О повышении базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық ставкасын жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15-60
- Қабылданған күні
- 24.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2015 70254_275134.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DL002278
- ЭКБ идентификаторы
- 70254
- Редакция идентификаторы
- 70254_275134
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:13
0 Жер салығының базалық ставкасын жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы, 1-тармағының, 15-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген, автотұраққа (паркинг), автомобильге май құю станциялары мен казиноға бөлініп берілген (арналған) жерлерді қоспағанда, төмендегі көрсетілген жер категорияларына, жер салығының базалық ставкасы 50 процентке жоғарылатылсын:
1 1) ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерге.
2 2) жеке тұлғаларға берілген, ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерге.
3 3) елді мекендегі жерлерге (үй жанындағы жер телімін қоспағанда).
4 4)елді мекеннен тыс орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне.
2
2. Қаратал ауданы мәслихатының 2010 жылғы 19 қазанындағы № 40-193 "2011 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 24 қарашасындағы 2-12-163 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 03 желтоқсандағы аудандық "Қаратал" газетінің 50 (7106) нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, көлік және байланыс, жерді пайдалану, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органынан мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
24 желтоқсан 2012 жыл