Құжат мәтініне өту

О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Целиноградского района

Өзге акт · № 80/11-5 · қабылданған 14.12.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70198/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Целиноградского района Қолданыста Өзге акт ·№ 80/11-5 ·14.12.2012
02.04.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Целиноградского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 80/11-5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Целиноградского района
Атауы (қаз.)
Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
80/11-5
Қабылданған күні
14.12.2012
Көрсетілген редакция
02.04.2014 70198_192993.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12BQ003614
ЭКБ идентификаторы
70198
Редакция идентификаторы
70198_192993
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:26

0 Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 2 тармағына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына келесі әлеуметтік қолдау шаралары:

1 1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру түрінде;

2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.

2

2. «Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2012 жылғы 28 мамырдағы № 46/6-5 Целиноград аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-178 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 шілдеде «Призыв», «Ұран» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі А.Үйсімбаев
«Целиноград ауданының
экономика және қаржы
бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығы Ә.Ыбраева

Қолданыстағы