Құжат мәтініне өту

Об утверждении ежедневных электронных форм отчетности товарных бирж, правил их представления

Қаулы · № 1707 · қабылданған 28.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70234/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении ежедневных электронных форм отчетности товарных бирж, правил их представления Күшін жойған Қаулы ·№ 1707 ·28.12.2012
08.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении ежедневных электронных форм отчетности товарных бирж, правил их представления

Күшін жойған Қаулы ·№ 1707 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении ежедневных электронных форм отчетности товарных бирж, правил их представления
Атауы (қаз.)
Тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1707
Қабылданған күні
28.12.2012
Көрсетілген редакция
08.09.2015 AI70234_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001707
ЭКБ идентификаторы
70234
Редакция идентификаторы
AI70234_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:07

0 Тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы

«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандары;

2 2) тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын ұсыну қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1707 қаулысымен
бекiтiлген
Тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандары*
1
Та­у­ар бир­жа­сы­ның ата­уы
2
Есеп­ті са­уда сес­си­я­сы­ның кү­ні
3
Әр­бір жа­сал­ған бир­жа­лық мәмі­ле бө­лі­ні­сін­де­гі ақ­па­рат
бир­жа­лық мәмі­ле нө­мі­рі (бир­жа­ның есеп­ке алы­нуы бой­ын­ша)
бир­жа­лық мәмі­ле­ні тір­кеу кү­ні және уа­қы­ты
бир­жа­лық мәмі­ле жа­сал­ған бир­жа­лық та­у­ар­дың ата­уы не ко­ды
бир­жа­лық та­у­ар­дың өл­шем бір­лі­гі
бир­жа­лық мәмі­ле жа­сал­ған та­у­ар­дың мөл­ше­рі
бир­жа­лық мәмі­ле жа­сал­ған та­у­ар бір­лі­гі­нің ба­ға­сы
бир­жа­лық мәмі­ле­нің жал­пы ба­ға­сы
бир­жа­лық мәмі­ле­нің ва­лю­та­сы
бир­жа­лық мәмі­ле бой­ын­ша са­тып алушы­ға/са­ту­шы­ға қыз­мет көр­се­те­тін бро­кер­дің ата­уы және оның са­лық тө­ле­у­ші­нің тір­кеу нө­мі­рі (СТН)
4
Әр­бір бир­жа­лық та­у­ар бө­лі­ні­сін­де­гі ақ­па­рат
мәмі­ле­лер са­ны
тон­на­лық кө­лем­де
тең­ге ай­на­лы­мын­да
5
Есеп­ті­лік­ті ұсы­ну кү­ні және уа­қы­ты
Ескертпе*:
кодтарды пайдаланған жағдайда есепте олардың толық жазылуы келтірілуі тиіс;
есептегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгеде көрсетіледі;
есепті жасау кезінде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңге болып белгіленеді.

1 Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1707 қаулысымен
бекiтiлген
Тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын ұсыну қағидалары

1

1. Тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын ұсыну қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауар биржаларының есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын ұсыну тәртібін белгілейді.

2 2. Тауар биржалары сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) мерзімді келісімшарттарды қоспағанда, тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын (бұдан әрi – есеп) ұсынады.

3 3. Есеп тауар биржасының уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында күн сайын, есепті күннен кейінгі жұмыс күні Астана уақытымен сағат 10.00-ден кешіктірілмей уәкiлеттi органға ұсынылады.

4 4. Есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желi бойынша уәкілетті органның электрондық мекенжайына берілген сәттен бастап жіберілген болып саналады.

5 5. Электрондық құжат нысанындағы есеп уәкілетті органның ақпараттық-коммуникациялық желiсінде тіркелгеннен кейін келіп түскен болып саналады.

6 6. Есепті алу туралы хабарлама есепті алу фактісі мен уақыты және тауар биржасы уәкілетті тұлғасының жіберушісі туралы деректерді қамтуы тиіс. Егер тауар биржасының уәкілетті тұлғасына хабарлама келіп түспеген жағдайда уәкілетті орган есепті алмаған болып саналады.

Қолданыстағы