Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача справок о наличии личного подсобного хозяйства"

Қаулы · № 424/9 · қабылданған 25.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70201/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача справок о наличии личного подсобного хозяйства" Күшін жойған Қаулы ·№ 424/9 ·25.12.2012
20.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача справок о наличии личного подсобного хозяйства"

Күшін жойған Қаулы ·№ 424/9 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача справок о наличии личного подсобного хозяйства"
Атауы (қаз.)
"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
424/9
Қабылданған күні
25.12.2012
Көрсетілген редакция
20.06.2013 70201_180552.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PM003342
ЭКБ идентификаторы
70201
Редакция идентификаторы
70201_180552
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:11

0 "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" № 745 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мақсатында Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.И. Воробьевке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметінің регламенті

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 424/9 қаулысымен
бекітілген
"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 қаулысымен бекітілген "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" стандарты (әрі қарай - Стандарт) сәйкес дайындалды.

2

2. Мемлекеттік қызмет Шарбақты ауданы ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелерімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша демалыс пен мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін ұсынылады.
Сондай-ақ балама негізінде Шарбақты ауылы, Чайко көшесі, 45 мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ұсынылады (әрі қарай - орталық).

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама (қағаз жеткізгіште) не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты уәкілетті орган ғимаратында, орталықта орналасқан стенттерден алуға болады.

6 6. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Шарбақты ауданы әкімдігі ресми сайтында www.sharbakty.pavlodar.gov.kz. орналасқан.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекет (өзара әрекеттілік) реттілігінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

2 2) өтініш беруші өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің ең жоғары шекті уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;

3 3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғары шекті уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Стандарттың 16-тармағында қарастырылған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

10 10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзі, немесе сенімхат негізінде әрекет ететін сенімді өкіл келгенде ұсынылады.

11 11. Мемлекеттік қызмет алу үшін стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

12 12. Уәкілетті орган құжат мазмұны туралы ақпараттарды сақтау, қорғау және құпияда сақтау қажет.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне тұтынушының уәкілетті органға тікелей өтініш беруі кезінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады:

1 1) уәкілетті органның маманы;

2 2) ауылдық және ауылдық округтің әкімі.

14 14. Осы регламенттің 2-қосымшасында әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір құрылымдық-функционалды бірліктер қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.

15 15. Осы регламенттің 3-қосымшасында олардың сипаттамасына сай іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) мен құрылымдық-функционалды бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін нобайы ұсынылған.

4

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

16 16. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олардың шешім қабылдау мен әрекетімен (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.

31 Шарбақты ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімінің аппараттарының тізбесі

"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызметінің
регламентіне 1-қосымша
Шарбақты ауданының ауыл және ауылдық
округтері әкімінің аппараттарының тізбесі
№ р/қ
Ауылдық округтерінің атауы
Ауылдық округ әкімдерінің мекенжайы
Телефон нөмірі
Заңды мекенжайы
Сайттың мекенжайы
1
2
3
4
5
6
1.
"Александровка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Александровка а/о Жаңа-ауыл ауылы
(8 718 2)787151
Александровка ауылы 50 лет Октября көшесі, 27
жоқ
2.
"Алексеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Алексеевка а, Николаевка а, Құрғамыс а, Бөріктал а
(871836)21537
Алексеевка а, Молодежная көшесі, 23
жоқ
3.
"Галкин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Галкин а, Арбаиген а, Құлат а, Ботабас а
(871836) 33404
Галкин а, Ленин көшесі, 1
жоқ
4.
"Жылы-Бұлақауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Жылы-бұлақ а, Қосқұдық а
(871836)21518
Жылы-Бұлақ а, Ф. Сәдуақасов көшесі, 23
жоқ
5.
"Ильичевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Богодаровка а, Аникино а
(871836) 40440
Богодаровка а, Школьная көшесі, 33
жоқ
6.
"Қарабидай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Сахновка а, Марьяновка а
(871836)22079
Сахновка а
жоқ
7.
"Красиловка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Красиловка а,
(871836)23100
Красиловка а,
жоқ
8.
"Назаровка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Назаровка а, Каховка
(871836)40310
Назаровка а, Победа көшесі,11
жоқ
9.
"Орловка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Орловка а,
(871836)29766
Орловка а, 1 май көшесі, 33
жоқ
10.
"Сосновка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Сосновка а, Заборовка а, Софиевка а, Сретенка а
(871836) 21687
Сосновка а, Ворошилов көшесі, 23
жоқ
11.
"Северный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Северный а, Аникино а
(87183621174
Северный а, Калинин көшесі,20
жоқ
12.
"Татьяновка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Татьяновка а, Малиновка а
(871836)40520
Малиновка а
жоқ
13.
"Хмельницкий ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Хмельницкий а, Көлбұлақ а
(871836)26398
Хмельницкий а, Ленин көшесі
жоқ
14.
"Чигиринов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Чигириновка ауылы Есілбай а
(871842)28826
Чигириновка а, Есілбай а, Школьная көшесі
жоқ
15.
"Шалдай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Шалдай а, Садық-Ащы а, Бозалаң а, Сүгір а, Шошқалы а
(871836)32242
Шалдай а,
жоқ

32 Құрылымдық-функционалдық бірліктердің іс-әрекеттерінің сипаттамасы

"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызметінің
регламентіне 2-қосымша
Құрылымдық-функционалдық бірліктердің
іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)
1.
Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) N
1
2
3
2.
Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы
Уәкілетті органның маманы
Ауылдың немесе ауылдық округтің әкімі
Уәкілетті органның маманы
3.
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
өтінішті тіркеу, шаруашылық кітабы бойынша мәліметтерді тексеру
Анықтамаға немесе тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсыну-дан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою
Шығыс құжат айналымы журналына тіркеу
4.
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)
Анықтаманы толтыру және қол қою немесе тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты жазу
Анықтама немесе тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсыну-дан бас тарту туралы дәлелді жауап
Анықтама немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру
5.
Орындалу мерзімдері
10 минуттан аспайды
5 минуттан аспайды
5 минуттан аспайды

33 Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтама беру үдерісінің сызбасы

"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызметінің
регламентіне 3-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығының болуы
туралы анықтама беру үдерісінің сызбасы

Қолданыстағы