ) – мүдделi мемлекеттiк органдардың тұлғалары, мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері.

3

3. «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетеді.

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Қағаз тасығыштағы аттестаттың берілуі немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

6 6. Мемлекеттік қызмет Уәкілетті органмен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу қажет емес. Жылдамдатылған қызмет көрсету режимі көзделмеген.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы ақпарат www.mtc.gov.kz және www.ctsat.kz интернет-ресурстарында орналастырылады немесе 8 (7172) 74-03-54 телефоны бойынша беріледі.

8 8. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

10 10. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

11 11. Алушы өтініш берген сәттен бастап оған мемлекеттік қызметтің қорытындысын шығаруға дейін мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1

1) 1-ші кезең – уәкілетті органның кеңсе бөлімінің қызметкерлері өтінім келіп түскен жағдайда Стандарттың 11-тармағына сәйкес қоса берілген өтінімі (бұдан әрі – өтінім) және құжаттамалары бар кіріс хат-хабарды қабылдау, ашу, сканерлеу және Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) тіркеу жұмыстарын жүргізеді. ЭҚАБЖ-ға ұйғарымды салымдар мөлшері артқан жағдайда әр салымның бірінші беттері сканерленеді және құжаттың тіркеу-бақылау карточкасына тиісті белгі қойылады. Қағаз тасымалдаушыда «Қызмет бабында пайдалану үшін» (бұдан әрі – ҚБП) грифі арқылы өтінім келіп түскен жағдайда кіріс ҚБП хат-хабарларды қабылдау, ашу және ЭҚАБЖ-да тіркеу жұмыстарын жүргізеді;

2

2) 2-ші кезең – құжатты қарау бойынша уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінен жауапты лауазымды тұлғаны белгілейді. вице-министрдің тапсырмасына (бұрыштамасына) сәйкес өтінім ЭҚАБЖ-да немесе ҚБП кіріс құжаттарын тіркеу журналына қол қою арқылы орындау үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі;

3 3) 3-ші кезең – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы өтінімді алған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде өтінімнің Стандарттың 11-тармағының талаптарына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады;

4 4) 4-ші кезең – өтінім Стандартта белгіленген нысан мен жиынтықтық талаптарына сәйкес болған жағдайда, күнтізбелік екі күн ішінде уәкілетті ұйымға жіберіледі, әйтпесе өтінім қайтару себептері көрсетіліп, алушыға қайтарылады;

5 5) 5-ші кезең – уәкілетті ұйымның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері өтінімді алу, ашу, іріктеу және кіріс хат-хабарды тіркеу журналында тіркеу жұмыстарын жүргізеді;

6 6) 6-шы кезең – уәкілетті ұйымның басшылығы кіріс хат-хабарды қарастырады және өтінімді қарау бойынша жауапты лауазымды тұлғаны белгілейді. Басшының тапсырмасына (бұрыштамасына) сәйкес өтінім орындау үшін тиісті журналда қол қойылып уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасына жіберіледі;

7 7) 7-ші кезең – АЖ аттестаттау жүргізуге өтінім алғаннан кейін уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы алушымен шарт жасасуға келісім алу үшін уәкілетті ұйымның заң бөліміне қызметтік жазба жолдайды;

8

8) 8-ші кезең – уәкілетті ұйымның заң бөлімі күнтізбелік бір күн ішінде алушыға аттестаттық зерттеу бойынша қызмет көрсету шартының, АҚ қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстарды орындау шартының және ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары болған кезде немесе қажет жағдайда бірлескен құпия жұмыстарды орындау шартының екі данасын жібереді;

9 9) 9-шы кезең – алушы жоғарыда көрсетілген шарттардың екі данасын алғаннан кейін, күнтізбелік үш күн ішінде оған қол қояды және әр шарттың бір данасын уәкілетті ұйымға қайтарады;

10

10) 10-шы кезең – алушымен жасасқан шарттың негізінде уәкілетті ұйым АЖ аттестаттық тексеру жүргізеді. Аттестаттық тексеру мерзімі аттестаттық тексеру жүргізуге шарт жасалған сәттен бастап күнтізбелік жиырма бір күннен аспауы тиіс. Аттестатталатын АЖ құрылымына АЖ-ның ведомостволық немесе өңірлік құрамдастары енгізілген жағдайда, уәкілетті ұйым белгіленген мерзімді сақтаудың мүмкін болмау себептерін баяндай отырып, аттестаттық тексеру мерзімін ұзарту туралы уәкілетті органға өтініш жасайды. Уәкілетті орган аттестаттық тексеру мерзімін күнтізбелік он жеті күннен аспайтын мерзімге дейін ұзарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы өтініш берушіге күнтізбелік бір күн ішінде хабарланады. Аттестаттық тексеру аттестатталатын АЖ-де қолданылған ақпараттық технологияларды ескере отырып, тізбесін уәкілетті ұйым анықтайтын Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған АҚ саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Алушы уәкілетті ұйымның аттестаттық тексеру өткізуі үшін аттестатталатын АЖ бойынша үй-жайға, құрал-жабдыққа және ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

11

11) 11-ші кезең – аттестаттық тексерудің нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым уәкілетті органға берілетін акт жасайды. Акт төрт данада (Комиссия, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган, ұлттық қауіпсіздік органдары және өтініш беруші үшін бір-бірден) жасалады және АЖ қорғалуының нақты жай-күйі туралы мәліметтерді қамтиды;

12 12) 12-ші кезең – уәкілетті орган актіні алған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде Комиссия шақырады және осы Комиссияның қарауына акт береді;

13

13) 13-ші кезең – Комиссия актінің негізінде хаттама түрінде ресімделетін тиісті ұсынымдарды әзірлейді. Комиссия осы актіні қарау кезінде АЖ-ның функционалдық күрделілік деңгейін және оның арналуын, өңделетін АЖ ақпаратының сипатын, ақпараттың құпиялылығын, АЖ-ға қол жеткізу санатын, АЖ-дағы деректерді өңдеу режимін, АҚ бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманың жиынтылығын және оның талаптарының сақталуын, қауіпсіздіктің нақты қауіп-қатерін бағалауды (қауіп-қатердің және осалдылығының әлеуетті көздері) ескереді;

14 14) 14-ші кезең – Комиссия хаттамасының негiзiнде және актiнi ескере отырып, уәкiлеттi орган күнтізбелік бір күн iшiнде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

аттестатты беру немесе беруден бас тарту туралы (аттестат беруден бас тарту туралы шешім актіде көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған АҚ саласындағы стандарттар талаптарына сәйкессіздіктер негізінде қабылданады);
өтініш берушінің айқындалған сәйкессіздіктерді жоюы туралы (аталған шешім АЖ-ны аттестациядан өткізу өтініміне кемінде бір рет қабылдануы тиіс). Шешімнің көшірмесі өтініш берушіге жіберіледі;

15

15) 15-ші кезең – Комиссия айқындалған сәйкессіздіктерді жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аттестациялық тексеріс кезінде анықталған сәйкессіздіктердің жойылғандығы туралы уәкілетті органды хабардар еткенге дейін тоқтатылады. Мемлекеттік қызметті алушы шешімнің көшірмесін алған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде аттестаттық тексеруде анықталған сәйкессіздіктерді жояды және олардың жойылғаны туралы уәкілетті органды хабардар етеді, осыдан соң уәкілетті орган күнтізбелік бір күн ішінде АЖ-ға қосымша аттестаттық тексеру жүргізудің қажеттілігі туралы уәкілетті ұйымға хабарлайды. Қосымша тексерудің мерзімі уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік сегіз күннен аспауы тиіс;

16 16) 16-шы кезең – қосымша аттестаттық тексеру өткізілгеннен кейін, осы Регламенттің 13-тармағының 11) - 14) тармақшаларында көрсетілген іс-қимылдар жүзеге асырылады;

17 17) 17-ші кезең – аттестаттық немесе қосымша аттестаттық тексеру нәтижелері бойынша оң шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган осы Регламенттің 13-тармағының 14) тармақшасында белгiленген мерзiмде алушыға аттестат беріледi;

18 18) 18-ші кезең – аттестатты беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган осы Регламенттің 13-тармағының 11) тармақшасында белгіленген мерзімде бас тартудың себептерін көрсете отырып, алушыға қағаз тасығышта тиісті хабарламаны жібереді.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара іс-қимылдар) тәртібінің сипаттамасы

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мына ҚФБ қатысады:

1 1) кеңсе бөлімінің қызметкері;

2 2) уәкілетті органның лауазымды тұлғасы;

2 2) уәкілетті органның вице-министрі;

3 3) уәкілетті ұйым;

4 4) уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы;

5 5) Комиссия.

13.Осы регламентке 1-қосымшада әрбір әкімшілік іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) реті мен өзара іс-қимыл жасасуының кестелік сипаттамасы келтірілген.

14 ҚФБ-ның әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) реті мен өзара іс-қимыл жасасуының кестелік сипаттамасы

14. Осы регламентке 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара әрекетінің сызбасы келтірілген.
«Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және
мемлекеттік ақпараттық жүйелермен
интеграцияланатын мемлекеттік емес
ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік
талаптарына және Қазақстан Республикасының
аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне
аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламентіне
1-қосымша
ҚФБ-ның әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) реті мен өзара іс-қимыл жасасуының кестелік сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
Іс-әре­кет­тің  (ба­ры­сы­ның, жұ­мыс ағы­ны­ның) №
1
2
3
2
ҚФБ ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ҚҚҚ қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ви­це-ми­ни­стрі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
3
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, опе­ра­ци­я­ның,  рә­сім­нің) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
қа­был­дау, ашу, ска­нер­леу және өті­нім­ді ЭҚАБЖ-де неме­се ҚБП хат-ха­бар­лар­ды тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу
Ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ны анық­тау
Өті­нім мен қо­са бе­рі­ле­тін құ­жат­тар­дың ны­сан мен жиын­тық та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне тек­се­ру­ді жү­зе­ге асы­ру және «ТСТ­СТО» РМК-ге жі­бе­ру, ке­рі жағ­дай­да алушы­ға се­беп­те­рін көр­се­те оты­рып қай­та­ру
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкім­дік ше­шім)
ЭҚАБЖ-де неме­се ҚБП хат-ха­бар­лар­ды тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу
Ви­це-ми­ни­стр­дің тап­сыр­ма­сы­на (бұ­ры­шта­ма­сы­на) сәй­кес өті­нім ЭҚАБЖ-да неме­се ҚБП кі­ріс құ­жат­та­рын тір­кеу жур­на­лы­на қол қою ар­қы­лы орын­дау үшін ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға жі­бе­рі­ле­ді
Өті­нім мен қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар­ды іле­с­пе хат­пен бір­ге «ТСТ­СТО» РМК ме­кен­жай­ы­на жі­бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
15 ми­нут
күн­тіз­бе­лік 1 күн
күн­тіз­бе­лік 1 күн
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
Іс-әре­кет­тің  (ба­ры­сы­ның, жұ­мыс ағы­ны­ның) №
4
5
6
7
2
ҚФБ ата­уы
«ТСТ­СТО» РМК ҚҚҚ бас­шы­сы
«ТСТ­СТО» РМК ада­мы
«ТСТ­СТО» РМК ла­у­а­зым­ды ада­мы
«ТСТ­СТО» РМК ла­у­а­зым­ды ада­мы
3
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, опе­ра­ци­я­ның,  рә­сім­нің) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­нім мен қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар­ды алу, ашу, ірік­теу және тір­кеу
Ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ны анық­тау
Алушы­ға қыз­мет­тер­ді көр­се­ту шар­ты­ның екі нұс­қа­сын жі­бе­ре­ді
АЖ-ның ат­те­ста­ци­я­лық тек­се­ру­ін жүр­гі­зе­ді
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкім­дік ше­шім)
Кі­ріс құ­жат­тар­ды тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу
Бас­шы­лық­тың тап­сыр­ма­сы­на (бұ­ры­шта­ма­сы­на) сәй­кес қо­са бе­рі­л­ген тір­кеу сұ­ра­ным­да­ры бар хат өті­нім ЭҚАБЖ-да неме­се ҚБП кі­ріс құ­жат­та­рын тір­кеу жур­на­лы­на қол қою ар­қы­лы орын­дау үшін ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға жі­бе­рі­ле­ді
Шарт
Акт
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
15 ми­нут
күн­тіз­бе­лік 1 күн
күн­тіз­бе­лік 1 күн
күн­тіз­бе­лік 21 күн
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
Іс-әре­кет­тің  (ба­ры­сы­ның, жұ­мыс ағы­ны­ның) №
8
9
10
2
ҚФБ ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган
Ко­мис­сия
Уәкі­лет­ті ор­ган
3
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, опе­ра­ци­я­ның,  рә­сім­нің) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Ко­мис­сия ша­қы­ры­ла­ды және ак­ті­ні Ко­мис­си­я­ның қа­ра­ры­на бе­ре­ді
ти­іс­ті ұсы­ны­стар дай­ын­да­ла­ды
оң ше­шім қа­был­дан­ған жағ­дай­да, Стан­дарт­тың 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ат­те­стат бе­ре­ді және ат­те­стат­тар­дың ті­зі­лі­міне ти­іс­ті мә­лі­мет­тер­ді ен­гі­зе­ді. Ат­те­стат бе­ру­ден бас тар­тқан жағ­дай­да, бас тар­ту­дың се­беп­те­рін көр­се­ту­мен тұ­ты­ну­шы­ға ти­іс­ті ха­бар­ла­ма жі­бе­рі­ле­ді
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкім­дік ше­шім)
Ко­мис­сия хат­та­ма­сы
Ко­мис­сия хат­та­ма­сы
ат­те­стат бе­ру, ат­те­стат­тар­дың ті­зі­лі­міне неме­се тұ­ты­ну­шы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на мә­лі­мет­тер ен­гі­зу
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
күн­тіз­бе­лік 2 күн
күн­тіз­бе­лік 1 күн
күн­тіз­бе­лік 1 күн
«Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және
мемлекеттік ақпараттық жүйелермен
интеграцияланатын мемлекеттік емес
ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік
талаптарына және Қазақстан Республикасының
аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне
аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара әрекетінің сызбасы Ақпараттық жүйелерді аттестаттауды өткізу үдерісі

Қолданыстағы