О повышении базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық ставкасын жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15-60
- Қабылданған күні
- 24.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2015 70254_275134.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DL002278
- ЭКБ идентификаторы
- 70254
- Редакция идентификаторы
- 70254_275134
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:13
0 Жер салығының базалық ставкасын жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы, 1-тармағының, 15-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген, автотұраққа (паркинг), автомобильге май құю станциялары мен казиноға бөлініп берілген (арналған) жерлерді қоспағанда, төмендегі көрсетілген жер категорияларына, жер салығының базалық ставкасы 50 процентке жоғарылатылсын:
1) ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерге.
2) жеке тұлғаларға берілген, ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерге.
3) елді мекендегі жерлерге (үй жанындағы жер телімін қоспағанда).
4)елді мекеннен тыс орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне.
2. Қаратал ауданы мәслихатының 2010 жылғы 19 қазанындағы № 40-193 "2011 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 24 қарашасындағы 2-12-163 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 03 желтоқсандағы аудандық "Қаратал" газетінің 50 (7106) нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, көлік және байланыс, жерді пайдалану, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органынан мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
24 желтоқсан 2012 жыл