Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента государственной услуги "Согласование деятельности иностранных религиозных объединений на территории республики, назначение иностранными религиозными центрами руководителей религиозных объединений в Республике Казахстан"

Бұйрық · № 131 · қабылданған 12.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70189/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Регламента государственной услуги "Согласование деятельности иностранных религиозных объединений на территории республики, назначение иностранными религиозными центрами руководителей религиозных объединений в Республике Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 131 ·12.12.2012
18.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента государственной услуги "Согласование деятельности иностранных религиозных объединений на территории республики, назначение иностранными религиозными центрами руководителей религиозных объединений в Республике Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 131 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента государственной услуги "Согласование деятельности иностранных религиозных объединений на территории республики, назначение иностранными религиозными центрами руководителей религиозных объединений в Республике Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
131
Қабылданған күні
12.12.2012
Көрсетілген редакция
18.03.2014 AI70189_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008244
ЭКБ идентификаторы
70189
Редакция идентификаторы
AI70189_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:30

0 "Республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, 15-1-бабына, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 29 ақпандағы № 273 қаулысына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 қаулысымен бекітілген «Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса беріліп отырған регламенті бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті (С.Қ. Оспанов) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен (Ә.Т. Жуанышпаева) бірлесе отырып заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуді және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Агенттіктің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті (С.Қ. Оспанов) бұйрық күшіне енгеннен кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсына енгізіп, Агенттіктің барлық құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарын және қарасты мекемелерін ақпараттандырсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Агенттік Төрағасының орынбасарына М.А. Әзілхановқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.

6 «Республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігі Төрағасының
2012 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 131 бұйрығымен
бекітілген
«Республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 қаулысымен бекітілген «Республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу» мемлекеттік қызметі Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша, демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен жүзеге асырады.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі мемлекеттік қызметті республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiне және шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауына келiсім-хат беру (бұдан әрі – келісім–хат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.

4 4. Мемлекеттік қызметті алушы (не нотариалды расталған сенімхат бойынша өкіл) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін заңды тұлға (бұдан әрі - алушы).

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Үкіметтің www.e.gov.kz электрондық порталында, Агенттіктің www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

7 7. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы (не нотариалды расталған сенімхат бойынша өкіл) Агенттікке Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) сипаттамасы

10 10. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың өткізілгендігін растау құжаттарды қабылдау күні және құжаттарды қабылдауды iске асырған лауазымды тұлғаның аты, жөні, тегі көрсетілген Агенттіктің тіркеу мөртабаны қойылған алушының өтініш не қолдаухат көшірмесі болып табылады.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін осы Регламенттің 1-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес Агенттік кеңсесінің қызметкері алушыдан құжаттарды қабылдайды.

12 12. Алушыдан мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш қабылдаған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берген кезге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 1) алушы (не нотариалды расталған сенімхат бойынша өкіл) Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды Агенттік кеңсесінің қызметкеріне тапсырады;

2 2) Агенттік кеңсесінің қызметкері құжаттар пакетін қабылдайды, алушыға құжаттарды қабылдау туралы уәкілетті органның тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған өтініш не қолдаухат көшірмесін береді, құжаттарды тіркеу журналында тіркейді және құжаттарды Агенттік басшылығының қарауына береді;

3 3) Агенттіктің басшылығы құжаттарды қарастырғаннан кейін жауапты орындаушыға тапсырады;

4 4) жауапты орындаушы құжаттарды қарастырады және келісім–хат не құжаттар Стандарттың 16 тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты дайындайды;

5 5) Агенттік басшылығы келісім–хатқа не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапқа қол қояды;

6 6) Агенттік кеңсесінің қызметкері алушыға (не нотариалды расталған сенімхат бойынша өкілге) көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін қағаз тасымалдағышта қолма-қол не пошта арқылы алушымен көрсетілген мекенжайға жолдайды.

Келісім-хаттың берілуі берілген келісім-хаттар журналында тіркеледі.

13 13. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мына құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1 1) кеңсе қызметкері;

2 2) басшылық;

3 3) жауапты орындаушы;

14 14. Әрбір ҚФБ-ның әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдердің) дәйектілігі мен өзара әрекеттесуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы, әрбір әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетіле отырып, осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

15 Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) дәйектілігі мен өзара әрекеттесуінің сипаттамасы

15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік әрекеттердің қисынды дәйектілігі арасындағы өзара әрекеттесуін көрсететін схема мен ҚФБ осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
«Республика аумағындағы шетелдік діни
бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни
орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни
бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу»
Мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) дәйектілігі мен өзара әрекеттесуінің сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ сипаттамасы
Негіз­гі про­це­стің жүр­гі­зі­луі (жұ­мыс ба­ғы­ты, ле­гі)
№ әре­кет
(жұ­мыс ба­ғы­ты, ле­гі)
1.
2.
3 .
4.
5.
ҚФБ ата­уы
Кең­се  қыз­мет­ке­рі
Бас­шы­лық
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
Бас­шы­лық
Кең­се  қыз­мет­ке­рі
Әре­кет ата­уы
(про­цесс, рә­сім, опе­ра­ция) және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, алушы­ға қа­был­дау ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Дін іс­те­рі агент­ті­гі­нің тір­кеу мөр­та­ба­сы (кі­ріс нө­мі­рі, кү­ні) қой­ы­л­ған өті­ніш не қол­да­ухат кө­шір­ме­сін бе­ру,  құ­жат­тар­ды тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу және олар­ды бас­шы­лық қа­ра­уы­на бе­ру
Құ­жат­тар­мен та­ны­су және жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ға жі­бе­ру
Қа­рас­ты­ру және ке­лі­сім-хат­ты не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уә­ждел­ген жа­у­а­бын дай­ын­дау
Қа­рас­ты­ру және ке­лі­сім-хат­қа не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уә­ждел­ген жа­у­ап­қа қол қою
Ке­лі­сім-хат­ты не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уә­ждел­ген жа­у­ап­ты алушы­ға бе­ру­ді дай­ын­дау
Аяқ­та­лу ны­са­ны
(де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкім­дік ше­шім­дер)
Тір­кеу нө­мі­рі және алушы­ға өті­ніш кө­шір­ме­сін бе­ру
Бас­шы­лық қа­ра­ры
Ке­лі­сім-хат не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уә­ждел­ген жа­у­ап
Ке­лі­сім-хат­қа не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уә­ждел­ген жа­у­ап­қа қол қою
Ке­лі­сім-хат­ты не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уә­ждел­ген жа­у­ап­ты тір­кеу және қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта қол­ма-қол не по­шта ар­қы­лы алушы­мен көр­се­ті­л­ген ме­кен­жай­ға жол­дау
Орын­да­лу мер­зі­мі
30 ми­нут
Бір күн ішін­де
Отыз күн ішін­де
Отыз күн ішін­де
Бір күн ішін­де
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс
1-топ  ҚФБ
Кең­се қыз­мет­ке­рі
2-топ ҚФБ
Бас­шы­лық
3-топ  ҚФБ
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
№ 1 әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, алушы­ға қа­был­дау ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Дін іс­те­рі агент­ті­гі­нің тір­кеу мөр­та­ба­сы (кі­ріс нө­мі­рі, кү­ні) қой­ы­л­ған өті­ніш не қол­да­ухат кө­шір­ме­сін бе­ру,  құ­жат­тар­ды тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу және олар­ды бас­шы­лық қа­ра­уы­на бе­ру
№ 2 әре­кет
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ға тап­сы­ру ту­ра­лы қа­рар жа­зу
№ 3 әре­кет
Қа­рас­ты­ру және ке­лі­сім–хат­ты дай­ын­дау
№ 4 әре­кет
Қа­рас­ты­ру және ке­лі­сім–хат­қа қол қою
№ 5 әре­кет
Ке­лі­сім-хат­ты тір­кей­ді және қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта қол­ма-қол не по­шта ар­қы­лы алушы­мен көр­се­ті­л­ген ме­кен­жай­ға жол­дау
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама процесс
1-топ ҚФБ
Кең­се қыз­мет­ке­рі
2-топ ҚФБ
Бас­шы­лық
3-топ ҚФБ
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
№ 1 әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, алушы­ға қа­был­дау ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Дін іс­те­рі агент­ті­гі­нің тір­кеу мөр­та­ба­сы (кі­ріс нө­мі­рі, кү­ні) қой­ы­л­ған өті­ніш не қол­да­ухат кө­шір­ме­сін бе­ру,  құ­жат­тар­ды тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу және олар­ды бас­шы­лық қа­ра­уы­на бе­ру
№ 2 әре­кет
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ға тап­сы­ру ту­ра­лы қа­рар жа­зу
№ 3 әре­кет
Қа­рас­ты­ру және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уә­ждел­ген жа­у­ап­ты дай­ын­дау
№ 4 әре­кет
Қа­рас­ты­ру және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уә­ждел­ген жа­у­ап­қа қол қою
№ 5 әре­кет
Қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уә­ждел­ген жа­у­ап­ты тір­кей­ді және қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта қол­ма-қол не по­шта ар­қы­лы алушы­мен көр­се­ті­л­ген ме­кен­жай­ға жол­дау
«Республика аумағындағы шетелдік діни
бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни
орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни
бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу»
Мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Алушының Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне өтініш жасаған кезде өзара әрекеттесіп жұмыс істеу схемасы

Қолданыстағы